Ондық бөлшекке бөлу: оқу-әдістемелік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекке бөлу

Мақсаты: Оқушыларды :

Білімділік: Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есептеуге пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі басқаруға ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз мүмкіндіктеріне сенуге, еңбектенуге, жеңіске жетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Құрал-жабдықтар: Компьютерлік сынып, интербелсенді тақта, суреттері бар карточкалар.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тугендеу

Оқушылар, «саяхатшы Дара» мультигін көрген боларсыздар. Бүгінгі сабағымызда Дара сіздерді ертіп, қазынаны іздеуге саяхатқа шықпақшы. Шығамыз ба?

Саяхатқа шығу үшін бірінші жол сумкасын дайындаймыз. ( Дара үй тапсырмасын дұрыс орындап келген оқушыларға жол сумкасын таратады) .

Үй жұмысын тексеру ( 1-слайд шығып тұрады: жол сумкасының суреті )

№1121. Бірінші поезд 4 сағатта 251, 6 км, екінші поезд 5 сағатта 298 км жол жүреді. Поездардың жылдамдықтарын тауып, салыстырыңдар.

Шешуі: 1-ші поезд жылдамдығы : 251, 6:4=62, 9 км/сағ.

2-ші поезд жылдамдығы : 298:5=59, 6 км/сағ.

62, 9>59, 6

Жол сумкасына жолға керекті заттарды салуымыз керек, ол үшін Дараның сұрақтарына жауап беруіміз керек.

2- слайд ашылады . Нанды алу үшін ( нанның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Қандай тарауды оқып жатырсыңдар?

Жауап: Ондық бөлшектер . ( дұрыс жауабын жазған оқушыға нан суреті артында 1 ұпай жазылған таратылады) .

3-слайд . Колбасаны алу үшін ( колбасаның суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекпен жазыңдар:

  1. Нөл бүтін жүзден тоғыз:0, 09
  2. Он бес бүтін, мыңнан жетпіс бес : 15, 075

4-слайд. Жіпті алу үшін (жіптің суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді салыстыр:

40, 01 < 400, 1

5-слайд. Тассай суын алу үшін (тассай суының суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшектерді қосу

72, 51+0, 325=№72, 835

6-слайд . Фонарик алу үшін (фонариктің суреті шығады)

Сұрақ : Ондық бөлшекті азайту

18, 3-7, 65=10, 65

7-слайд. Компас алу үшін (компастың суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

28, 04 \bullet 8═224, 32

8-слайд . Орманмен жүру үшін (орманның суреті шығып тұрады)

Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

8, 5:50=0, 17

Орман (аюлардан құтылу үшін) . Орманмен 1, 2 сағатта 5, 52 км жо жүрдік

Сұрақ: Қандай жылдамдықпен жүрдік?

Оқушылардың өздері 5, 52:1, 2 бөлу керек екенін айтады, яғни ондық бөлшекке бөлу керек екенін, оны өтпегенін айтады . олай болса, жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Ондық бөлшекке бөлу (мақсаты айтылады)

5, 52:1, 2═

1, 2-де бір ондық таңба болғандықтан, бөлінгіштегі үтірді де, бөлгіштегі үтірді де оңға қарай бір цифр аттап көшірдік:

55, 2:12═ 4, 6 км/сағ

Ондық бөлшекке бөлуді натурал санға бөлуге келтіріп орындауға болады.

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

  1. Бөлгіштегі қанша ондық таңба болса, бөлгішпен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшру керек.
  2. Шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.

9-слайд. Аюлардан өту үшін ( ормандағы 4 аюдың суреті шығады)

Сұрақ: Ондық бөлшекке бөлу

Мысалы: 1) 2, 5:0, 5 ═5 2) 5:0, 5═1

2, 5:0, 5═25:5═5 5:0, 5═50:5═10

  1. 9:0, 09═100 9:0, 09═900:9═100
  2. 0, 36:1, 2═0, 3 0, 36:1, 2═3, 6:12═0, 3

10-слайд . Қсақырлардан өту үшін (қасқырлардың суреті шығады)

№1145 шығару

13, 125:1, 5=8, 75

13, 125:1, 5=131, 25:15=8, 75

11-слайд . Өзеннен өту үшін ( өзеннің суреті шығады)

0, 385:0, 77=0, 5

0, 385:0, 77=38, 5:77=0, 5

12-слайд . Дельфиндерден өту үшін (дельфиндердің суреті шығады)

9, 02:5, 5=1, 64 9, 02:5, 5=90, 2:55=1, 64

13-слайд. Айдаһардан өту үшін (айдаһардың суреті шығады)

№1151. 1) 0, 1х=6, х=6:0, 1, х=60

2) 0, 2х=72, х=72:0, 2, х=720:2, х=360

14-слайд . Сандықты алу үшін алаяқтардың қателестірген үтірін дұрыста: (сандықтың суреті)

86, 1:0, 41=8810:4, 1=210

15-слайд. Кілтті алу үшін (кілттің суреті шығады)

  1. 27, 1:0, 1=271
  2. 0, 32:0, 01=32

16-слайд. Есікті ашу үшін (есіктің суреті шығады)

Ондық бөлшекке бөлу ережесі

17-слайд. Қазынаны табу үшін өлең шығару (гимназия сыныбы)

Кітап-білім қазынасы

18-слайд. Үйге тапсырма : №1148


Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке бөлу бойынша қысқамерзімді сабақ жоспары
Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру: 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу: ереже және сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді оқу және жазу: сабақ жоспары
Оңдық бөлшектерді қосу және азайтуға арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: кіріктірілген сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
5-сынып сабақ жоспары: Ондық бөлшек - ондық бөлшектерді оқу және жазу
5-сынып математика сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді оқу, жазу және жай бөлшектерді ондыққа түрлендіру
5-сынып математикасы: Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу бойынша бекіту сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz