Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар бойынша қайталау сабағының жоспары

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау.

Г. Меңдіғазиева,

Ж. Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі

Әр сабақты қызықты өткізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту мақсатында «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбын қайталау сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

1. Арифметикалық, геометриялық прогрессияның анықтамасын, n-ші мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп есептер шығаруда қолдана білу;

2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;

3. Логикалық ойлау қабілетін, танымын пәнге қызығушылығын дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілік: Интерактивтік тақта, формулалар, тест, кеспелер.

Сабақтың түрі: Қорытындылау, қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

2. Оқушыларды екі топқа бөлу.

I. Ой толғау (сұрақтарға жауап беру) .

Арифметикалық прогрессия
Геометриялық прогрессия
: 1
Арифметикалық прогрессия: Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
Геометриялық прогрессия: Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
: 2
Арифметикалық прогрессия: Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды?
Геометриялық прогрессия: Қандай санды геометриялық прогрессияның еселігі деп атайды?
: 3
Арифметикалық прогрессия: Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін айт.
Геометриялық прогрессия: Геометриялық прогрессияның қасиеттерін айт.
: 4
Арифметикалық прогрессия: Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессия: Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы
: 5
Арифметикалық прогрессия: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
Геометриялық прогрессия: Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы

II. Кім жылдам? Есептер шығар.

  1. Хn=6n-2 тізбегінің бес мүшесін жаз.
  2. 7; 11; 15; …арифметикалық прогрессияның айырмасын тап.
  3. b4=16, b6=64 геометриялық прогрессияның еселігін тап.
  4. b1=1, q=3 геометриялық прогрессияның b6-неге тең.
  5. а1=3, d=10 арифметикалық прогрессияның а13-неге тең?
  6. a1=-33, d=2 арифметикалық прогрессияның s10-неге тең?
  7. bn=5*2nгеометриялық прогрессияның s3және q тап.
  8. 1, 1/4, 1/16, . . . ; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын тап.
  9. b2=15, b3=75 болатын геометриялық прогрессияның b5-мүшесін тап.
  10. а1=30, a3=36, a5=42 болатын арифметикалық прогрессияның а7, а10мүшесін тап.

III. Формуланы кім жылдам жазады? (екі топтан шығып жазады)

Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия

  1. аn=a1+d(n-1) bn=b1*qn-1
  2. an+1=an+d bn+1=bn*q
  3. d=an+1-an…. q=bn+1/bn……

IV. Біліміңді тексер (Кестені толтыру, екі топқа)

a 1
d
n
a n
s n
a1: 110
d: -10
n: 11
an:
sn:
a1:
d:
n: 26
an:
sn:
a1:
d: 3
n: 12
an:
sn: 12
a1:
d: 2
n: 15
an: -10
sn:
b 1
q
n
b n
s n
b1: 1
q: 3
n: 10
bn:
sn:
b1:
q: 0. 5
n: 8
bn: 2
sn:
b1: 2
q:
n: 7
bn: 1458
sn:
b1: 0. 5
q:
n:
bn: 1/128
sn: 127/128

V . Прогрессия тақырыбына сөзжұмбақ шешу.

VI. Сабақты қорытындылап, әр топтың нәтижесін шығарып, баға қою.

VII. Үйге тапсырма . №317, 320

Ақтөбе облысы,

Темір ауданы.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып алгебрасы: арифметикалық және геометриялық прогрессиялар бойынша жалпылау сабағының ақпараттық картасы
11-сыныпқа арналған арифметикалық және геометриялық прогрессиялар бойынша қайталау сабақ жоспары
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: сабақ жоспары, теория және практикалық есептер
Прогрессиялар: арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың анықтамасы, қасиеттері мен қолданылуы
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар - геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: бекіту және қорытындылау сабағы
II тарау бойынша арифметикалық және геометриялық прогрессияларды қайталау
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: анықтамалар, формулалар және есептер (қорытынды сабақ)
9-сынып алгебрасы: арифметикалық және геометриялық прогрессиялар формулаларын қолдана отырып есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz