Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Тұтқыш дайындау


10. 03 . 2010ж
5 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұтқыш дайындау.
Сабақтың мақсаты: Тұтқыштардың түрлеріне мәлімет беріп, тұтқыштың
жасалу жолдарын түсіндіру.
Білімділік: тұтқыш дайындаудың әдіс – тәсілдерін
көрсетіп,
үйрету.

Дамыту: өз беттерінше жұмыс жасау істеу
әрекеттерін,
шеберліктерін арттырып, өнерге
деген қызығушылық
қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді
ескере
отырып, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа және шебер-
лікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тәжірибелік.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер, арнайы бұйым түрлері, дайын бұйымдар

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері.
Күтілген нәтиже: тұтқышты дайындай алуы.

Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Журнал бойынша түгелдеу, формасын қарау.
3. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
4. Сабаққа назарын аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты еске түсіру?
1. Киім пайдалануына қарай қанша топқа бөлінеді?
2. Тұрмыстық киімдерге қандай киімдер жатады?
3. Өндірістік еиімдерге қандай киімдер жатады?
4. Киім күтімі дегеніміз не?
5. Піте дегеніміз не?
6. Киімді маусымнан, маусымға дейін қалай сақтаймыз?
7. Киімдерімізді неге салып қоямыз?
8. Аяқ – киім күтімі дегеніміз не?

III. Жаңа тақырып түсіндірмесі.
Ребусты шешу.

Тұтқыш ыдыс – аяқты ұстауға немесе ыстық ыдысты дастарқан
бетіне қоюға арналған бұйым. Ол қалың матадан тігіледі.
Тұтқыш ыдыстың пішініне байланысты дөңгелек, тік төртбұрыш,
сопақша етіліп жасалады. Ас үйде қолданылатын тұтқыштың түрлері:
екі қолғапты қазанның екі құлағын ұстайтын тұтқыш, бір қолғапты
құмғанды, шайнекті ұстайтын тұтқыш бар және үлкен табақтың астына
қойылатын үлкенірек тұтқыш, шайнектің астына қойылатын кішірек
тұтқыш болады.
Егер тұтқыш шай демдейтін шайнек астына қойылар болса,
диаметрі 10-12 см, ал үлкен табақ астына қойылатын болса,
диаметрі 30-40 см шамасында матаны дөңгелек етіп қиып аламыз.
Оқушыларға дайын түрлі тұтқыш көрсетіледі. Оқушылар дайын
шаблондардың көмегі арқылы симметриялық заңдылықты сақтай отырып,
түсті бормен мата бетіне үлгі сызады. Тұтқыштың негізгі үлгісін
пайдаланамыз. Матадан қиып алынған бөлшектердің оң жағын ішіне
қайыра, инені ілгері шаншып тігеміз. Егер жұқа мата болса астарды
дайындап алып, ішіне астарсаламыз. Бет жағына әр түрлі суреттерді
салып, кестелеуге де болады. Енді берілген нұсқауды ескере отырып
өз қалауларың бойынша әдемі тұтқыш тігесіздер. Жұмыс барысында
бұйымның әдемі, көз тартарлық болғанын ескеріңдер.

Мақал – мәтел
Екі шеті жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Тұтқыш)
IV. Дәптермен жұмыс.
Тұтқыш дайындау.
Тұтқыш тігу үшін қажетті заттар: қалың мата, ине, жіп, қайшы,
кепкен сабын.
1. Шаблондар арқылы мата бетіне үлгі сызамыз.
2. Сызылған үлгіні қайшымен қырқамыз.
3. Матадан қиып алынған бөлшектерді оң жағын ішіне қайыра, инені
ілгері шаншып тігеміз.
4. Бет жағына әр түрлі суреттерді қиып алып жапсырмалаймыз немесе
суретін салып, кестелейміз.
V. Топтастыру.

Шайнекті ұстау үшін Шайнектің
астына қою үшін

VI. Тәжірибелік жұмыс: тұтқыш дайындау.
Мақсаты: тұтқыштың жасалу жолдарын үйрету.
Керекті құралдар: қалың мата, ине, жіп, қайшы, кепкен сабын.
Ағымдағы жұмыс: техникалық қауіпсіздік ережені сақтау.
Орындалуы:
- Матаны дайындап алу.
- Шаблондар арқылы мата бетіне үлгі сызу.
- Сызылған үлгіні қайшымен қырқу.
- Қиып алынған бөлшектерді оң жағын ішіне қайыра, инені ілгері
шаншып тігу.
- Дайын болған жұмыстың бетін сәндеу.
Қорытынды: оқушылардың жұмыстарын талдау, жақсы тіккен жұмысты

көрсетіп, мадақтау.

VII. Жаңа сабақты бекіту:
Тұтқыш ойыны.
1. Тұтқыш не үшін керек.
2. Қандай матадан тігіледі?
3. Қандай тігіс түрлерін пайдаланамыз?
4. Қалай пішуге болады?
5. Тұтқышты безендіруге бола ма?
6. Қолғап не үшін қажет?
7. Тік төртбұрыш немесе дөңгелек тұтқыш не үшін қажет?

VIII. Қорытынды: Оқушылардың жұмыстарын ескере отырып бағалау,
журналға, күнделікке баға қою.

IX. Үйге тапсырма: тұтқышты аяқтау және безендіру.
-----------------------
Тұтқыш


Ұқсас жұмыстар
Електі орнақтар
Машина МТЗ
Модуль Диалогтық оқыту
Құрастыру реті
Ұлттық бұйымдар
Бұйымның бөлшектерін дайындау
Күнтізбелік жоспар. 8 сынып
Окрошка дайындау
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дәстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері
Жаға сызбасының құрылымы
Пәндер