Бастауыш сыныптарда тәрбие жұмыстары

(4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі)

D:\4б фото\DSCF0779.JPG Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1 . Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3 . Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз :

Мұғалім:

Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол, балғын балалық» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1-жүргізуші : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты

2-жүргізуші :Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

1-жүргізуші :Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби- еркелер!

2-жүргізуші :Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

1-жүргізуші :Дұрыс айтасың Жанель ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Есіңде ме, бізде өткен жылы дәл осылай тұрған едік.

2-жүргізуші : : Иә, Теміржан есімде, ол ешқашан ұмытылмайды ғой, яғни біз тағы бір жылға есейдік.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

1-жүргізуші Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

(оқушылар тақпақтарын айтады)

Ән: Мектебім.

Мұғалім сөзі: Бұл күнге дейінгі 4 жыл уақытты ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Бір сәт сол күндерімізді елестетер болсақ . . . Құрметті қонақтар, оқушылар енді «Біздің балғын балалық» атты фильмді тамашалайық. Фильм «Біздің балғын балалық»

2-жүргізуші:

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, әліппемен қоштасу, дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, жаңа-жыл мерекесі, түрлі сайыстар, әдеби кештер, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

D:\4б фото\DSCF0790.JPG 1-жүргізуші: Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де, талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ биін» билеумен тамсандырған.

Би: «Адай»

2- жүргізуші: Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір - бір маман боламыз,

Бойымызға жиған - терген білім нәрін алып біз

« Ұмытшақ оқушы » көрініс тамашалаңызыздар.

1-жүргізуші: Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді. Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатысты. Ұстаздарымызға . . . көп рақмет айтамыз!

Мұғалім:

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр - түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
“Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директоры марапатталады
“Қамқор және мейірімді ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оксана Викторовна марапатталады

“Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлік Еркінұлы марапатталады.

“Ең ардақты, аяулы ұстаз” номинациясы бойынша алғашқы ұстаз

Арай Илюбаевна марапатталады

«Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі
Конурбаева Сауле Жұматовна марапатталады.

«Күміс көмей, жез таңдай ұстаз» номинациясы бойынша “Музыка” пәнінің мұғаліміГульвира Жеңісқызы марапатталады.

«Дені саудың - жаны сау» номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі” пәнінің мұғалімі Сайран Зұлқарнайевич марапатталады.

«Ағылшын тілін үйреткен ұстаз» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гульмира Қалимолдақызы марапатталады.

2- жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Елге сәлем» әнін Диастың орындауында қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Сонымен қатар мектебіміздегі балаларға өз жылуларын сыйлаған адамдарды да қошеметтеп, алғысымызды айтсақ деп едік.

«Біздің сүйікті дәрігер» номинациясы бойынша мектебіміздің медбикесі Алма апай марапатталады.

«Кітап біздің -досымыз» номинациясы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Гүлнар Қуанышқызы марапатталады.
«Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің аспазшысы Айнагүл апай марапатталады.

1- жүргізуші: Өнер - білім, егіз ұғым екендігін танытты

Бойларына бар өнерді жиып - теріп дарытты,

Биін билеп береді енді, бүгін олар сіздерге.

Көршілес жатқан туысқан - дос, әр ұлттың.

Құрметті апайлар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Шығыс» биін қыздардың орындауында қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Диас : Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Бексұлтан : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Думан :Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Дамир :Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

1-жүргізуші:: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген . Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2- жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Аналар сіздердің құрметтеріңізге Алтынбек пен Диастың орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән «Аналар алтын»

2-жүргізуші : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», -деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Теміржан?

1-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2-жүргізуші :Дұрыс айтасың Теміржан, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

1-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды алғашқы ұстазға арнаймыз!

(оқушылардың ұстазына тақпақтары)

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден !

1-жүргізуші: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат. Ән «Ұстазым менің» барлығы бірге

2-жүргізуші: : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін алғашқы ұстазға береміз!

Мұғалім сөзі: Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұландар, көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.

Ұстаз оқушыларға грамоталар ұсынады

1. Әлпештің мінезі бар жанға жайлы,

Ешқашанда, ешуақытта шаршамайды.

Сыныбымыздың ерке қызы өзіңсің

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Күліп жүрген өзіңе жарасады. .

2. Диастай ұлымыз бар мақтанамыз,

Әніне, өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Диасқа ақ тілекті ақтарамыз.

3. Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Әр ісі әрқашан да мойындалар.

Әр ісіне жауапты Думан бала

Арманың болашақта орындалар.

4. Барлық істі тез арада тындырады,

Бар жанын сала тырысады.

«Жыл оқушысы» жүлдегері, атағы бар.

Махаббат менің мәңгі есімде қалады.

5. Айтар сөзім, тілегім бар өзіңе.

Үлгі болғай Айдын деген ініңе.

Назгүл сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Тек жақсылық пен сәттілікті тіледім,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегіңе.

6 . Үлкені боп келеді жанұяда,

Кезек келді ерке қыз Анарға да

Әрқашанда күлімсіреп жүресің.

Әңгімеңмен баурап алып кетесің.

Болашақта биік-биік шыңдардан,

Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.

7. Диас сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын

Оқушымсың сенімімді ақтайтын.

8. Әр іске де жауапкершілік танытатын

Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.

Бексұлтан ақкөңіл бала, жүрегі кең,

Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.

9. Есеп шығарудың шебері,

Математиканы өте жақсы көреді.

Өнеріңді өзіңнің бағалаймыз,

Сұңғақ бойлы, әдемі Мадина қыз.

10. Бос жібермей ешқашан да уақытын,

Сурет салу сенің бар үлкен талантың.

Самғай бер, қанатың талмасын,

Дамир келешекте жарқын болсын болашағың.

11. Балама да мінекей кезек келді,

Оқытпаймын өзім деп, кеш берілді,

Бәрібір де оқытуға тура келді.

Аналық жүрегіммен тіледім ақ тілекті.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті Бауыржан ағай, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз. Мектеп директорының құттықтау сөзі

1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы. Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.

D:\4б фото\DSCF0863.JPG

(4-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ)

Тақырыбы:«Тапқыр болсаң, озып көр»

Мақсаты:

1) Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2) Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

3) Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар

Барысы:

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз.

Сайысқа қатысушыларды таныстыру.

ІІ. Сайыс шарттары

1. Бәйге сайысы

2. Тіл-өнер сайысы

3. Төрт жұмбақ сайысы

4. «Бұл кім?»

5. Жорға сайысы

ІІІ. Қорытынды. Қазылар алқасының шешімі

Жүргізуші:

Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Архимедтей жаңалықтар ашар,

Болса үміткер, сайысқа үлес қосар

Ұлы дәрігер ізін басар

Біздерде бар жас талапкерлер

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Бәрінің де жеңіске деген үміті бар-дей келе сайыс алаңына «Талай сынды бағындырған қырандар» тобы, «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобын, «Биіктен көрінер алғырлар» тобы мүшелерін шақырамыз. (Топтар орналасып болғанша, музыка ойнап тұрады. )

Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер сарапшылар ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-мамандар алқасын таныстырсақ:

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.

Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға сөз берейік.
«Талай сынды бағындырар қырандар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу: Талай сынды келеміз бағындырып,

Талай жұртты келеміз таңқалдырып,

Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,

Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерін

«Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобы
Ұраны: Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.

Ең керемет сайыскерлер

Мінеки біздер боламыз.

Сәлемдесу: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз

«Биіктен көрінер алғырлар» тобы

Ұраны:

Шыдамдылық, еңбек, алғыр-ой,

Анық досың біліп қой!»

Сәлемдесу:

Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде 12 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, жауабын салыстырамыз. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.

Сонымен, ойыншылар, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

1-кезең«Бәйге сайысы»

1-сұрақ. Қай жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж. )

2-сұрақ. Шоқжұлдыздардың ішіндегі ең жарық жұлдыз? (Темірқазық жұлдызы)

3-сұрақ. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)

4-сұрақ. Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Өлеңнің авторы: (Абай)

5-сұрақ. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл)

6-сұрақ. Сөйлем мүшелерін ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)

7-сұрақ. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

8-сұрақ. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі ( Серік Біләлов)

9-сұрақ:1 кг-да неше г бар? ( 1000 гр)

10. Алтын адам табылған жер ? (Есік қорғаны )

11. Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)

12-сұрақ. 64 қай санның квадраты?

2-кезең «Тіл-өнер сайысы»

Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,

Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем» деп.

«Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай, тек орысша немесе ағылшынша аудармасы үшін 10 ұпай беріледі.

Бірінші болып қол көтерген ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда екінші қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.

Мақал: 1. Кімнің баласы болма,

Адамның баласы бол. (Атаның-дедушка-grandfather)

2. Кім басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос-друг-frand)

3. Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)

1. Адам болатын кім алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)

2. Ас атасы- не (нан-хлеб-bread)

3. Ата көрген оқ жонар,

Кім көрген тон пішер. (Ана-мама-mather )

Жұмбақ: Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қалам-ручка-pen)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап-книга-book)

Аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (Доп - мяч-bull) .

3-кезең . «Төрт жұмбақ»

Бұл сайысымызда негізгі 4 пәннен сұрақтар беріледі.

1. Сол жақтағы 30 математика пәні

Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар. » Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3ұл, 3қыз)

2. Ортадағы 30 дүниетану пәні

Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (мұнай, тас көмір)

3. Оң жақтағы 30 қазақ тілі

Септіктерді атап шық.

4. Сол жақтағы 40 ана тілі

«Күлпаш» шығармасының авторы кім? (Б. Майлин)

5. Ортадағы 40 математика

Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болған? (34)

6. Оң жақтағы 40 дүниетану пәні

Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)

7. Сол жақтағы 50 ана тілі

Мақалды жалғастыр:Батыр туса ел ырысы, ?

8. Ортадағы 50 математика пәні

Ұзындығы 20см, ені 7 смтіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?(140)

9. Оң жақтағы 50 дүниетану пәні

Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не? (глобус)

4-кезең Ойлан тап «Бұл кім?»

Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп кезекті «Бұл кім?» кезеңіне береміз.

Бұл жерде сіздерге дорбаларды таңдап, сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Ақын-жазушылардың кім екенін табады .

Қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам қайраткері, өте білімдар ғалымы, Торғай өңірінде туған, балаларға арнап тұңғыш қазақ “ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т. б шығармаларымен таныспыз. Бұл кім туралы айтылған? (Ахмет Байтұрсынов)

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 4 жастан мектеп табалдырығын аттаған, өз ұлтың өте жақсы көрген, жастарға үміт артқан ақын. Оның “Қарағым”, “Аққала” т. б шығармаларымен таныспыз. Бұл кім туралы айтылған? ( Мағжан Жұмабаев)

Жырау, жыршы әрі айтыс ақыны. Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол он бес жасынан қолына домбырасын алып, ел кезіп, өлең айтып, айтысқа түскен. Ұлы Отан соғысы кезінде ел жігерін қайраған ақын. Бұл кім туралы айтылған?( Жамбыл Жабаев )

Капитандар сайысы «Егер де мен . . . »

Бұл кезеңде топ басшылары таңдап алған сөздеріне сәйкес өз пікірлерін айтып береді. Берілген сөздер- Кәсіпкер болсам, Мектеп директоры болсам, Әкім болсам

5 кезең «Жорға» сайысы


Ұқсас жұмыстар
Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру
Педагогикалық кеңес. 2014 жыл
Сабақ кестесінің үлгілері
Зертханалық сабақ
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Бастауыш сынып мұғалімдері
Жылдық жұмыс
Жылдық есеп. 4 сынып
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz