Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Ата заңымыз айбатты


<<Ата заңымыз - айбатты>>

Мақсаты:Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын
сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата
заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің
суреттері,Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар мен ұстаздар, бүлдіршіндер!
Сіздерді бүгінгі өтетін <<Ата заңымыз - айбатты>> атты
ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Қазақстан- егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым - елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Нұркелді: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым ,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда
Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата заң күнін атап
өтеміз. Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп
отырғанымыз - мына біздер, ал Ата заңымыз - еліміздің
рәміздерінің бірі.
Аружан: Ата- бабам тұлпар мініп айқасқан,
Әрбір сөзге кесек- кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел президенті сайланды,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.
Кәусар: Көк байрағы даламның,
Бүгінгі ұрпақ жалауы.
Тірегі әке- баланың,
Қазақстан жалауы.
Назерке: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Көрініс. <<Ата заңымызды білейік>>

Жүргізуші: Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер.Ал енд Ата заңда
әрбір азаматтың борышы, басқа азаматтардың мемлекеттегі
ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген.

Зере: Ынтымақ, достық, тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі,
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Ақжібек: Әрбір жан ойы қосылған,
Құрмет көрер досынан.
Бірлігі елдің қашанда,
Нығайсын деген осы заң.
Лезген биі. Орындайтындар : Наурызбек, Бейбарыс, Дәулет,Расулолла.
Нұрболат: Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан-жақты
<<Қазақ>> би. Орындайтындар қыздар тобы
Дәулет: Ата заңым - бабалардың лебізі,
Ата заңым - барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Жүргізуші: Күні бүгін ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата-
заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет
етеді деп сенеміз. Ертеңгілігімізді аяқтай келе, сөз кезегін
балабақшамыздың директоры
Есбергенова Лаззат Айекенқызына береміз.
Көріп , тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

<<Боранқұл балабақшасы>> МКҚК
<<Қарақұм>> бөлімшесі

Өткізген: Ақмоншақ Смайлова


Ұқсас жұмыстар
Ата заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі
Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан туралы ақпарат
Әділ қазылар құрамы
Ата заңым
Тәуелсіздік күні
Шырқалғанда әнұран
Конституция - дамудың негізі
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
Ел -туымен тұғырлы,әнұранымен айбатты,елтаңбасымен еңселі
Азаттықтың ақ таңы
Пәндер