"дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың" кеш

Тақырыбы: « Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың? »
Мақсаты : Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт - дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақырып, нақыл сөздер, шар, дастархан, слайд, шақыру билеті т. б
Жоспары:
1. Қонаққа ауыл қарттарын шақырып, қарсы алу
2. Құттықтау сөз кезегі
2. Өлең жолдары оқылады
3. Қарияларымызға сұрақтар қойылады
4. Концерттік бағдарлама
5. Дастарханға отырғызу
1-жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім? Әрине, қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кеш беташарын 7-сынып оқушысы Мыштаева Тәбияның орындауындағы «Сағындым әжем» әнімен ашамыз.
2-Жүргізуші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Кеш жарық! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы қонақтар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесімен тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Қарттар - біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай « Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың? » атты атты оқушылар шығармашылығына арналған кешімізге хош келдіңіздер!Олай болса осында отырған аталарымыз бен әжелеріміздің мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Кушекова Шолпан Иксанқызына береміз.
Ән: «Әке» Орындайтын: Қожамжарова Ақзия және Махутов Нұрхан
2-жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
1-жүргізуші:
Би: Қазақ биі 6-сынып оқушылары «Балдырған»
1-жүргізуші:
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2-жүргізуші:
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
1-жүргізуші:
Оқушыларымыздың әжелерімізге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
1-оқушы: Ағлен
Х ош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауһазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-оқушы: Нұрсұлтан
Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мерекешашулары.
3-оқушы: Ақұлан
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
4-оқушы: Әзиза
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
5-оқушы: Ақторғын
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
6-оқушы: Ақмарал
Қызық қайда, күн қайда мол шуақты
Өткен жылдар қояды зор сұрақты
Таяғына сүйеніп жүреді шал
Алған сыйы өмірден сол сияқты.
7-оқушы: Нағима
Үлкен сыйлау жасымнан әдет маған
Сәлем берем қарт ата, анаға кеп
Сәлем берем осынау қарияға
Көрмей кетсем өкпелеп қала ма деп
8-оқушы: Нұрзия
Бұл өмірде жүргендей тұз арқалап
Ашылмайды өмірде мұзарт қабақ
Менің жігіт шағыма қызыққандай
Тұрады ол соңыма ұзақ қарап
Желдей зулап таяқты кететіндей
Соңыма мен бұрылмай тарта берем
Мені қуып бұл қарттық жететіндей.
2-жүргізуші:
Рахмет балалар! Келесі әнімізді қабыл алыңыздар! Орындайтын: 9-сынып оқушысы Махутов Нұрхан «Анашым» әнімен.
1-жүргізуші:
Ислам
«Реніш» (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам - ай,
Шамалы - ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам - ай, шамалы - ау түсінігің…!
Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез - мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің - ай, балам - ай, мінезің - ай,
Кетпегей - ді мерт етіп, жарға сүйреп.
2-жүргізуші :
Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі - тәрбие.
Би: Қамажай биі Орындайтын: 6-сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар мен әжелер!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Көрініс:
2-жүргізуші: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: Ата - анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ
Әке - асқар тау,
Ана - бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.
Мақалбай ата: Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4-оқушы: Үлкеннің алдынан кесіп өтпе
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
Мақалбай ата: Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
7-оқушы: Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.
9-оқушы: Ақылды қария - ағып жатқан дария.
10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
11-оқушы : «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
12 - оқушы: «жақсы үленді қадірлесе - құт болар. »
13- оқушы: «кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі»
14- оқушы : «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал - шашы ағарған кісіге ізет қыл. »
15- оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Мақалбай ата : Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Аумин!
1-Жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы - “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлыұлттық қасиеттеріміздің бірі.
Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққажолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.
1-Жүргізуші:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz