Табиғатты қорғау. 8 сынып

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

«Табиғатты қорғау негіздері»

арнайы курстың бағдарламасы.

8 сынып

Май ауданы

2013 ж

Бекітілді: Келісемін: Қаралды:

Мектеп директоры ОІМ Әдістемелік бірлестігінде

С. О. Зілкенов С. С. Изатова қауылы

«» 2013ж «» 2013ж «» 2013ж

Құрастырған: Май ауданы, Көктөбе ауылы, Көктөбе ЖОББМ

тарих және география пәнінін мұғалімі

Рыскул Сайлаубековна Муслимова

Түсінік хат

Арнайы курс бағдарлама 8сынып оқушыларына арналған. «Табиғатты қорғау негіздері» курсына 34 сағат бөлінді. Аптасына 1 сағаттан қарастырылған. Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т. б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып отырғаны сөзсіз.

Бағдарламаның мақсаты: Планетарлық деңгейдегі біртұтастылық принципін сақтай отырып, жергілікті жердегі экологиялық жағдайлардың жалпы қоршаған ортаға әсері туралы түсініктерін тереңдету.

Міндеттері: 1. Оқушыларды еліміздің табиғи жағдайлары мен табиғи ресурстарына экологиялық тұрғыдан баға бере білуге қажетті әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізе білуге, жинақталған материалдарды жүйелеп, қорытынды мен дәйектемелер жасай білуге үйрету.

2. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыра отырып, энциклопедиялық, статистикалық, картаграфиялық деректер ді, ғаламтор жүйесінен алынған ақпараттарды өз бетімен өңдей білуге дағдыландыру.

Курсты жүзеге асыру формалары : Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.

Курстық нәтижелігін бақылау формалары:

Курсты қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда:реферат тар жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну, тест жүргізу және т. б

Мазмұны

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе (1 сағат)

Табиғи ортаны қорғаудың маңызы және міндеттері

Адам және қоғам (5 сағат)

Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері. Экологиялық түсінік тер. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. Негізгі тарихи кезеңдер.

Рефератты қорғау.

Табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану (5 сағат)

Табиғат байлықтарын топтау. Оларды тиімді пайдалану жолдары. Қазақ станның табиғи байлықтары. Туған өлкенің табиғи байлықтары. Оларды тиімді пайдалану жолдары. Қазақстанның табиғи байлықтары. Рефератты қорғау.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан өндірістік кешендер жүйесінің сызбасын сызу.

Су байлықтары және оларды қорғау (5 сағат)

Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы. Су бай лықтарының таралу географиясы. Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі. Қазақстанның су байлықтары. Олардың қазіргі экологиялық жағдайы. Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалану және қорғау.

Ауа қабатын қорғау (5 сағат)

Атмосфера туралы түсінік. Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар. Атмосфераның ластануы және оны

ластайтын негізгі көздер. Автокөлік және қоршаған орта. Практикалық жұмыс №1. Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі кәсіпорындарды анықтау.

Жер байлықтары және оларды қорғау (5 сағат)

Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы. Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа әсері. Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары. Практикалық жұмыс №2. Жергілікті жердегі топырақ эрозиясымен танысу.

Минералды байлықтарды қорғау (3 сағат)

Минералды байлықтар және оның маңызы. Қазақстанның минералды байлықтары. Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолдары.

Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары (4 сағат)

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Қазақ станның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер. Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оларды қорғау. Практикалық жұмыс № 3. «Мектеп маңындағы ағаштар мен бұталарды есепке алу және қорғау жұмыстары»

Қорытынды «рефератты қорғау» (4 саға

Тақырыптық күнтізбелік жоспар:

р/с
Тақырыбы
Сағат саны
мерзімі
р/с: І
Тақырыбы: Кіріспе
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 1
Тақырыбы: Табиғи ортаны қорғаудың маңызы мен міндеттері
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: ІІ
Тақырыбы: Адам қоғамы және қоршаған табиғи орта
Сағат саны: 5
мерзімі:
р/с: 2
Тақырыбы: Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 3
Тақырыбы: Экологиялық түсініктер
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 4
Тақырыбы: Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 5
Тақырыбы: Негізгі тарихи кезеңдер
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 6
Тақырыбы: Рефератты қорғау
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: ІІІ
Тақырыбы: Табиғи байлықтар және оларды тиімді пайдалану
Сағат саны: 5
мерзімі:
р/с: 7
Тақырыбы: Табиғи байлықтарды топтау
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 8
Тақырыбы: Оларды тиімді пайдалану жолдары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 9
Тақырыбы: Қазақстанның табиғи байлықтары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 10
Тақырыбы: Туған өлкенің табиғи байлықтары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 11
Тақырыбы:

Практикалық жұмыс № 1

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан өнді рістік кешендер жүйесінің сызбасын сызу

Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: ІV
Тақырыбы: Су байлықтары және оларды қорғау
Сағат саны: 5
мерзімі:
р/с: 12
Тақырыбы: Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы. Су байлық тарының таралу географиясы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 13
Тақырыбы: Су байлықтарының таралуы географиясы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 14
Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 15
Тақырыбы: Қазақстанның су байлықтары, олардың қазіргі экологиялық жағдайы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 16
Тақырыбы: Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалау және қорғау
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: V
Тақырыбы: Ауа қабатын қорғау
Сағат саны: 5
мерзімі:
р/с: 17
Тақырыбы: Атмосфера туралы түсінік
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 18
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 19
Тақырыбы: Атмосфераның ластануы және оны ластайтын негізгі көздер
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 20
Тақырыбы: Автокөлік және қоршаған орта
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 21
Тақырыбы:

Практикалық жұмыс №2

«Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі орындарды анықтау»

Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с:
Тақырыбы: Жер байлықтары және оны қорғау
Сағат саны: 5
мерзімі:
р/с: 22
Тақырыбы: Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 23
Тақырыбы: Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 24
Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар мен басқа дай химикат тардың топыраққа әсері
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 25
Тақырыбы: Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 26
Тақырыбы: Практикалық жұмыс №3. Қазақстандағы жерді рекултивациялау жұмыстарымен танысу және оның табиғат қорғаудағы маңызын анықтау
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: VІІ
Тақырыбы: Минералды байлықтарды қорғау
Сағат саны: 3
мерзімі:
р/с: 27
Тақырыбы: Минералды байлықтар.
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 28
Тақырыбы: Қазақстанның минералды байлықтары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 29
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолдары
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: VІІІ
Тақырыбы: Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары
Сағат саны: 4
мерзімі:
р/с: 30
Тақырыбы: Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 31
Тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер
Сағат саны: 1
мерзімі:
р/с: 32

Ұқсас жұмыстар
Адамзаттың экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Экология негіздері
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Орманның пайдасы және оны қорғау
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Сынып жетекшінің тәрбие жұмыс жоспары
Табиғатты аялайық. Табиғат пен адам арасындағы байланыс табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы
Табиғатты қорғау негіздері. факультативтік курс бағдарламасы
Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер
Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру мазмұны арқылы оқушылардың экологиялық құзырлығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz