Дарындылар додасы жайлы ақпарат

«Е. Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Математика пәнінің мұғалімі: Ш. Төкішова

Шығыс Қазақсатан облысы,

Аягөз ауданы

Мәдениет ауылы

Тақырыбы: Дарындылар додасы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі

анық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге үйрету.

Дамытушылық: Ұйымдасып, топпен және жеке шығармашылық

жұмыстармен айналысуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, сын көтере білуге

тәрбиелеу.

Түрі: кеш

Көрнекілігі : нақыл сөздер, математика жайлы ғалымдардың сөзі,

кестелер, карточкалар

Әдісі: сұрақ-жауап, проблеманы іздеу, ізденушілік

Жоспары: І. Топтардың таныстыруы, ұраны

ІІ. «Бәйге» (топбасшыларының сайысы)

ІІІ. «Кім жылдам?» (топтық жұмыс)

ІV. «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)

V. «Математикалық термин»

VI. Көрермендермен ойын

VII. Қорытынды, марапаттау

Барысы:

1-бастаушы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! « Дарындылар додасы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-бастаушы: Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың! - дей келе ортаға сайыскер командаларды шақырмақпыз. Қомандаларды шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін - әділ қазылар тобымен таныстырайын.

1-бастаушы : Біреуінің жүрегінің түгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар.

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Біреуінің дөңгелеген биі бар, - дей отырып, «Үшбұрыштар»тобын ортаға шақырайық, халайық! («Үшбұрыштар» тобы ортаға шығады)

2-бастаушы: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Төртбұрыштар» тобын, халайық!

Қол соғып қарсы алыңдар.

(«Төртбұрыштар» тобы ортаға шығады)

1-бастаушы: «Ақынжанды болмаған адам математик те бола алмайды» демекші кешімізді математикалық әнмен бастайық.

2-бастаушы: Командалардың өздерін таныстыруын тыңдаңыздар.

«Үшбұрыш» командасы:

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Мен үшбұрышпын,

Ылғи үштен тұратын.

Үш қабырға, үш төбе,

Үш бұрыш болар құрамым.

Қай элементімді санасаң,

Үштен асып көрген жоқ.

Өз алдыма бір елмін,

Ешкімге есе бергем жоқ.

Үшбұрыш деген атадан,

Үш ұл туып тарапты.

Әр қабырғалы - тұңғышы,

Тең бүйірлі - ортаншы,

Тең қабырғалы - кенжесі,

Ата салтын, дәстүрін,

Сақтауға олар жарапты.

Шамасына қарап бұрыштың,

Үшке тағы бөлінем.

Сүйір болып сүйкімді,

Доғал болып долбарлау,

Тіп-тік болып әдемі,

Оқушыма көрінем.

Бұрыштарым қосындысы

180 0 -қа тең болады.

Бір қабырғам ұзындығы

Қалған екеуі ұзындығының

Қосындысына кем болады.

Біздерді іздеп ғалымдар,

Ұзақ жылдар тер төкті.

Пифагор, Герон есімі

Шарлап кетті жер көкті.

Үш бұрыштың құпиясы салмақты,

Сол құпия көп әлемді жалғапты.

Үшбұрышта ұлылығы нығайған

Қазағымның «үш жүзі» ғой ардақты.

Үш деген сан киелі ғой қазақта,

Қарасаңшы, міне осындай ғажапқа.

Жете алмайтын нүктеге,

Меніменен жетті олар.

Көп сөйлемей ініме,

Сөз бергенім жөн болар.

1-бастаушы: Келесі кезек «Төртбұрыштар» командасына беріледі.

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Мен төртбұрышпын,

Көпбұрыштың бірімін.

Үшбұрыштан болсам да жас,

Бірақ одан ірімін.

Қабырғаларымның тұрысына қарай,

Бір-бірімен жасайтын бұрышына қарай.

Тік төртбұрыш, параллелограмм, трапеция,

Ромбы, шаршы болып бөлінем.

Қарама-қарсы қабырғам,

Параллель әрі тең болса,

Іргелес жатқан бұрыштар,

Бірінен-бірі кем болса.

Қосындысы бірақ та,

180 0 -қа тең болса,

Параллелограмм деп аталам.

Бұрыштарымды қоссаңыз,

360 0 -қа тең болады.

Бұл қасиетімді білмейтіндер,

Басқаларға жем болады.

Шаршы атты бауырдың,

Бар қабырға бұрышы,

Бір-біріне тең болады.

Ромбы атты бауырым,

Бәрінен де сымбатты.

Білімділер кеудеге,

Тағады заттай қымбатты.

Трапеция туыстың,

Ашуы мүлде тым қатты.

Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.

Сондықтан да қос табан,

Параллель боп қалыпты.

Қалған екі қабырға,

Өздерінше орын алыпты.

Сөйтсе де бұл бауырды,

Тастамай адам далаға.

Гүл егетін ыдыс қып,

Сыйлаған екен балаға.

2-бастаушы: Қазылар алқасы ұпай санын есептеп отырыңыздар.

ІІ бөлім «Бәйге»

Бұл бөлімде әр топтың капитандары шығып, берілген сұрақтарға алғыр тапқырлықпен жауап беру керек. Әр сұрақ 1 ұпайдан есептеледі.

1-бастаушы: «Үшбұрыштар» тобына

  1. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
  2. Геометрияның жазықтықты өлшейтін бөлігі (планиметрия)
  3. Квадрат функцияның графигі (парабола)
  4. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы (периметр)
  5. Жазыңқы бұрыштың жартысы не деп аталады? (тік бұрыш)
  6. Қабырғасы 5 см квадраттың ауданы нешеге тең? (25 см2)
  7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
  8. Катет қандай үшбұрышта болады? (тік бұрышты үшбұрышта)
  9. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
  10. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Декарт)

2-бастаушы: «Төртбұрыштар» тобына

  1. Ең кіші екі таңбалы сан (10)
  2. Стереометрия нені зерттейді? (Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін)
  3. Дәлелденетін тұжырым (теорема)
  4. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)
  5. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
  6. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
  7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (1800)
  8. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
  9. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
  10. Нөлдің n дәрежесі (0)

1-бастаушы : ІІІ бөлім «Кім жылдам?»

Екі топқа карточкада жазылған есептер беріледі. Есепті кім бұрын және дұрыс шығарса 5 ұпайды сол иеленеді.

  1. -Ата, нешедесіз?

-3 жылдан соң бұдан 3 жыл бұрынғы жасымнан 2 есе артық болады. Ата нешеде? (тоқсанда)

  1. 600 санының төрттен бірінің жартысының үштен екісі неге тең?

2-бастаушы: Ән

1-бастаушы: Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,

Мақал білген қазағымның баласы.

Мақал айтып жарысады екі топ,

Қай топ мақал-мәтелді,

Біледі екен өте көп?

ІV бөлім «Ойынды жалғастыр»

Бұл бөлімде берілген цифрларды қатыстырып мақал-мәтел айтылады. Бірінші топ бастаса, екінші топ жалғасын тауып айтуы шарт.

«Үшбұрыштар» тобы


Ұқсас жұмыстар
Дарындылар додасы
Президент болып халыққа хат жазу
Есептер сыры
Тақырып Дарындылар додасы
Білгірлер додасы атты математика мен информатика пәндерінен сыныптан тыс шара
Мектеп тәлімгері
Ұр, тоқпақ (ертегі)
Зымыранды сұрақтар
Компьютердің негізгі құрылғылары
Менің кәсіби ұстанымым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz