Ш. Құдайбердіұлының Еңілік-Кебек поэмасына арналған сабақ жоспары

Cемей қаласы

Қыздар гимназиясы

Орынғожина. Л. С.

Сабақтың тақырыбы : Ш. Құдайбердіұлының «Еңілік- Кебек» поэмасы

Сабақтың мақсаты : Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап бекітеді.

Сабақтың міндеттері :

  1. Ақын прозасын жүрегімен сезіне біледі, құштарлығы оянады.
  2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауда оқушының ой- өрісі кеңейеді, жауапкершілікке, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйренеді.
  3. Оқушылар адал достықты, сыйластықты, мәрттікті біледі.

Көрнекіліктер: Шәкәрім портреті, үлестірме парақшалар, түрлі- түсті қарындаштар, қатты қағаз.

Сабақтың жүру барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. Қызығушылықты ояту сатысы:

Біз өткен сабақта Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірттерінің бірі Ш. Құдайбердиевтің артына қалдырған бай мұраларының бірі- «Еңілік- Кебек» поэмасының оқиғасымен танысқан болатынбыз. Онда біз «Болжау кестесін» толтырып, әр бөліктер бойынша өз ойларыңды айтқансыңдар. Ал бүгінгі сабақта үйге берілген тапсырма бойынша поэма туралы қосымша ақпараттармен танысып, поэмадағы кейіпкерлер әлеміне шолу жасаймыз.

Осы орайда, ең алдымен «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынандай сауалнамаға жауап берулерің керек:

Тақырып туралы не білесіздер?

Не білгіңіз келеді?

Оқушы әрекеті: Білетіндерін айтып ортаға салады, ой алмасады.

Поэма жайында білгісі келетіндерін айтады. Топтан бір оқушыға сөз беріледі. Ықтимал жауап:

Екі ғашықтың бір- біріне деген сүйіспеншілігі және өшпес махаббаттың құрбандары екендігі туралы.

Екі ғашықтан ұрпақ қалды ма, олардың жалғасы бар ма?

ІІ . Мағынаны ажырату сатысы:

«Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша жұмыс.

Оқушы әрекеті: әр топта он оқушыдан болады, әр оқушының ролі анықталады.

Оқушылар, қазір біз қойылған сауалдарға жауап іздеу төңірегінде «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша топта әр оқушының атқаратын ролін анықтап, поэмаға жан- жақты талдау жасаймыз.

1. Реттеуші

Топ ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.

6. Дәнекер.

Мәтінді өмірмен байланыстырады.

1. РеттеушіТоп ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.:

2. Сұрақ қоюшы.

Ой талқысы басталмастан бұрын, топты сөйлету үшін сұрақтар дайындайды

6. Дәнекер.Мәтінді өмірмен байланыстырады.:

7. Сөз тапқыш.

Мәтін желісіне байланысты мақал- мәтел, нақыл сөздер ұсынады.

1. РеттеушіТоп ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.:

3. Мінездеме беруші.

Әрбір кейіпкер туралы мұқият ойланып, қысқаша мінездеме береді.

6. Дәнекер.Мәтінді өмірмен байланыстырады.:

8. Суреттеуші.

Мәтін желісі бойынша сурет салады.

1. РеттеушіТоп ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.:

4. Іздеуші.

Мәтінге қатысты кез келген қосымша ақпарат жинайды.

6. Дәнекер.Мәтінді өмірмен байланыстырады.:

9. Жазушы.

Ой талқысындағы негізгі бағыттарды қысқаша жазып алады.

1. РеттеушіТоп ішінде уақытты бақылайды, барлығына кезекпен сөз беріп отырады.:

5. Сілтеме табушы.

Мәтіннен барлық оқушыны қызықтыратын жерін табушы.

6. Дәнекер.Мәтінді өмірмен байланыстырады.:

10. Баяндаушы.

Топта өткен ой талқысы туралы мұғалімге және бүкіл сыныпқа баяндап береді.

Қысқаша ықтимал жауаптар:

Мінездеме беруші : Кебек- орта бойлы, тапалдау, кең иықты он бес жасар, қара торы бозбала. Өзі әдепті, үлкендерге сый -құрмет, кішілерге іні деп ізет көрсетеді. Жаудан қашпас, әрқашан ел қамы үшін жанын салып, өлуге дайын. Тым жас болса да, өзінің батылдығымен көзге түсті. Айтқан сөзіне тұрақты, берген уәдесін орындайды.

Еңілік- сұлу, тиянақты, ақылды, қонақжайлы бойжеткен. Кебекті өзінің теңі деп шешті. Сүйіктісіне ғана сырын ашты, өлуге дейін баратынын білдіреді. «Биік қабақ сұрлау қыз» боп бейнеленген.

Нысан абыз - ақылды, сөзге шешен, балгер. Айтқан сөзі ылғи да орындалады. Бал ашып, оның орнына мал алмайды. Жақсылық та, жамандық та болсын, жасырмай шындықты айтып береді.

Іздеуші:

Менің мақсатым: тақырыпқа байланысты кітаптан тыс материалдар іздеп табу. Мен біріншіден; осы «Еңілік- Кебек» поэмасындағы екі ғашықтың ұрпағы туралы біраз материалдар іздестірдім. Іздестіру барысында 1990 жылы 25 тамызда «Семей таңы» газетінде жарияланған Қалихан Алтынбаев ағамыздың мақаласын таптым. Онда поэмадағы баланың одан арғы жағдайы сипатталады. Олардың баласын Еңіліктің әкесі Қара (шын аты Ықаң) ақсақал алдырып, оның Ермек деген атын Жадыра деп өзгертіп, өз бауырына басқан. Бұл баладан ұрпақ бар.

Өз заманындағы Тобықтының көсемі, иесі, кейінгі ұрпақтардың киесі, аруағы болған Би ата 1735 жылы ел Сырдың бойынан ауып келе жатқанда Ұлытаудағы Алашахан, Жошыхан бейіті тұрған Кеңгір өзені бойында туғандықтан атын Кеңгірбай деп қояды. Кеңгірбай өз тұсында елін, жерін ішкі- тысқы басқыншы жаудан қорғап келген батыр, сұлтан болған.

Дәнекер: Қазіргі кездегі махаббат пен Еңілік- Кебектің махаббатының айырмашылығы жер мен көктей дер едім. Осы ғашықтар поэмасы бүкіл қазақ еліне махаббаттың символы ретінде үлгі боп қала береді деп ойлаймын.

Сөз тапқыш:

Махаббат деген қызыл гүл,

Еріксіз сені шақырар.

Қайғысы оның ауыр зіл,

Су түбіне батырар.

Махаббат- екі адам арасын жалғаған алтын жіп т. б.

Оқушылар, Ш. Құдайбердіұлының махаббат құрбандары «Еңілік- Кебек» пен «Қалқаман- Мамыр» поэмалары- жеке адамдар ғана емес, бүкіл ел басындағы трагедияны суреттеген реалистік шығармалар. Сондықтан Шәкәрім өз заманындағы қазақ тарихының үлкен білгірі болғанын байқауымызға болады.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасына арналған 10-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Lesson Study сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасын жан-жақты талдау
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасындағы демократиялық-гуманистік идея: 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік Кебек дастанының тақырыбы мен идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек дастанына арналған 10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: сатылай кешенді талдау
Ш. Құдайбердіұлының Бір кесе меруерт әңгімесі бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары
Шәкәрімнің Еңлік-Кебек поэмасы бойынша 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: қорытынды сабақ жоспары
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасына арналған шығармашылық-ізденістік аралас сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасына арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz