Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы: Мен елімді сүйемін және Әдептілік - тәрбие мекені

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы:« Мен елімді сүйемін»

Мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Оқу іс- әрекетінің әдіс - тәсілі: сұрақ- жауап, өлең жолдары, ойын.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, асық, суреттер.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы күш
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Шаттық шеңбер құрады:

Туға мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап,

Біздің елдік рәміздер.

(әнұран орындалады)

Балалардың іс- әрекеті: Балалар шаттық шеңбер құрып, әнұранды орындайды.
Әрекет кезеңдері: Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Тәрбиеші балаларға Қазақстанның рәміздері:

Ту, елтаңба, әнұран туралы түсінік береді.

Тәрбиеші балаларға

Ө. Тұрманжановтың

«Отан» өлеңін

оқиды:

Бәрі сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.

Тәрбиеші сұрақтар қояды.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Туған ауылымыз қалай аталады? Ауылдарың өздеріңе ұнай ма?

-Отан туралы кім өлеңдер оқиды?

Сергіту сәті үйымдастырылады.

Тату- тәтті достармыз,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Отырмаймыз босқа біз,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз,

Ән шырқап,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оң жақтағы досына, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма. Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап, жел көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар, кім туған жер, Отан туралы мақал- мәтелдер оқиды?

Балалардың іс- әрекеті:

Балалар өлеңді тыңдап,

бірге жаттайды.

Отан деген - туған жер, туған қалам, туған ауылым.

Боранқұл - біздің туған ауылымыз. Біз сол ауылда туып өстік.

Ауылымыз өзімізге ұнайды.

Наурызбек:

Отаным - менің ауылым,

Әкешім, ана, бауырым.

Отанның сүйем құм, тасын,

Сүйемін, қарын, жауынын.

Сергіту сәтін орындайды.

Бейбарыс:

Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

Ақжібек:

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Әрекет кезеңдері: Рефлексті коррекциялаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң, әр дұрыс жауап беру керек. Ойын шарты:

Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек.

Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек.

Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек.

Қорытындылау.

Балалардың іс- әрекеті:

Балалар ойынды ойын

шартымен ойнайды.

Балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған еліміз, Отанымыз туралы білуі керек;

Болуы керек: Туған еліміз туралы түсінігі;

Баланың қолынан келуі: Тәрбиешінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап беріп, туғанеліміз, Отанымыз туралы өлеңдерді жатқа білуі;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы : « Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі : Айналамен таныстыру, математика,

тіл дамыту, сурет.

Тақырыбы : «Әдептілік -тәрбие мекені»

Мақсаты : Білімділік : балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,

кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштігіне, өз халқының

салт- дәстүрін үйрете отырып, жаман әдеттерден аулақ

болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық : балалардың сөздік қорларын дамыту, толық

сөйлем құрап айтуға үйрету, өз ойларын еркін

жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік :таным белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін

дамыта отырып, шығармашылық қабілетін көрсету.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер, көрініс «Көшеде»,

«Автобус ішіндегі бала», бейнетаспадан «Жаман жолдас» әңгімесін

көрсету

Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы күш
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбер

Амандасу-үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қәнеки, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме, апайлар!

Балалардыңіс-әрекеті: Балалар амандасады.
Әрекет кезеңдері: Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, біздерге бүгін айналамен таныстыру ашық оқу іс-әрекеті өтеді. Біздер өткен оқу іс-әрекетімізде қысқы табиғат тіршілігін тамашалағанбыз. Қыста бізді қандай қызықты ерекшеліктер қызықтырады.

-Өте дұрыс. Ойын кезінде тату-тәтті ойнап, әдептілік сақтаймыз.

-Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

-Әдепті бала қандай бала деп ойлайсың?

-Әдепсіз бала қандай бала деп ойлайсың?

Көрініс: «Көшеде»

Көрініс: «Автобус ішіндегі бала»

-Кім әдептілік туралы тақпақ оқиды?

-Кім әдептілік туралы мақал-мәтелдер біледі?

-Жарайсыңдар!

-Енді мен сендерге Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әнгімесін айтып берейін. Теледидарға қарай отырып, мені құлақ салып тыңдаңыздар.

Екі досқа ат қойып алайық

Әнгімені қорытындылау.

-Әнгіме сендерге ұнадыма?

-Қанат пен Мұрат қайда келе жатыр еді?

-Олардың алдынан не шықты?

-Қанат қайда тығылды?

-Мұрат не істеді?

-Аю Мұраттың құлағына не деп сыбырлап кетті?

Мұндай жолдасты қандай жолдас дейміз?

Балалар біздер математика оқу іс-әрекетінде санауды да үйреніп қалдық.

-Орманда қанша бала бар екен?

-Неше аю бар?

-Аюдың түсі қандай?

-Көлемі ше?

-Орманда қанша ағаштар өскен екен?

-Кімдер әдептілік тақпақ біледі?

Сергіту сәті ұйымдастырылады:

(«Қуырмаш» әнімен)

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй-әй, балақан,

Жамандықтан қаш.

Балалар сіздер бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы жауап беріп, көңілді қатыстыңыздар.

Ақ қағаздағы салынған суреттің ішіне көз, мұрын, ауызды сала отырып, көңіл күйлеріңді білдіріңдер.

Тәрбиеші үлгісін көрсетеді.

Балалардың салған суретін тәрбиеші көрсетеді

Д/қ ойын: «Жалғасын тап»

Мақсаты: Тәрбиеші бастапқы сөзін айтады, балалар ойланып жалғастыру керек.

а) Үлкендердің алдынан-

ә


Ұқсас жұмыстар
Х дыбысы мен әрпі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Геометриялық пішіндер мен Күзгі ағаш бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Көгалда серуендеген балапандар тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Алтын күз: тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Балабақшада Л дыбысы мен әрпі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дәрігер Айболит бізде қонақта: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепке дейінгі даярлық тобының Валеология мен Экология бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық карталары және Қоңыр күз ертеңгілігі
Денсаулыққа бағытталған дене шынықтыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №2: Табиғи оркестр (Экология негіздері)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz