Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ұстазым, менің ұстазым жайлы ақпарат



Тақырыбы: <<Ұстазым, менің ұстазым!>>

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.

Көрнекілігі: тақырып,слайд, салют, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Барысы:
1. Ұстаздарға қойылатын талаптармен таныстыру
2. концерттік бағдарлама

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.

1- Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар! қош келдіңіздер! Ұстаздаымызды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Ғұлама, білгіш ғалымнанОқушы жас жалыннанМархабатты ойшылданМал өсірген қойшыданЖазушыдан, ақыннан,Космонавтан, батырдан,Өнері тасқан артистен,Ырыс қазған шахтерден,Мың бұралған бишіденОй тербеткен күйшіденСіздерге бүгін мың алғыс - дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Кушекова Шолпан Ықсан қызына береміз.

1-Жүргізуші: рахмет!

Мұғалім: Құрметті қонақтар байқауымызды бастамас бұрын айта кетейін
Мектепте ұстаздар мерекесіне орай оқушылар арасында 7 номинация бойынша сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
1. Ең белсенді ұстаз - Жұмағалиева Рима2. Ең сұлу ұстаз - Молдашева Салтанат3. Ең білімді ұстаз - Бримбетова Мадина 4. Ең қамқор ұстаз - Аденова Гауһар5. Ең ардақты ұстаз - Жалмағанбетова Гүлнар6. Ең мейірімді ұстаз - Рахматуллина Дәметкен7. Ең сүйікті ұстаз - Жұмағалиева Ақмарал
2-жүгізуші:
Кім ұғады оқушының тілегін, Кім ұғады оқушының жүрегін. Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң, Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.Оқушыға мейірі мол анадай, Ол қуанса, қуанады баладай. Түсе қалса, қабағы мен қасы егер, Жұбатады жылы сөйлеп аялай. Үйретеді жалықпастан өнеге, Отырығызып білім атты кемеге. Теңіздейін тереңіне бойлатып, <<Маржан>> терсе, көтереді төбеге. Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына, Асып - тасып мерейленіп тағы да -Міне, менің шәкірттерім осындай,-деп, өткенін еске сағына. Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы, Өзендердей ортаймайтын арнасы. Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен, Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!

Ұстаздарымызға 9 - сынып атынан өлең жолдарымен шағын ғана сыйлығымызды ұсынамыз. Қабыл алыңыздар !
* Жүргізуші:Ұстаздар мерекесіне орай бүгін жас мамандарымызды да сыннан өткізгелі тұрмыз.

Қатысатын жас маман апайлар:
2-Жүгізуші:
* Молдашева Салтанат апай
1-жүгізуші:
* Жылқыбай Гүлмайда апай
2-жүгізуші:
* Бримбетова Хадиша апай
1-жүгізуші:
* Қасымова Аяна апай
2-жүгізуші:
* Кузаков Алтынбек ағай

Төмендегі шарттар бойынша өнер көрсетеді:

Байқау шарты:
* Менің бейнем (өзін-өзі таныстырады, жүріс-тұрысы бағаланады, презентация, әр түрлі жанрды қолдануға болады)
* Менің ұстазым (өз ұстаздары туралы сыр шертеді, шығарманың мазмұнын ашады)
* Өз өнері (қандай өнері бар. Ән, күй, би, қол өнері т.б.)
* Менің тілім (Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу (жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады))
* Білімдіге бес сауал (5 сұрақ қойылады)
* Ұстаз асханасы (аспаздық өнерлерін көрсетеді)
* Ыстық тілек (жас мамандар бір-біріне ақ тілектерін айтып, сыйлықтарын ұсынады)
Байқаудың әр шарты өз кезегінде түсіндіріліп отырады.

* Жүргізуші: Ұстаздарға әділ баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстырайық.

Мектеп директоры : Кушекова Ш.И
Оқу ісінің орынбасары: Жұмағалиева Р.А
Тәрбие ісінің орынбасары: Бримбетова М.Т


1- Жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын жас ұстаздарымызды қарсы алайық.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Ұстазы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал ұстаздарға тек сәттілік тілейікші!

2-Жүргізуші:
Өнер қуып ұстаздар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен ұстаздар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін - кезек ұстаздада

1-ші шартымыз <<Менің бейнем>>
Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
ұстазымыздың сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.

1 - ші жас маманымыз Молдашева Салтанат апайды шақырамыз

2-Жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Гүлмайда апай ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген
2 - ші жас маманымыз Жылқыбай Гүлмайда апайды шақырамыз

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,
Хадиша апайдай ер жүрек табылмас
3 - ші жас маманымыз Бримбетова Хадиша апайды шақырамыз

1-Жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, бота көзді, сұлу апай,
Аянадай ер жүрек апай табылмас
4 - ші жас маманымыз Қасымова Аяна апайды шақырамыз

Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Байқауға бүгін кеп қапты
Жүрек жұтқан бұл ағай
5 - ші жас маманымыз Кузаков Алтынбек ағайды шақырамыз

2- Жүргізуші
Әділқазы бағаларын береді.

Ән: Орындайтын: Жақсылық Ақторғын

2-ші шартымыз: Менің ұстазым (өз ұстаздары туралы сыр шертеді, шығарманың мазмұнын ашады)
* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай

Әділқазы бағаларын береді.

Би: Орындайтын:

3-ші шартымыз: Өз өнері (қандай өнері бар. Ән, күй, би, қол өнері т.б.)
Мен жаспын деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап тұрар бойында.
* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай
Әділқазы бағаларын береді.
Пародия 9сынып оқушыларын шақырамыз.

1- Жүргізуші:
4-ші шартымыз: Менің тілім (Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу (жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады))
* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай

Әділқазы бағаларын береді.

Би: Өзбек биі Орындайтын: Жалмұханова Луиза

2-Жүргізуші:
5-ші шартымыз: Білімдіге бес сауал (5 сұрақ қойылады)
* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай

№ 1
1. Әпкеңнің қызы саған кім?
2. Үш арсызды ата
3.Қыз ұзату деген не?
4. Аға әдепті болса, іні әдепті..................(апа әдепті болса, сіңлі әдепті)
5. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?
Б) көгершін *

№2
* Немере кім ?
2.Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.
3.Ата тұрып ұл сөйлесе ер жеткені болар,
(Ата тұрып қыз сөйлесе бой жеткені болар).
4. Жердің ауа қабаты ( Атмосфера * )
5.Сүйінші деген не?

№3

1. Шөбере кім?
2. Конституция күні 30 тамыз*
3.Қыз өссе елдің елдің көркі....(гүл өссе жердің көркі)
4.Ат қою деген не?
5. Ит жейде деген не?

№4
1. Бөле кім?
2. 1-10 арасында қанша жұп сан бар? 5 *
3.Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ...(Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес)
4. Келі деген не?
5. Сыбаға деген не?

№ 5

* Нағашың кім
* Әке көрген оқ жонар, .....(Шеше көрген тон пішер)
3.Исания астанасы?
4.Аластау деген не?
5. Жеті ғаламды ата?

1- Жүргізуші:

Әділқазы бағаларын береді.

Орындайтын: КВН 9-сынып оқушылары

2-Жүргізуші:

6-шы шартымыз: Ұстаз асханасы (аспаздық өнерлерін көрсетеді)

* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай

Әділқазы бағаларын береді.
Пародия Орындайтын: 8-сынып оқушылары

1- Жүргізуші:

7-ші шартымыз: Ыстық тілек (жас мамандар бір-біріне ақ тілектерін айтып, сыйлықтарын ұсынады)
* Молдашева Салтанат апай
* Жылқыбай Гүлмайда апай
* Бримбетова Хадиша апай
* Қасымова Аяна апай
* Кузаков Алтынбек ағай

Би: Испандық Орындайтын: Айсана мен Раушан

1-Жүргізуші: Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, ұстаздарымыздың жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.
Берілетін атақтар:
* <<Жас маман - 2013>>
* Білімді жас маман
* Тапқыр жас маман
* Өнерлі жас маман
* Ақылды жас маман
Ән: << Қазақ жастары>> Орындайтын: Ғасыр мен Мэлсбек


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білімнің бұлағы
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
Менің ұстаздарым
Менің алғашқы ұстазым Светлана апай
Менің ұстазым
Шашу еткен ұстазым
Ұстаз ұлы тұлға жайлы ақпарат
Орыс тілі
Ұстазым менің, ұстазым
Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні
Пәндер