Сын тұрғысынан ойлау технологиясы "жыл мезгілдері"

Бөлегенова А. Т.

№2 Кеңгір орта мектебінің

орыс сыныптарындағы

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сұрақ қою, ой шақыру, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, ұқсастық пен даралық, пікірталас, ортаға салыңыз, Болжау, Автор орындығы, топтастыру, т. б. стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсетіні сөзсіз. Өз ойын еркін жеткізе алмайтын, тұйық оқушыларға аты аталған стратегиялар үлкен әсер етіп, өзгеріс әкеледі.

Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Сонда оқушылар берілген кез келген тақырып бойынша өздерінің әр сабақтан алған білімдерімен бірге, естігендерін, көргендерін және топшылаған қорытындыларын ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту стратегиялары әр оқушының өзіндік қабілетіне, ойына, жеке көзқарасына зейін қойып, мән беруге үйретеді.

Қай сыныпта болмасын бұл cтратегиялар өткен тақырып пен жаңа ақпаратты оқушының іздену арқылы байланыстыруға дағдыландырады. 5-7 сыныптар аралығында «Жыл мезгілдері» тақырыбын оқытқанда ой шақыру, білім көпірі, топтастыру, ЖИГСО-1, нобайлау, ұқсастық пен даралық, Венн диаграммасы, бес жолды өлең, интервью, болжау, кубизм, қозғалмаңыз қатып қалыңыз, жұптасып суреттеу, автордың орындығында оқу, әдеби үйірме, терминдер арқылы болжау, қарама-қайшы элементтер стратегияларын қолдандым.

(семантикалық карта)

Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар: дыбыстар

Тіл қатысына

(жасалу жолына) қарай

Иек (жақ)

қатысына қарай

Ерін қатысына қарай
Дауысты дыбыстар: жуан
жіңішке
ашық
қысаң
еріндік
езулік
Дауысты дыбыстар: а
+
+
+
Дауысты дыбыстар: ә
+
+
+
Дауысты дыбыстар: е
Дауысты дыбыстар: ы
Дауысты дыбыстар: і
Дауысты дыбыстар: о
Дауысты дыбыстар: ұ
Дауысты дыбыстар: ү
Дауысты дыбыстар: ө

(топтастыру стратегиясы)

(сөз таптарын оқығанда осы жобада топтастыруға болады, оқушылар жұмысы)

сөз табы
сұрағы
сөйлем мүшесі
тұлғасына қарай
құрамына қарай
мағынасына қарай

жасалу жолдары

немесе мысал келтіру

негізгі

(мысал келтір)

туынды

(мысал келтір)

дара

(мысал келтір)

күрделі

(мысал келтір)

сөз табы: зат есім
сұрағы: кім? не?
сөйлем мүшесі: бастауыш
тұлғасына қарай: бала
құрамына қарай: жұмысшы
мағынасына қарай: қалам
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру: -

жалқы

жалпы

деректі

дерексіз

Жезқазған

қала

алма

ауа

сөз табы: сын есім
сұрағы:
сөйлем мүшесі:
тұлғасына қарай:
құрамына қарай:
мағынасына қарай:
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру:
сөз табы: сан есім
сұрағы:
сөйлем мүшесі:
тұлғасына қарай:
құрамына қарай:
мағынасына қарай:
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру:
сөз табы: есімдік
сұрағы:
сөйлем мүшесі:
тұлғасына қарай:
құрамына қарай:
мағынасына қарай:
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру:
сөз табы: етістік
сұрағы:
сөйлем мүшесі:
тұлғасына қарай:
құрамына қарай:
мағынасына қарай:
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру:
сөз табы: үстеу
сұрағы:
сөйлем мүшесі:
тұлғасына қарай:
құрамына қарай:
мағынасына қарай:
жасалу жолдарынемесе мысал келтіру:

(сөз таптарын қайталауда Семантикалық карта» стратегиясын осы жобада қолдануға болады)

Жыл мезгілдеріне байланысты «Ой шақыру» стратегиясына келесі сұрақтарды пайдалануға болады.

  1. «Жыл мезгілі» дегенде бірінші ойыңызға не келді?
  2. Жыл мезгілдері туралы Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесіз?

Сұраққа жауаптарын қағазға түсіреді.

Немесе сұрақ белгісінің орнына жыл мезгілінің атауын жазып, берілген сөздерді алып тастауға болады, оны оқушылардың өздері толтырады.: Немесе сұрақ белгісінің орнына жыл мезгілінің атауын жазып, берілген сөздерді алып тастауға болады, оны оқушылардың өздері толтырады.

(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)

(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)

(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)

(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)

(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)

(ұқсастық пен даралық стратегиясы)

Жыл мезгіліне байланысты «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді топтастыру. (әріпті басқа әріппен немесе буынмен алмастыруға болады): Жыл мезгіліне байланысты «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді топтастыру. (әріпті басқа әріппен немесе буынмен алмастыруға болады)

Көктем зат есім

сын есім

етістік

___ ___ сөз тіркесі

синоним

(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады

Жаз зат есім

сын есім

етістік

___ ___ сөз тіркесі

синоним

(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады

Күз зат есім

сын есім

етістік

___ ___ сөз тіркесі

синоним

(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады

Қыс зат есім

сын есім

етістік

___ ___ сөз тіркесі

синоним

(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады

ЖИГСО-1 стратегиясыЖыл мезгілдеріне арналған төмендегі мәтіндермен жұмыс жүргізуге боладыСынып үш немесе төрт топқа бөлінеді, әр топта 3 немесе 4 оқушыдан боладыӘр топтағы оқушылар 1, 2, 3, 4 белгіленедіӘр топтың 1- номерлі оқушылары бір топ құрады, 2-номерлі оқушылары екінші топты құрады. т. с. сЖаңадан құрылған топтарға мәтін төртке бөлініп таратылады, топта талқылап мазмұнын айтуға дайындалады.Әр топ мүшесі мазмұнын айтуға дайындалғаннан кейін бастапқы топтарына оралады.Дайындап келген мәтіннің мазмұнын басқа топ мүшелеріне айтып, мазмұндауға дайындайдыӘр топтан бір оқушы мәтіннің толық мазмұнын айтып береді.:

ЖИГСО-1 стратегиясы Жыл мезгілдеріне арналған төмендегі мәтіндермен жұмыс жүргізуге болады

  1. Сынып үш немесе төрт топқа бөлінеді, әр топта 3 немесе 4 оқушыдан болады
  2. Әр топтағы оқушылар 1, 2, 3, 4 белгіленеді
  3. Әр топтың 1- номерлі оқушылары бір топ құрады, 2-номерлі оқушылары екінші топты құрады. т. с. с
  4. Жаңадан құрылған топтарға мәтін төртке бөлініп таратылады, топта талқылап мазмұнын айтуға дайындалады.
  5. Әр топ мүшесі мазмұнын айтуға дайындалғаннан кейін бастапқы топтарына оралады.
  6. Дайындап келген мәтіннің мазмұнын басқа топ мүшелеріне айтып, мазмұндауға дайындайды
  7. Әр топтан бір оқушы мәтіннің толық мазмұнын айтып береді.

Қыс

Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр. Қар қалың, ауа таза. Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша! Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар ақ қала жасап, бір-біріне қар лақтырып, ойнайды, үсті -бастары ақ қар. Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ. Қыста Кәрім екеуміз аңға шығатынбыз. Оның жасы менен үлкен. Ол мені аңшылыққа үйретті. Бір күні бізге үлкен қасқыр кездесті, біз оны соғып алдық.

Қыс

Желтоқсан- қыстың басы. Қыста күн қысқарып, түн ұзарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ мамыққа оранады. Өзен мен көлдер қатады. Терең үйшіктерде жатқан жан жануарларға аяз әсер ете алмайды. Олардың орны-жылы. Қырдан суық өтпейді. Тіпті қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.

Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау қандай жақсы! Аққала соғып, қар лақтырысасыңдар! Шанамен таудан сырғанап, шаңғы тебесіңдер. Биіктен төмен сырғанағанда, өзіңе қанат біткендей сезінесің! Көк мұздың үстінде коньки тебу қызық-ақ!

Қыс бірден түсе қоймайды. Өзен қатқан мезгілден бастап қыс түсті деп айтуға болады. Ал қыста күн суық болады. Сондықтан жоғары көтерілген бу бірден майда мұз түйірлеріне айналады. Онда мұз түйірі нәзік және үшкір болады. Олар бір-біріне жабысып, пішіні жұлдыз тәрізденеді. Сөйтіп қар болып жерге түседі.

Жылы күні жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қарды домалатып ойнайды. Ал аязды күні түскен қар құрғақ болып жауады. Сондықтан бір-біріне жабыспай, қиыршықтанып тұрады.

Қыс хабаршысы

Қараша-қыстың хабаршысы. Бұл айда қара суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзарады бастайды. Тау басын қар басады. Қыстың ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Ағаштардың жапырақтары солып, сарғайып жерге түседі. Тек қарағай ғана жап-жасыл. Гүлдер мен шөптер солып жатыр. Оқушылар алғашқы тоқсан қорытындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгеріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс сезіліп тұрады.

Қараша- алтын күздің соңғы айы. Адамдар енді қысқа дайындала бастады. Азық-түлік даярлап, жылы киімдерін киеді. Біз қысты да, күзді де жақсы көреміз. Табиғаттың әр мезгілі өзінше көркем және қызық.

Жыл мезгілдері

Жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс. Көктемде күн жылынады. Қар ериді, ағаштар көгереді. Жер көктейді.

Жазғытұрым егін егеді. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып келеді. Жазда күн ыстық болады. Жұрт көйлекшең жүреді. Жаздыгүні жаңбыр жауады, жеміс піседі.

Күзде егін піседі, жұрт егін бастырады, көкөністерін жинайды. Күзде күн салқын болады. Бірінші қыркүйекте оқу басталады.

Қыста күн суық аязды болады. өзендер, көлдер қатады. Адамдар жылы киім киеді. Балалар сабақтан соң сырғанақта коньки тебеді, шанамен сырғанайды. Төменгі сынып оқушылары жаңа жылға дайындық жасайды. Жаңа жыл кәрілер үшін де, балалар үшін де өте көңілді.

Жаңа жыл

Ағылшындар жаңа жылды әр түрлі жағдайда қарсы алады. Адамдар өз отбасында жиналып, кешкі сағат сегізден таңертеңге дейін тойлайды, немесе би залдарына барып, түні бойы билейді демалады. әдетте үстелге жеңіл тамақтар қойылады: суытылған ет, самса, торттар және сусындар. Түннің ортасында Биг Бен парламентінің үйінен берілетін қоңырауды радиодан тыңдайды және жаңа жыл үшін тостар көтереді.

Жаңа жылды қарсы алу үшін көп адам Пикадилли алаңына жиналып, өлең айтады. Жаңа жылға адамдар бір-біріне мерекелік құттықтау хат және сыйлықтар жібереді. Дәстүр бойынша адамдар бір-біріне жаңа жылда шылым тартпауға, жыл бойы ерте тұруға уәде береді. Бірақ уәделердің бәрі орындалады деп айтуға болмайды.

Қаңтар

Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең суық мезгіл-қыс. Көптеген ақындар, жазушылар қыстың қандай болатынын әсем түрде суреттеген. Мысалы: абай қысты қартпен салыстырады. Қыстың ең суық айы қаңтар.

Қаңтарда қазақстанның көп жерлерінде көбінесе аяз болады. Семейде кей жылдары қаңтар айында суық 40-45 градусқа жетеді. Мұндай суықтарда бет, қол, аяқ үсу өте жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, өзен бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Мұндай қатты аязда мектептерде оқу болмайды. Балалар, кәрі адамдар жылы үйде отырады.

Фермадағы малшылар малды қорады күтеді. Олар малды суарады, малға жем береді, малдың тұрған жерін тазартады.

Мерекелер

Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды.

Біріншісінде жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, парктерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылда адамдар бір-біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.

Екіншісі-көктем айының басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың жиырма екісінде тойланады. Бұл күні дүние жүзіндегі мұсылмандар: «Жыл басы жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп айтады. Наурыз тойында жақсы киініп, салт атқа мініп, жақын адамдар бірін-бірі жақын ауылдарға барып құттықтайды. Мейрамның ең басты тағамы- наурыз көже пісіріледі.

Наурыз- жыл басы. Бұл салт-дәстүрімізді еске алатын күн.

Наурыз

Наурыз-қазақша жыл басы. Наурыз күні-қазақ халқы наурыз көже, наурызнама беретін кун.

Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, жер - жүзілік халықтың бәріне де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күздігүні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан

құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды, көк шығады.

Қазақ халқы - мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Соның үшін қазақта

наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

«Наурыз» сөзі - парсы сөзі: - «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзден алынған.

Көктем

Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «бірлік бар жерде, тірлік бар»- дейді халық. Бірігіп үлкен жұмыс істедік.

Жаз

Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін де, көкөніс те, жеміс те мол. Мен атаммен, әжеммен бақшада көп еңбек етемін. Атама жеміс ағаштарының бұтақтарын көтерісіп, қияр, қызанның жапырақтарын байлаймын. өсіп келе жатқан жемістерді суарысамын. Әжеме де арам шөптерді жұлуға көмектесемін. Шілде-тамыз айында қарақат, бүлдірген, құлпынай піседі. Алма мен сары, қара өріктерді де осы айларда жинаймыз. Осындай еңбектен кейін суға түсіп, ыстық суға аунап жатқан да рахат қой! Кешке жақын барып өзеннен балық ұстаймыз. Кейде кішкентай шабақтар қармаққа ілінеді. Оны мысығыма әкеліп беремін.

Алтын күз

Сабырлы күз де келді. Қыркүйек- барлықтың байлықтың айы. Қиырына көз жеткісіз алтын толқынды теңіздерді мыңдаған «дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына симайды.

Бұл айда құс атаулының көші басталады. Ұзақ сапарға шығатын достарына жол-жоралғысын жасап, суық торғай мазасыз күйде. Оларды шығарып салып, шыр-пыр болып жүр.

Қыркүйектегі екі күннің орны бөлекше. Бірі-айдың алғашқы күні. Гүл құшақтап, өздері де гүлдей жайнап, мың сан бала мектепке барады.

Ерекше күннің енді бірі-23 қыркүйек. Бұл күні табиғаттың ең таңғажайып құбылыстарының бірі болады: күн мен түн теңеледі.

Айдың алғашқы күндерінде кәдімгідей суық түсе бастайды.

Күнбағыс бастарын көтере алмай, еңкіш тұр.

Көк жеміс, картоп пісіп, жетілді. Дарқан күздің жемісін жинаудың қарбалас кезі.

Алтын масақ егіннің ішінде комбайн даусы бір тынбайды. Қарсы алдына мол жарық қондырып алып, айлы түнде егін шауып жүргендер бар.

Оңтүстіктегі егінжайда ақ мақта төбешіктері пайда бола бастады. Малдағы ауылдар шапқан пішендерін маялап, қораларына тынбай шөп тасиды. Мал қораларын жөндейді.

Бау - бақшалардағы жұмыс қандай қарбалас! Тәтті қауын, қызыл шырынды қарбыз анадайдан иісі аңқып, жақындасаң, көздің жауын алады. Қауын, қарбыз, помидор тиелген машиналар қала мен екі арада дамыл таппайды.

Егін орылып алынған аңыздарда қоңыр қаз, саңырау құр топ - тобымен жүр. Семіздіктен маңғазсып, маң - маң басады. Оқта - текте кезіккен дәнді шоқиды.

Құмырсқа қысқа азық жинап, илеуін өсімдік дәндеріне толтырады. Олар жұмыс істеуден жалықпайды. Жем алар жеріне ерсілі - қарсылы жол салып алған.

Ағаштар қыс ызғарын сезгендей. Жапырақтарын сарғайтты. Өсімдіктер сарғайып, алтын түстес болған соң, халық бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды.

Күз

Тамыз айының аяқ кезінде күн салқындайды. Оны, әсіресе, таңертең ерте сезуге болады. Қырқүйекте кейде жеңіл

аяздар да болып қалады. Ертеңгісін шөптер мен үй шатырына қырау түседі.

Дала барған сайын жалаңаштана береді. Гүлдер қурап, шөптер сола бастады. Ағаштардың жапырақтары түрлі - түсті. Тек қарағай, шыршалар ғана жап - жасыл.

Күздік бидай даланы көркейтіп барқыттай жайқалып тұр. Уақытында бәрі де солады. Бірақ күздік егін үсілмейді. Ақша қардың астында қауіпсіз көктемге шейін жатады.

Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар құстармен қимай қоштасты. Көктемге дейін оларды сағынышпен күтеді.

Күз - жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның көңіл күйіне де көп әсер етеді.

Күз

Міне қыркүйек туды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні қыса бастады. Жұрт күземі алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналарда ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алды. Шабындыда әр жерде ғана жаңбарға сарғайған шошақтар тұр.

Ел тегіс биесін ағытып, пысық әйелдер желі-ноқтасын кептіріп алды. Жазды күні көп байлағаны есіне түсіп, шалдар арық құлынын аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, балалар отбасында отыр. Жаз рахат болса, киіз үйдің күздігүні суығын-ай.

Күз

Күз келді. Күз тамаша уақыт. Биыл күз жақсы. Жеміс, көкөніс мол. Колхоз, совхозда адамдар қызу еңбекте. Күзгі егінді төкпей, шашпай жинап алу жолында еңбек етуде. Күздің алғашқы белгісі-кейбір ағаштардың жапырақтары ептеп сарғая бастайды. Мысалы қарақаттың жапырағы бірінші болып сарғаяды. Ауа-райы да бұзылып, суыта бастайды. Жиі жаңбыр жауып, ағаштың жапырағын жұлып жерге түсіреді. Құрт-құмырсқа өздеріне тамақтарын тасып індеріне тығылады. Құстар да жылы жаққа қарай топ-топ болып ұшып кетеді.

Жыл мезгілдері

Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай - бір тоқсан.

Жылда он екі ай бар. Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем айлары - наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары - маусым, шілде, тамыз; күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша.

Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын мес, кейде жаңбырлы, кейде құрғақ.

Жаз - ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз - демалыс кезі.

Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс - жидек, көкөніс өте көп.

Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемет кез!

Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі, қалған күндер - жұмыс күндері.

Қазақстанда мереке күндері қаңтарда, наурызда, мамырда, тамызда, қазанда және желтоқсанда. Бір тәулікте 24 сағат бар. Қазір сағат екі. Бізде сағат он бесте жиналыс бар. Сау болыңыздар!

Тырна

Қар еріп сай-сала бұлақ сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі жаршысындай болып тыраулап тырналар келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін естігеніңмен, көзіңе бірден шалына қоймайды.


Ұқсас жұмыстар
Жыл мезгілдері
Тақырып Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері. Е.Елеубаев
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігін қалыптастыру
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сынып оқушысының танымдық ойлау, өзіндік дағыдыларын жетілдіру барысында тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту (баяндама)
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz