Білімді ұрпақ ұлт болашағы. ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Білімді ұрпақ - ұлт болашағы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі : танымдық ойын
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл -тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім - кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың - халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І - « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
- Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
- Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
- Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
- Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
- « Үш бақытым» М. Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
- « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
- Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
- 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
- Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
- Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
- 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
- « Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
- Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
- 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот . Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
- Жақсы . . . үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
- Айдың он бесі . . . , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
- Көңіл сырын . . . білдіреді ( көз, глаз, eye)
- . . . - алтын қазына ( кітап, книга, boor)
- Еңбегі жоқ . . . - ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
- Көз қорқақ, . . . батыр ( қол, рука, hard)
- . . . басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ ( су, вода, water)
- . . . алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
- Есепші . . . қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
- Күндіз . . . алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
ІІІ - « Ата салтың - халықтық қалпың» Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
- Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
- Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
- Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
- Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
- Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
- Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
ІҮ - « Іздеген жетер мұратқа » ойын ережесі: 2 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
Қазақ тілі
50 ұпай - Буынның неше түрі бар және оларды ата? ( ашық, тұйық, бітеу)
100 ұпай - Бір-біріне қарама-қарсы сөздер ( антонимдер)
200 ұпай - жалпы халыққа ортақ түсініктер сөздер не деп аталады? ( жалпылама лексика)
Спорт
50 ұпай - Футбол ойынына қанша адам қатысады? (11 адам)
100 ұпай - Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
200 ұпай - Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)
Ү - Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
- Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
- Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
- Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
- Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
- 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
- Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
- Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
- Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапталады.
Қорытынды: Нені білдік?Нені үйрендік?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz