Құстар - біздің досымыз 5-9 сыныптар

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы

Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі

Султашова Жанар Касымовна

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтап,

құстардың түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын,

көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін,

түсініктерін, логикалық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: құстардың суреттері, құстар туралы нақыл сөздер, кітаптар

Бөлімдері:

  1. Таныстыру
  2. Кім көп біледі?
  3. Тордағы құстар
  4. “Байқампаздар” жарысы
  5. “Не істер едіңдер?”
  6. Суреттер сөйлейді

Сайыстың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Баршамызға белгілі 1сәуір -Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүниежүзі бойынша12 мыңдай құс тіршілік етеді. Біздің елімізде құстарға бай. Біздің елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды жәндіктер мен кенелерді, кемірушілер мен құстарды құртып, егін мен орманды қорғайды.

Дәл қазір елімізге жылы жақтан құстар ұшып келуде. Қазақ халқы шебер әншісін «бұл-бұлға», ардақты азаматын «сұңқарға», қас сұлуын «аққуға», ержігітін «жапалаққа» теңеген. Ал ендеше осындай табиғаттың ерекше бір жаратылысы құстарға арналған сайысымызды бастайық.

І топ: «Аққу» тобы. Аққу - махаббаттың, пәктіктің белгісі деп халқымыз бағалаған.

ІІ топ: «Қыран» тобы . Қыран құсын да халқымыз ерекше бағалаған. Оны еліміздің туында бейнеленуінен де білуімізге болады.

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі Кажкенова Ж. К.
  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Жубандыкова С. Н.
  3. Мектеп психологі Ахметкалиева А. О.

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

І . Таныстыру

Бұл бөлімде әр топ өзінің эмблемасын, ұранын таныстырады.

C:\Users\user\Pictures\аққу.jpg

Аққу тобы:

Емін - еркін жүр қалқып,

Аққулар кербез таранып,

Құяды көлге нұр балқып,

Толқынмен баяу таранып.

12365

Қыран тобы:

Бақыттысың қыран құс,

Бақытыңа шек бар ма?

Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс,

Аспан барда, көк барда.

Ән: «Қос қарлығаш». Орындайтын: Бекежан мен Жансерік

ІІ. Кім көп біледі?

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала берсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді!

Бұл бөлімде сіздердің қаншалықты құстарды білетіндіктеріңіз анықталады. (құстардың аттарын 3, 4, 5, 6, 7 жазу. Мысалы: үкі, аққу, үйрек, бүркіт, балықшы)

Көрермендер көрімдігі

  1. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс?

Жауабы: Аққу

  1. Ертеде ағайынды үшеу: Күн, Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты. Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен бір “құс” қалыпты. Ай барып тұрған сотқанақ екен. Жаңағы “құсқа” тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын тұрің жоқ екен. Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”. Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” - деп шақыратын болыпты. Ал Күн батып, Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен. Бұл қандай құс?

Жауабы: Әтеш

ІІІ. Тордағы құстар

Тапсырмаларыңыз тордағы құстардың дауыстарын келтіріп, біртіндеп тордан құстарды шығару керек.

6-сынып хор: «Құстар қайтып келе жатыр»

IV . “ Байқампаздар” жарысы

Ұлардың салмағы 2 кг, кейде оданда артық. Балапандары тез үлкейеді, қазан айында олар енесімен бірдей болып кетеді. Ол топтанып жүреді, өте сақ құс. Жырқыш құстар отрядына жатады.

Ұлар тек қана орманда өмір сүреді. Түсі жүрген жеріндегі шөп, тастан ешбір аумайды, ол тез жүреді, бұл оны жауынан сақтануға көмектестіреді.

Ұлар мен бүркіт дос. Ұлар пайдалы құс.


Ұқсас жұмыстар
Қош келдің, қанатты достар!
Артық болмас білгенің Қызыл кітапқа енген құстар
Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу
Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар
Әңгіменің идеясы
Құстар-біздің досымыз туралы
Құстар- біздің досымыз Құстар туралы
Спорт - біздің досымыз. 5 сынып
Құстар біздің досымыз
Жабайы құстар. Аралас сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz