Армысың, әз-наурыз Наурыз туралы нақыл сөздер

«Армысың, әз-Наурыз!»
Ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл - күй сыйлау мен бірге қуаныштарын үлкендермен бірге бөлісуге өзінің жақын адамдарымен қуанышта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні Әз -Наурыз туралы айта отырып наурызға байланысты өлең, тақпақ, би билеп, ұлттық ойындар ойпау арқылы еліне, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Наурыз туралы нақыл сөздер, «Айтыс» ойыны домбыра, « Тақия»ұлттық ойыны тақия, Көрініс салт - дәстүр «Тоқым қағар» ер тоқым, Ата - аналармен ойын «Әуеніңді тап» ноталар пішіні, Суреттер наурыз мерекесіне байланысты.
Ертеңгілік барысы:
Ұйымдастыру: Құрметті қауым! Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мұсылман қауымның ұлттық мерекесі. Наурыз жыл басы. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз. Бұл күні ата -әжеміз, ата- анамыз үй-үйді аралап тілек бата айтады, «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» - деп. Бүгінгі « Қошақан» тобындағы « Армысың, Әз- Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз Хор: «Көктем» Ерсінай: Күн мен айға әлемнің Берем ыстық сәлемін Қарттарыма сүйсініп Сәлем берем иіліп Нұрғай: Сәлем ата - аналар, Айналайын балалар . Қыдыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда. Махаббат: Ау жарандар келіндер Той қызығын көріңдер Наурыз айға бас иіп Күнге сәлем беріңдер Іңкәр: Күн мен айға әлемнің Берем ыстық сәлемін Қарттарыма сүйсініп Сәлем берем иіліп Орындалды ойларың Әділет: Тақпақ айтам жыл басы Құлағын сап тыңдашы Бар бөбекке өзіңдей Тыныш өмір сыйлашы Гауһар: Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән салып, жас кәріміз Би билейміз бәріміз
Хор: «Наурыз - ай » Тәрбиеші: Ел болғасын даусыз болмаған. Елдің естісіде, есеріде бар. Жер дауы, Ел дауы, Мал дауын билр шешіп төрелік айтқан . Қазақ халқы үш жүзге бөлінген. Әр жүзі өз билері билеген. Олар: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би. Осы билердің нақыл сөздерін тыңдайық.
Төле би- Мадияр: Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Әйтеке би- Наурыз: Су алмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да, Уақыты жеткенде, Қурамайтын қырақ жоқ. Қазбек би- Нұрасыл: Өркенім өсін десең - Кекшіл болма Кесапаты тиер елге Елім өссін десең - Өршіл болма Өскеніңді өшірерсің Айғаным: Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз. Диас Қ: Күннің жаңа нұры бар Мұның ғажап сыры бар Халық сүйген мейрам бұл Қарсы алайық тұрыңдар Қарақат: Ашық болсын күніміз Ашылады нұрымыз Бай тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз Нұртуған: Күн менен түн теңелді Күде ұзарамын мен енді Гүл мен жерді жайнатып Гүлден наурыз сен енді Диас О: Жайнатамын гүл - гүлді Сайратамын бұлбұлды Мерейлі жұрт тойласын Мейрам етіп бұл күнді Ойын: «Тақия» Шарты: Балалар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей шамада дөңгеленіп отырады. Әуен ойналады. Әуен тоқаған да тақияна бір-бірінің басына кигізе қоюы керек. Кигізе алмаған бала ойыннан шығады. Ең соңында қалған бала жеңімпаз болып сыйлық алады. Анелья: Қудым жерден суықты Қырдан салқын бу ықты Құтты болсын мерекең Наурыз айы туыпты Балдырған: Наурыз тойы береке Науруз тойы жыр - аңыз Қызық дулы мереке Қызық думан құрамыз Шарапат: Күттіріп келген жыл басы Бізбен бірге жырлашы Дастарханға елімнің Береке ырыс сыйлашы Ботагөз: Әнімде саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде Қуаныш сыйлап еліме Күлімде, наурыз күімде Арай: Той пердесін ашайын Тойға шашу шашайын Той шашуға тойыңдар Бұдан кейін ойын бар Алдар аға ән айтсынт Кәне құлақ қойыңдар Айберген: Мне Алдармын, Алдармын Досымын адал жандардың Жақсыға талай серік боп Жаманды толай алдадым
Хор: «»
Мерекелік ән - шашу.
Жеке ән: «Кәнекей тілім сөйлеші» Арай
«Тоқымқағар»дәстүрі Мақсаты: Қазақ халқының ұмыт қалған дәстүрі тоқымқағар дәстүрін балаларға көрсетіп, бірге ойнау. Ұлттық салт - дәстүрге деген сүйспеншілігін артырып, құрметтеуге тәрбиелеу. Керекті жабдығы: Ер тоқым, ат әбзелдері, ұлттық тағамдар. Барысы: Би. «Тұларлар» Бір топ ұлдар Жеке ән: «Көзімнің қарасы»Нұрасыл Жеке ән: «Кеш жарық»Ершат, Айсәуле Би: «Құстар»Бір топ қыздар
Айтыс ойыны Айтыс өлеңдері халық педагогикасында өзіндік орны бар. Айтыс өнері - қазақ халқының сүйіктіде әсерлі өнері, халықтық тәрбиелік мәні зор.
Ұл бала мен қыз бала айтысы Ершат: Қасқыр, қасқыр қара ала, Бауыр жүні сары ала. Біздің қойды арала, Қыздардың қойын жарала. Ерсінай: Қасқыр, қасқыр қарасың, Қайда кетіп барасың. Мына баланы жей ғой, Қойды қайдан табасың. Ершат: Қасқыр, қасқыр қарала, Өтірікке қарама . Қой болмаса далада, Мына қызды жарала. Ерсінай: Мың төбетім бар еді, Қасқырларды алады . Содан кейін қап бәлем, Тап өзіңді табады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz