«африка материгі» тақырыбын қайталау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,

№ 50 Н. Тілендиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

География пәні мұғалімі: Ашабаева Манат Дүйсенқызы

Сабақтың тақырыбы: « Африка материгі» тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Жаңа технологияның бірнеше түрлерін ұйымдастыра отырып, Африка материгі бойынша алған білім деңгейін тексеріп, ойын элементтерін пайдаланып материкті жалпы қайталау. Сабақтың әр бөлімін түрлендіре отырып оқушылардың алған білімін қорытындылау.

ә) Дамытушылық: Африка материгінің таңғажайыптары туралы оқушылардың іскерлік, ізденімпаздық, жан-жақтылығын байқау қабілетін жетілдіріп дамыту.

б) Тәрбиелік: Сынып оқушыларын түгел сабаққа қатысуға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Глобус, дүние жүзінің физикалық және саяси картасы, бүктеме, «материктер мен елдерде »кітабы, Қазақстан экциклопедиядасы І том, сызба, кескін карта, атлас, сауалнама тесттер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих, биология.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сайыс сабағының жоспарымен таныстыру.

а. «Кім алғыр?» бөлімі.

ә. «Африка-таңғажайыптар әлемі »

б. «Кім күшті?»бөлімі

в. Сергіту сәті

г. Біз мемлекетті білеміз бе?

д. «Кім жылдам?»

е. Оқушылар шығармашылығынан (Өлең, суреттер,

бүктеме. )

3. Оқушылардың топтармен таныстыру(топ басшысы)

4. Әр бөлімнен кейін бағалау(асықпен)

5. Қорытындылау, оқушылардың өзін- өзі бағалауы.

Сыныптағы оқушылар 4-топқа бөлінді.

1-топ. Меридиан 3-топ. Экватор

2-топ. Параллель 4-топ. Глобус

Топ басшылары өз топтарын таныстыру арқылы глобус бейнесін жасайды. Оқушылар білімі асық жинау арқылы бағаланады. Ал сайыс сабағымызды бастаймыз:

І. «Кім алғыр» бөлімінің шарты:

Топ басшысы сұрақ алып, тобымен жауап береді.

1. Африканың ФГО-на сипаттама берейік.

2. Жер бедері мен пайдалы қазбаларын зерттейік.

3. Негізгі өзен жүйесіне аттанайық.

4. Материктің өсімдігі мен жануарларын, халқын білейік.

Бағалау ( асықпен )

ІІ. «Африка -таңғажайыптар әлемі»- әр топ мүшелері материктің таңғаларлық құпия сырларын ашады.

Бағалау ( асықпен )

ІІІ. «Кім күшті» бөлімі -топтан бір оқушы тақтадан сауалдама сұрақ пен жұмбаққа жауап береді.

Бағалау ( асықпен )

ІV. «Сергіту сәті»

1. Африка елдерін жаңылыспай, тоқтамай жылдам атау (қадаммен) .

2. Африка жемістері(басқа жемісті алып тастау)

Бағалау ( асықпен )

V. « Біз мемлекетті білеміз бе? »

Әр топтың атына сәйкес елді жұмбақтап қою, топ саяси картамен жұмыс жасап, елге сипаттама береді.

1-топқа. Меридиан сызығы бойындағы екінші үлкен мемлекет. (Алжир)

2-топқа. Ніл өзенінің көп бөлігі қай мемлекет территориясынан өтеді?

(Судан)

3-топқа. Экватор сызығы бойындағы ең үлкен мемлекет. (Заир)

4-топқа. Кофенің Отаны -қай мемлекетте? (Эфиопия)

Бағалау ( асықпен )

VІ. «Кім жылдам?»

Бұл не?-деп аталатын сұрақа жылдам жауап беру.

1. Африги- тайпа 1. 30, 3 млн. ш. ш. - жер көлемі

2. 7. 5 тонна- піл салмағы 2. Ніл- өзен

3. Виктория- сарқырама 3. Мадагаскар- арал

4. Атлант- мұхит. 4. Қызыл- теңіз

5. Пигмей- халық 5. Атлас- тау

6. Алжир- мемлекет, астана 6. Рас-Хафун- мүйіс

7. Ине- оңт. мүйісі 7. Нигер- мемлекет, өзен

8. Цеце -шыбын 8. ОАР- мемлекет

9. Саванна- табиғат белдеуі 9. Калахари- шел

10. Зебра - жануар 10. Арахис- өсімдік

1. Африка пілі- ең ірі жануар 1. Сахара- шөл

2. Килиманджаро- жанартау 2 . Ассаль- көл

3. Танганьика- көл 3. Тугела- сарқырама

4. 6671 км- Ніл өзенінің ұзындығы 4. Чад -мемлекет, көл

5. Сомали- ел, түбек 5. Уәдтер- құрғап қалған арна

6. Кофе- ағаш, сусын 6. Египет- мемлекет

7. Конго- мемлекет, өзен 7. Секретар- құс

8. Айдаһар- тау 8. Тутси, хими- тайпа, халық

9. Гепард- жануар 9. 700 млн. - халық саны

10. Шөлдегі кеме -түйе 10. Пирамида- 7 кереметтің бірі

VІІ . Оқушылар шығармашылығы.

(өлең, суреттер, файл)

Қорытындылау . (қорапқа салынған асық арқылы өзін-өзі бағалау) .

Үйге тапсырма:Материкті қайталау, сөзжұмбақ құрастыру.


Ұқсас жұмыстар
Африка – ғаламшар жүрегі
Африка материгі. 7-сынып
Оңтүстік Америка материгін қайталау
Материктің Оңтүстік шеткі нүктесі
«материктер жарысы» атты сайыс сабақ
Африканың халқы және елдері
Африка материгі-10 сағат
Сұрақтар материкті
Емтихан билеттері. 7-сынып.география
Солтүстік, Батыс Африка мемлекеттеріне экономикалық географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz