Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр туралы ақпарат

Бұрма орта мектебі
Бекітемін Келісемін
Мектеп директоры: Тәрбие ісі меңгерушісі:
Абишев Н. А. Құнанбаева Г. М.
«» «»
Тақырыбы:
«
Қазақстан - 2050 стратегиясы:бір халық- бір ел - бір тағдыр»
Сынып: 7 «А»
Сынып жетекшісі: Аманжолова Г. А.
2013-2014 оқу жылы.
Тақырыбы: «Қазақстан - 2050 стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр.
Мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәриелеу.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру.
Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар, слайд.
Барысы: Амандасу, түгелдеу.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.
-Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні сабағымызды : «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар, себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз - игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
III. Сұрақ-жауап
2. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3. Тудың авторын атаңыз.
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж. 30тамызда, 16 жыл)
9. Республика күнін айтыңыз. (25 қазан)
10. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?(1996ж. 16 желтоқсанда) .
IV. Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (
Ж
аһандық)
2. Отағасының антонимі (
О
танасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (ба
Л
а)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт
Д
енсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (л
А
тын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім ал
У
)
(
ЖОЛДАУ
сөз шықты)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы -балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр.
Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда.
Ү. «Елдің қамы - Елбасының жолдауы»
Енді, 2012 жылы Ел - Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады.
Жіктеп аталған бұл жетеудің астарында зіл-батпақ салмақ жатыр.
Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуы тиіс, - деді Президент. Мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымының пайдасы болуы тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz