Елбасы біреу, біз оған тіреу. 8-9 сынып

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы

Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі

Султашова Жанар Касымовна

Елбасы біреу, біз оған тіреу.

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан−жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылардың бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу;

Түрі: дөңгелек үстел;

Әдісі: ой−толғау, ауызша баяндау, тірек−сызбалармен жұмыс, топтастыру, сұрақ−жауап;

Көрнекілігі: елбасының суреті, тірек−сызба, кесте, кітаптар көрмесі;

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Эпиграфы: « . . . «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы -бергідегі қазақ баласының бірде -бірінің

пешенесіне бұйырмаған бақыты -толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің

керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім -білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын . . . »

Нұрсұлтан Назарбаев.

Биылғы 2012 жылдың 1 -желтоқсанынан бастап барлық мектептерде, оқу орындарында, жалпы Қазақстан елінде еліміздің « Тұңғыш Президент күнін »

салтанатты түрде атап өткелі отыр.

Президент - мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым. Елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалардың аманатын арқалаған ең жауапты да, ең қиын міндетке елбасымыз қалай келді.

Ой−шақыру стратегиясы.

«Нұрсұлтан Назарбаев -түрік әлемінің лидері»

(Т. Ертоған - Түркияның премьер−министірі)

Зарина : Баяндама: «Нұрсұлтан Назарбаев - әлемінің лидері»

Нұрсұлтан Назарбаев -мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы−төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н. Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолға ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

Н. Ә. Назарбаев - ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадыр− қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдинетін, әдет−ғұрыпын, салт−дәстүрін жітік білетін, қлтын жан−тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

  • қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;
  • қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;
  • алдағыны болғай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
  • елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
  • халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлегенде сөз алатын, егескенге еңсесін басатын, елдескенге мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талқылау үшін зерттеуші оқушыларға сөз берейік.

Сағи: Елбасының өмір жолы қандай?

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6−шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туылған. Мамандығы инженер−металлург. Экономика ғылымының докторы, академик, «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен. Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауын мекенген.

1958 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды.

1958−1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған.

1962−1965 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған.

Гулжаухар: Елбасының саяси өмірі туралы не білеміз?

Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тез тіл табыса алуы, қажырлы еңбек құмарлылығы, жан−жақты білімі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі саяси өмірбаянына негіз болды.

Елбасы еңбек жолын 1960 ж. Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастайды. Кейін Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, газ айдаушы болып жұмыс істеді.

1969 ж. Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі

1969 -71 ж. Қазақстан комсомолы Теміртау қалалық комитетінің 1-хатшысы

1971-73 ж. Теміртау қалалық партия комитетінің 2 -хатшысы

1979-84 ж. Қазақстан Комунистік партиясының орталық комитетінің хатшысы

1984 жылдың наурызынан 1989 жылдың шілдесіне дейін Қазақ КСР Мин. кеңесінің төрағасы

1989 жылдың маусым айынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан комунисттік партиясының орталық комитетінің -1 хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сәуірге дейін Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің төрағасы.

1990 ж. Сәуірде 12 -шақырылған Қазақстан Жоғарғы кеңесінің сессиясында

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1995 ж. 29 сәуірде өткен референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік

Уәкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1998 ж. 8 қазанында ҚР парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президенттік Уәкілеттілік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдап, 1999 жылдың 10 қаңтарына жаңа Президент сайлауын белгіледі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы негізде өткен осы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы жеті жылға ҚР-ның Президенті болып сайланды. (79, 75 %)

2005 жылы 4−желтоқсанда сайлауда қайта сайланды. (91, 5 %)

2011 жылы 4− сәуірде салауда Президент болып қайта сайланды. ( 95, 5 %)

Н. Ә. Назарбаев өмірі мен қызметі

Жылдар
Атқарған қызметтері
Жылдар: 1940 ж 06. 07
Атқарған қызметтері: Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туылған
Жылдар: 1958 ж.
Атқарған қызметтері: мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды
Жылдар: 1958−1960 ж.
Атқарған қызметтері: Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищеге оқуға түседі.
Жылдар: 1962−1965 ж.
Атқарған қызметтері: Қарағанды политехникалық институтында оқыған
Жылдар: 1969 -1971 ж.
Атқарған қызметтері: Қазақстан комсомолы Теміртау қалалық комитетінің 1-хатшысы
Жылдар: 1971-1973 ж.
Атқарған қызметтері: Теміртау қалалық партия комитетінің 2 -хатшысы
Жылдар: 1973-1977 ж.
Атқарған қызметтері: Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болды.
Жылдар: 19 77-1979ж.
Атқарған қызметтері: Қазақстан КП Қарағандық облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшы
Жылдар: 1979-84 ж.
Атқарған қызметтері: Қазақстан Комунистік партиясының орталық комитетінің хатшысы
Жылдар: 1984−1989 ж
Атқарған қызметтері: Қазақ КСР Мин. кеңесінің төрағасы
Жылдар: 1989 −1990 ж
Атқарған қызметтері: Қазақстан комунисттік партиясының орталық комитетінің -1 хатшысы
Жылдар: 1990ж.
Атқарған қызметтері: Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің төрағасы
Жылдар: 1990ж. 24. 04
Атқарған қызметтері: ҚХСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақстанның Президенті болып сайланды
Жылдар: 1991 ж. 01. 12
Атқарған қызметтері:

Бүкілхалықтық дауыс беру сайлауы нәтижесінде

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып қызметке кірісті.

Жылдар: 1995 ж. 29. 04
Атқарған қызметтері:

Өткен референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік

өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды

Жылдар: 1998 ж. 08. 10
Атқарған қызметтері: ҚР парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президенттік Уәкілеттілік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды
Жылдар: 1999 ж. 10. 01
Атқарған қызметтері: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы жеті жылға ҚР-ның Президенті болып сайланды. (79, 75 %)
Жылдар: 2005 ж. 04. 12
Атқарған қызметтері: сайлауда қайта сайланды. (91, 5 %)
Жылдар: 2011 ж. 04. 04
Атқарған қызметтері: Салауда Президент болып қайта сайланды. ( 95, 5 %)

Асия: Тәуелсіздік жолында қандай игі жұмыстар атқарды?

«Туған халқының тағдыры үшін күрескен».

Ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысын терең білуі, шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселелерді тап басып тани алуы, ел ішінде ұрымтал әрекеттерге барып, таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру қасиеті 1989 жылы маусым-шілдеде Жаңаөзен мен Қарағанды оқиғаларының оң шешім табуы, халықпен тіл табыса білуін байқатты.

«Дәуір алмасып жатқанда өмір сүрме» дейдіекен қытайлар. Ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп, аумалы-төкпелі кезде келген жаңа басшының алдында халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптан арашалау және тіл мәселесін шешу тұрды.

-1989 жылдың 22 қыркүйегінде «ҚКСР - нің Тіл туралы» заңы қабылданды.

-1990 жылы қыркүйекте «30 - 50 жылдары заңсыз қуғын - сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталғандарға жәрдем көрсету туралы» Жарлығы шықты.

-1990 жылы қазанның 25 - інде «ҚКСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады.

-1990 жылы 17 желтоқсанның Демократиялық жаңару күні Желтоқсан құрбандарына ескерткіш ашылды.

-1991 жылы тамыздың 29 - ында «Семей полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.

-1991 жылы қазанның 2 - сінде қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышға ұшты.

-1991 жылы желтоқсанның 12 - сінде «1986 жылғы 17 - 18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы шықты.

Бекзат: Тәуелсіздік жолында қандай істер атқарды?

«Адам санасының, қоғам дамуының тамыршысы»

Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.

1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.

1997 жылдың Президенттің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға септігін тигізді.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде халықтың санасынан күштеп өшірілген тарихи тұлғалар - Алаш арыстарының есімдері халыққа қайтарылды.

Н. Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағаланды.

Саида: Білім саласыны қандай реформалар енгізді?

Білім беру саласындағы реформалар. Білім берудің Қазақстандық моделі.

«Өмір бойы білім алу»


Ұқсас жұмыстар
Ұлы тұлға
дауыссыз дыбыстарға жаттығу жұмысы
Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қай ақынның сөзі
Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр туралы ақпарат
Ең үздік тарихшы (интеллектуалдық сайыс)
Бір ел, бір халық, бір тағдыр
Математика көшбасшысы. 3 сынып
Ұлты ұлықтаған Елбасы
Қазақстан Республикасының президенті кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz