Мұрат Мөңкеұлының толғау-дастандары: аудандық семинар үлгілі сабағы (10 сынып, қазақ әдебиеті)

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Еңбекші орта мектебі

Аудандық семинар

«Мұрат Мөңкеұлының толғау - дастандары»

Үлгілі сабақ

Нұрғалиева Қ. М.

2013-2014 оқу жылы

Күні: 30. 10. 2013 жыл Бекітемін:

Сынып: 10 «А», «Ә»

Пән: қазақ әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының толғау - дастандары.

Сабақтың білімдік мақсаты : Мұрат Мөңкеұлының толғау - дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты : Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты : Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі - өнеге алуға шақыру;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі : оқулық, ақын өмірі туралы сызба - кесте, ақын шығармашылығына арналған слайдтар.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, сабаққа қатынасын белгілеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі .

Жоспары:

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
  2. Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
  3. Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын түсіндіру.
  4. Мұрат - айтыскер ақын.
  5. Ақын жырларының көркемдігі.
  6. Мұрын жырау естеліктері.

Үй тапсырмасын бекіту

Венн диаграммасы негізінде салыстыру.

Бір шумақ өлеңін алып, талдау жасау.

3. Жаңа сабақты меңгерту .

Оқулықпен жұмыс.

Жоспары:

1. Мұрат толғауларындағы ел - жұрт басына түскен ауыртпалық.

2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.

3. Қосымша мәлімет.

4. Түйін.

4. Сабақты бекіту кезеңі .

Ақынның дастан - толғауларының аттарын жазу, әрбір оқушыға толғау - дастандардан үзінді оқыту, мазмұнын айту.

Толғаулары : «Топқа түскендегі толғауы», «Мұраттың жалпыға айтқаны».

Дастандары : «Шалкиіз», «Қазтуған», «Үш қиян», «Қарасай - Қази».

Интернет материалдары.

Бес жолды өлең стратегиясы және ұйқасын тап ойыны арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.

5. Сабақты қорыту кезеңі.

Мұрат Мөңкеұлының дастан - толғауларының қазіргі дәуір үшін маңызы. Ой - толғаныс. Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады.

6. Сабақты бағалау кезеңі .

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне, сөйлеу мәдениетіне, оқу мәнеріне, түсінігіне, ізденісіне қарай білімдері бағаланады. Оқушылар өзін - өзі бағалайды.

7. Үй жұмысын беру. Ақын толғау - дастандарын оқып, мазмұнын айту, талдау.


Ұқсас жұмыстар
Видео сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының Үш қиян толғауының сюжеттік желісі, прологы мен эпилогы (8-сынып, Қазақ әдебиеті)
Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы: Үш қиян толғауы бойынша 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеті: Міржақып Дулатұлының Шешенің балаларын сүюі өлеңіне арналған үлгілі сабақ (8-сынып)
Аудандық семинар-сабақ: Мәтіннің құрылымы мен мазмұнын оқыту әдістемесі
10-сынып Қазақ әдебиеті сабағы: Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы
10-сынып қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Шәкен Айманов - қазақ киносының атасы
6-сынып: Қазақтың қонақжайлылығы мен Жұмағали Сайнның 100 жылдығына арналған ашық сабақ (Аудандық семинар)
10-сынып Қазақ әдебиеті сабағы: Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығы
1-сынып сабақ жоспары: Ж. Әбдірашев Алфавит сыры - әліппе мен отбасы туралы оқу бағдарламасы (аудандық семинар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz