Еңбекке баулу "сәукеле "

«№5 гимназия сыныптары бар жалпы білім беретін орта мектеп» Мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Сәукеле тігу
Пәні: Еңбекке баулу
Күні : 18 ақпан 2013 жыл
Сыныбы: 4 «А» гимназия сыныбы
Өткізген: Чокибаева Орал Жұбанышқызы
2012/2013 оқу жылы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету
Дамытушылық: Оқушының ой - қиялын дамытып, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар
Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі
Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгелдеу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасы.
- Ұлттық киімдердің қандай түрлері бар?
Оқушыларды сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыппен таныстыру
1. Мата түрі (масаты)
2. Көркем сөзінің синонимі (әсем)
3. Тымаққа тағылатын нәрсе (бау)
4. Сырт киім (ішік)
5. Көйлек бөлігі (етек)
6. Әйелдердің ұлттық киім (қамзол)
7. Әжелер киетін ұлттық бас киім (кимешек)
Сөзжұмбақтың ортасынан «сәукеле» деген сөз шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сәукеле тігу.
Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп. Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.
Сәукеле -қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Сәукеле - тек ұзатылатын қыздың бас киімі, оны беташарға дейін киген, етегі қымбат терімен көмкерілген, сосын міндетті түрде желегі болған. Яғни, ұзатылатын қыздың сәукелесінің желегі бетін көмкеріп тұрады. Қалыңдықты жасырып, жүзін көрсетпей көмкеріп тұрады дегенге сөз, беташардан кейін сәукеле алынады да, желек немесе бергек жас келіншектің басына орамал болып тағылған. Жаулық жас келіншектің басына өзінің әнімен, сәнімен келген. Сөйтіп үлкен салт, дәстүрмен келіп барып, қазақ келіншегінің басына жаулық боп түсетін болған.
«Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмалдың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қолақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.
«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл «байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жатқан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан деседі.
Сәукеле - тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа өмірге жасалар қадам. Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол - ерекше бір салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукелелі келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды.
Қыз өз үйінен ұзатыларда шешесі қызының басындағы үкілі тақиясын алып сәукелені өз қолымен кигізіп, ақ батасын беріп аттандырған.
Сәукеленің негізгі бөліктері:
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады. Жоғарғы жағына үкі тағады. Ата -бабамыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жылан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген. Күміс тазалықты білдірсе, жылан басы тіл -көзден сақтайды деп түсінген.
Жұмыстың орындалу реті:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz