Ежелгі дәуір әдебиеті 8-сынып

Түсініктеме
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде жасалынды.
Бағдарламада бүкіл қазақ әдебиеті тарихының тұтас күйін ойда ұстай отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің тарихи орнын, мән-маңызын аңғарту, сөйтіп оқушы бойында біртұтас әдеби сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру мақсат етіліп қойылды. Ежелгі дәуір әдебиеті ұғымын оқушылар ертедегі ауыз әдебиетінен ажырата білуге, ежелгі дәуір әдебиеті деп оқылатын шығармалар қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қазынасы екенін пайымдауға тиіс болады. Ежелгі дәуір әдебиеті қазіргі қазақ тілінен едәуір өзгешеліктері бар көне түркі тілінде жазылғандығын, солай бола тұра оның болмысы, мазмұн-мәні қазақ әдебиеті тарихының іргетасы болып табылатындығын меңгертуді көздейді.
Әдебиеттегі кереметтердің бірі болып табылатын Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан мол көлемді құлыптастарға ойылып жазылған жырлар біздің төл жазба әдебиетіміздің басы болуымен де аса құнды екені меңгертіледі. Күлтегін жырларының табылу тарихынан, оның қазіргі қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру оқушылар қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жыршы тастардың, ақын тастардың Талас бойынан да табылғаны қазақ жазба мәдениетінің әріден келетін тарихының орнықты, дәйекті екенін көрсететініне көңіл бөлінеді.
«Қорқыт ата кітабы» деп аталатын жинақтың ішінде он екі жыр топтастырылғанын, олардың әр түрлі дербес жырлар бола тұра ерлік пен ізгілік мәселелерін қатар өріп отыратыны көрсетіледі.
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері ішінде «Оғыз нама» сияқты қара сөзбен жазылған шығармалардың да бар екені қазақ жазба прозасының желісі сонау бұрынғы замандардан таратылатынын ұғындыруға назар аударылды. Бұның өзі ұлттық сананың жан-жақты қалыптасуына әсер етеді.
Ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Иассауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари т. б. мұраларын оқыту оқушылар түсінігі үшін аса күрделі екені ескерілді. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр ететін ғажайып дастандардың озық үлгілері қамтылды. Бұл әдебиет үлгілерінде ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу т. б. кең көлемде сөз болады. Мұның бәрі бала тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.
Мақсаты:
Ежелгі дәуір әдебиетінің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктері, көркемдік сипатын таныту. Оқушы бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты егу. Ежелгі мұраларымызды өнер табиғатына сай оқи білуін, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Міндеті:
Танымдық бағыт бойынша:
1. Көркем шығармалардағы сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге баулу.
2. Оқушыларға әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.
3. Туындының адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру.
4. Шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, жеке сөз қолданыстардың шығармадағы көркемдік-эстетикалық жүгін түсіне білулерін қамтамасыз ету.
5. Шығарма әлеміне оқушыны енгізе отырып, ой қозғалысына жетелеу, көркем туындыға қызығушылығын арттыру.
Практикалық бағыт бойынша:
1. Оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашыл тұлға қалыптастыру.
3. Өзіндік ой пікірін айта білуге, дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін білімді әрі мәдениетті тұлға.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары
1. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін өз бетімен ізденіп оқу.
2. Әдебиет үлгілерінің мән-маңызын, ерекшіліктерін тани білу.
3. Берілген деректерді жинақтап қорытынды шығара білу.
4. Шығармалардың тарихи-әлеуметтік мәні мен әдеби сипатын дұрыс аңғара білу.
5. Ежелгі мұралардың сюжетін, композициялық құрылысын, стильдік ерекшеліктерін, идеялық- көркемдік маңызын түсіне білу.
6. Жырлардың поэтикалық тіліне талдау жасау .
7. Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыру жұмыстарын, сөздік жұмысын жүргізу.
8-сынып
Аптасына - 1 сағат. Барлығы - 34 сағат
Алтын Орда - қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
(ХІІ-ХІV ғ. ғ. )
Оқу курсының тақырып мазмұны
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы «Ана тілі» 1991 жыл
2. Ә. Әбіласан. «Көне сөздер құпиясы» Алматы 1995 жыл
3. Ә. Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» Алматы «Жазушы» 1986 жыл
4. Ә. Дербісалин. « Қорқыт ата» Алматы 1993 жыл
5. Б. Ысқақов. «Қорқыт ата» Алматы «Жазушы» 1994 жыл
6. «Орхон жазбалары» Алматы «Атлас» 2001 жыл
7. Қ. Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі» Алматы 1997 ж.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер
1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы «Ана тілі» 1991 жыл
2. Ә. Әбіласан. «Көне сөздер құпиясы» Алматы 1995 жыл
3. Ә. Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» Алматы «Жазушы» 1986 жыл
4. Ә. Дербісалин. « Қорқыт ата» Алматы 1993 жыл
5. Б. Ысқақов. «Қорқыт ата» Алматы «Жазушы» 1994 жыл
6. «Орхон жазбалары» Алматы «Атлас» 2001 жыл
7. Қ. Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі» Алматы 1997 ж.
Оқу деңгейін бақылау
1. Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу.
2. Өтілген тақырыптарға байланысты тест жұмыстарын алу.
3. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
1. Әдістемелік оқу құралы. 8-сынып Алматы . «Атамұра» 2009 ж.
2. Ұ. Байсақалова. «Шығармашылық жұмыстың түрлері». Алматы. «Мектеп» 1989ж.
3. М. Балақаев. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы 1989ж.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
5. «Білім шуағы» газеті
6. Ұ. Байсақалова. «Әдебиет сабағындағы шығармашылық жұмыстың түрлері» Алматы - 1991 ж.
7. Қ. Бітібаева. «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы»,
Өскемен -2002ж.
8. З. Ахметов. «Әдебиеттану». «Рауан». Алматы- 1998 ж.
9. С. Мақпырұлы. «Әдебиеттану». Алматы - 2000 ж.
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Тоныкөк
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоныкөк туралы мәлімет беру, жыр мазмұнымен, нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолдынан тұрады. Тоныкөк екінші шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлес қосқан кемеңгер.
«Тоныкөк» жырынан үзінді:
Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім.
Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.
Түркі халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандық құрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі былай деген екен
Хан бердім,
Ханыңды тастап, бағындың
Бағынғаның үшін
Тәңірі өлімші етті,
Түркі халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен
Ұлығы шад еді.
- Ілесіңдер - деді.
Ілескен мен едім -
Білге Тоныкөк.
«Топтастыру» стратегиясы
қағанның кеңесшісі уәзір
ұлы дана
күндіз отырмады,
түнде ұйықтамады ақыл-парасатты
мәңгілік мұра қалдырған көреген
«Бес жолды өлең»
1. Зат есім- Тоныкөк
2. Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.
3. Етістік - ақылшы болды, адал қызмет етті,
4. Сөйлем - Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.
5. Синоним - уәзір, ақылшы.
ІV Сабақты пысықтау
Білге Тоныкөк кім болды?
Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қорқыт шешендігі туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б. Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып, қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңіне жатқызады. Қорқыт, зерттеушілер пікірінше, оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VІІІ- ІХ ғасырларда өмір сүрген. Түрік ғалымы Константин Богародный Қорқытты ІХ ғасырда Дон бойындағы пешенелердің көсемі болған дейді. М. Қашқари пешенелерді оғыздардың бір тайпасы ретінде көрсетсе, енді біреулер оларды Дон қыпшақтардың бір бұтағы деп біледі.
Қорқыт Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан философ, ақылшы батагөй, асқан ақын, сәуегей шешен кісі болған. Шоқн Қорқытты «Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті, » - деп жазды. Ш. уәлихановтың суреттеуінше, бақсы - тылсым дарыған білгіш, өзі ақын, өзі музыкант, ол болашақты болжайды әрі дәрігер болады.
Бақсы деген сөз - түрікмен тілінде ақын, моңғол тілінд - үйретуші. Қорқыт туралы айтылған қазақ аңызарында Қорқыт халықтың кемеңгер ұстазы, кеңес беретін данасы, тарихи дәуірдегі асқан жырау, қазақтың күйшілерінің ұлы атасы.
Қорқыт айтты дейтін сәуегейлік сөздер қазіргі қазақ мақалдарының түпкі негізі болып табылады.
Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ мақал-мәтелдері
Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
Ежелгі жау ел болмас.
Ат қиналмай жол болмас.
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
ІV Сабақты пысықтау
Қорқыт нақыл сөздері мен қазіргі мақал-мәтелдердің ұқсастығы бар ма?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Тоныкөк
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоныкөк туралы мәлімет беру, жыр мазмұнымен, нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.
ІІІ Жаңа сабақ
Орхон жазба ескерткіштері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолдынан тұрады. Тоныкөк екінші шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлес қосқан кемеңгер.
«Тоныкөк» жырынан үзінді:
Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім.
Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.
Түркі халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандық құрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі былай деген екен
Хан бердім,
Ханыңды тастап, бағындың
Бағынғаның үшін
Тәңірі өлімші етті,
Түркі халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні ерткен
Ұлығы шад еді.
- Ілесіңдер - деді.
Ілескен мен едім -
Білге Тоныкөк.
«Топтастыру» стратегиясы
қағанның кеңесшісі уәзір
ұлы дана
күндіз отырмады,
түнде ұйықтамады ақыл-парасатты
мәңгілік мұра қалдырған көреген
«Бес жолды өлең»
1. Зат есім- Тоныкөк
2. Сын есім- ақыл-парасатты, дана, көреген.
3. Етістік - ақылшы болды, адал қызмет етті,
4. Сөйлем - Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болды.
5. Синоним - уәзір, ақылшы.
ІV Сабақты пысықтау
Білге Тоныкөк кім болды?
Оның ақыл иесі, сөз иесі екендігін жырға сүйене отырып дәлелдеңдер.
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Төнікөк жырын оқу, мазмұнын баяндау
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Түркі тілдерінің жинағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түркі халықтарының тілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Тіл адамдардың өзара түсінісу, қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін өтеу нәтижесінде пайда болды, қалыптасты, жетілді.
Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады. Түркі тілдері көне дәуір аталатын заманға дейін де алтай, ғұн дәуірі сияқты кезеңдерді бастан өткізген көрінеді. Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл - тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.
Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш - қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун - алтын, көңүл - көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.
Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар
1. Жалпытүркілік сөз соңында (ш) дыбысының орнына қазақ тілінде (с) дыбысы қолданылады. Таш - тас, қыш - қыс.
ана
іні
жүрек
тіс
Эне
Ини
Жүрөөк
тіш
Она
Ини
Юрак
тиш
Ана
Эне
Йөрек
теш
ІV Сабақты пысықтау
Ежелгі түркі жазулары мен қазақ тілінің арасында қандай ұқсастықтар бар?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Түркі халықтарының тіл ұқсастықтарын дәлелдейтін сөздер жазып келу
Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі түркі жазуларының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Ал жазба мәлімет, деректер түркі халықтарының тас кітаптарында жатыр. Түркілер оларды «бітіг таш» деп атаған. «Бітіг» жазу дегенді білдіреді. Сонда бұл - тастағы жазу деген сөз. Демек, ертедегі түркі халықтары өзіне тән алфавиттік жүйесі, емлесі бар жазуды дүниеге әкелген. Ескерткіштер сол замандағы түркі тектес халықтың бәріне ортақ тіл болған деуге болады. Ескерткіштердегі сөздердің басым көпшілігі қазір де сол қалпында қолданылады. Мысалы, ескерткіште тағ, таш, қазақ тілінде тау, тас.
Бұлардың қатарына үч- үш, қара, төрт, қыш - қыс, ата, апа, көз, арқа, тай, ат, ер, алтун - алтын, көңүл - көңіл сияқты толып жатқан сөздерді қосуға болады.
Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тіліне жатады. Оның басқа топтағы тілдерден мынадай айырмашылықтары бар.
Орхон- Енисей ескерткіштерінің әріп таңбалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz