Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білім сапасын арттыру жолдары

Қоғам дамуындағы қолға алынған жұмыстар халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуға бағытталатыны заңды құбылыс. Әлемдік қоғамдастық қаржы дағдарысын басынан өткізіп жатқан бүгінгі күні де Қазақстан өзінің әлеуметтік басымдықтарға адалдығын таныта білді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылданған әлеуметтік бағдарламалардың орындалатынына кепілдік беріп қана қоймай, дағдарысты еңсеретінімізді, тіпті одан әлдеқайда күшті мемлекет болып шығатынымызды айтуы ертеңгі күнімізге деген сенімді нығайта түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы <<Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға>> атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміз үшін күрделі кезеңде жарияланған маңызды құжат болып табылады. Сондықтан да болар жұртшылық оны жылы қабылдап, ондағы бағдарлы бастамаларды бір кісідей қолдап іске асыруға жұмылып жатыр. Қоғам дамуының барлық саласы қамтылған бұл Жолдауда Білім беру саласына да мән берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың <<Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға>> атты Қазақстан халқына Жолдауы білім беру жүйесінің алдына оқу процесіндегі сан салалы мәселерді шешу ісіне әр педагогтың тікелей қатынасуы және олардың жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыруға дайын болу міндеттерін қойып отыр. Қазақстан Республикасының дамуы және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен жаһандануының кепілі - білім сапасын арттыру болып табылады. Соның ішінде, филологиялық пәндерді оқытудың сапасын арттыру мәселелері жайлы айтсақ.
Әр бала өзіндік табиғи қабілеттерімен дүниеге келеді. Келе-келе оның ойлау, сөйлеу қабілеті қалыптаса бастайды. Филологиялық пәндер - мектеп қабырғасында жүрген баланың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыған үстіне дамытады және ойды сыртқа айшықтауда ерекше роль атқарады. Филология пән ретінде оқушыны адамды тануға, ел тануға, қоғамды тануға, әлемді тануға жетелеп, сонымен қатар, ол адамзаттылық қасиеттер мен ұлттық болмысты бойына сіңіруге зор әсерін тигізеді. Ерекше пән деп қарастыруымыздағы басты негіз - ол барлық пәндердің яғни, химия, биология, физика,география, тарих, математика,информатика т.б діңгегі. Себебі, аталмыш пәндердің барлығы ойлау, сөйлеу арқылы іске асып жататыны белгілі. Сондықтан, филологиялық пәндерді оқытудың сапасын арттыру мәселелері деп бөліп қарамай, жалпы білім беру сапасын арттыру жолдарын іздеп көрелік.
Оқыту сапасын арттыру деген не? Ол үшін не істеу керек? Жалпы алғанда, білім беру сапасын арттыру - бір тұтас жүйе.
Біріншіден, Осы жүйенің әрбір кезеңінде арнайы мақсаты бар нақты істер атқарылуы тиіс;
Екіншіден, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындауда кездесетін қиындықтардың алдын-алу үшін арнайы курстардан уақытымен өтіп, мұғалім өзін-өзі дамытып отыруы керек
Үшіншіден, педагог мамандардың кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында мектеп ұжымындаға мұғалімнің әрқайсысына дербестік беріліп, жеке бастамаларының дамуына жағдай жасалғаны жөн;
Төртіншіден, сыртқы бақылау (мектеп әкімшілігі, аудандық, облыстық, республикалық әкімшілік тарапынан) және ішкі бақылау (мұғалімдердің, оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, өзін-өзі бағалауы,өзін-өзі бақылауы) үрдісінің жүйелілігін, бірізділігін жүзеге асырған абзал.
Бесіншіден, сабақтан тыс уақытта өтетін үйірме, айлықтар мен апталықтардың жұмыс жосапрларының сапалы құрылғаны дұрыс;
Алтыншыдан, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмастыру, озық іс-тәжірибенің таратылуы керек.
Осындай бағытта жұмыс жасағанда ғана білім беру сапасын арттыруға болады. Неге десеңіз, білім беру сапасының артуы - мұғалімнің және педагогикалық ұжымның идеяларының, оның жұмыс тәсілі мен әдісінің сапалы нәтиже беретін тиімді тәжірибе іспеттес оқу-тәрбие үрдісінде өтетін шығармашылық жұмысының жемісі.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Еліміз егемендік алғалы қоғамдық өмірдің барлық салаларында соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашты. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі - мұғалім. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі <<дайын>> білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар - тек педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Барлық білім беру қызметкерлері сияқты, менің де мақсатым өз пәнімді оқыту сапасын арттыру. Осыған байланысты, Мағжан Жұмабаевтың: <<Бала еш уақытта іссіз отыра алмайды, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді >> деген сөзін басты қағида санаймын. Сол себепті әрдайым оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға тырысамын. Оқушының ізденімпаздық қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденісі артады. Оқушы шығармашылық ізденісін ұйымдастыруды 4-кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең: Негізгі мақсатын айқындап, ажырата білуі тиіс. Мақсаты: сабақта алған білімін тереңдету; қөзқарасын қалыптастыру
Екінші кезең: Таңдаған тақырыбы, мақсатына сай әдебиеттер жинайды, олардан сұрыптап алуды үйренеді.
Үшінші кезең: Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша реферат, баяндама, буклет т.б жасауды үйренеді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Төртінші кезең: Оқушы өзінің шығармашылық жұмысын қорғауға дайындалады.
Оқушыға білімді меңгерту танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық әрекетке құрылғанда ғана талай-талай жетістікке қол жеткізуге болады деп ойлаймын.
Мұғалім оқу мен тәрбие егіз екенін еш уақытта естен шығармағаны жөн, тәрбиенің нәтижесінде ғана сапалы білімге қол жеткізуге болады. <<Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі>>, - дейді ұлы ғұлама Әл-Фараби. Оқу мен тәрбиені қатар алып жүретін әр мұғалімнің құзіреттілігі біліміне, практикалық іс-тәжірибесіне, жеке басының қасиетіне, оқу-тәрбие үрдісі мен шығармашылықтағы ізгі іс-әрекеттеріне байланысты. Ал, оқушының құзіреттілігін жеткізетін - мұғалім. Сол себепті, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі бірінші орында болуы керек. Кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім:
* педагогика - психологиялық білімі терең болуы;
* әр түрлі педагогикалық ситуацияларды шеше алуы;
* Мемлекет тарапынан келетін нормативтік құжаттарды білуі шарт.
Ойымды қорыта келе, білім беру сапасын арттыру үшін әр мұғалім өзінің кәсіби құзіреттілігін арттыруы керек деген ұсынысым бар.




Ұқсас жұмыстар
Коуч сұрағы
Оқушыларды математика пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
Құзыретті оқушы
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Блум жүйесі
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет
Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру
Таным үрдістері
Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамыту жолдары
Пәндер