Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер: сайыс сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) қос сөздердің күшейткіш буын арқылы жасалуы туралы
түсінік беру;
ә) зейінділікке, ұжымшылдыққа, мәдениетті сөйлеуге
тәрбиелеу;
б) ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын
дамыту;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар
Көрнекілігі: тапсырмалар, топшамалар, кесте, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже:
қос сөздерді ажырата білу, күшейткіш буын арқылы қос сөздер
жасай білу
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушылар:
- Әрбір адам? - Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? - Үйрену, оқу, іздену
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
Сыныпты топқа бөлу.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
4-жаттығуды тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып, көшіріп жазу. (оқу, түсіндіру)
Кестемен жұмыс
Қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
Қайталама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
түрлі-түрлі киім-кешек жап-жасыл
шөре-шөре жауын-шашын үп-үлкен
ІІІ Жаңа сабақ
1. Күннің жады
2. Мысалдар:
Үлкен үп-үлкен
Сары сап-сары
Нәзік нәп-нәзік
3. Ереже шығару.
4. Жеті түс көрсетіліп өз бетінше қос сөз жасау, сөздік жұмысы.
Жасыл - жап-жасыл
Қара - қап-қара
Қызыл - қып-қызыл
Қоңыр - қоп-қоңыр
Ақ - аппақ
Көк - көкпеңбек
Аппақ, көкпеңбек сөздерінің жазылуы.
І тур «Қос сөздерді тап»
1-жаттығу.
Сөйлемдерді оқы, қос сөздерді тап.
Өзі нәп-нәзік. Өзінің қияңқылығы да жоқ, моп-момақан, жұп-жуас.
«Шеп-шеп» десең болды, қасыңа қанатын қағып жүгіріп келеді.
ІІ тур «Қос сөз жаса, тез жаса»
Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөз жасау.
І топ ІІ топ
Қызыл Сары
Тәуір Ашық
Дұрыс Терең
Қысқа Ұзын
Жуан Таза
Әдемі Қара
Ақ Көк
ІІІ тур «Жаттығуды орында»
3-жаттығу
Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүніжылтыр, әдеміболатын.
- Көлдіңтаза, тұнықсуы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.
- Сылдырап аққан бұлақтың жағасындажуанжалғыз ағаш өсіп тұр.
- Күнашықболғанымен, ызғар бетті қарып барады.
- Түзукөше бойымен асықпай жүріп келеді.
Күшейткіш буын қалай жасалады?
ІҮ тур «Сипатта»
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздермен сипаттаңыз.
І топ ІІ топ
Алма Пияз
тәп-тәтті ап-ащы
Ү тур «Жалғастыр»
І топ ІІ топ
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ҮІ тур «Қайратқа көмек»
Қайратқа шашылып жатқан қос сөздерді жасалуына қарай үш қалташаға бөліп салуға көмектес
темір-терсек жора-жолдас қып-қызыл үп-үлкен
дұп-дұрыс кезек-кезек үйрек-қаз топ-топ
сөйлей-сөйлей киім-кешек ап-анық талай-талай
Қайталама қос сөздер
Қосарлы қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер
ІҮ Қорытындылау
ҮІІ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Ережелер сайысы
Ү Үйге тапсырма
Ережелерді қайталау.
4-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойыңыздар.
ҮІ Бағалау
Бағалау парағы арқылы жинаған ұпай сандарын есептеу, бағалау