Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бектауата маңындағы тауындағы тастардан сувенир жасау
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің
I санатты,
бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбаева Гульсара Силановна
Тақырыбы: Бектауата маңындағы тауындағы тастардан сувенир жасау.
I.Кіріспе бөлім.
Өзектілігі: Атадан қалған мұраны бүгінгі күнде жастар арасында насихаттап,
қиялымды Бектауата маңындағы тастарының бетіне түсіру.
Проблемасы: Бүгінгі күннің талабына сай мәдени мұраны жүзеге асыру. Балқаш
қаласы туристік қалаға айналғалы отырғанда,еліміздегі дағдарыс кезеңінде
қаланы көркейтуге табиғат ресурстарын барынша пайдалану.
Мақсаты: Әдемілігімен, әсемдігімен көз тартатын, қасиетті жерден шыққан
Бектауата тастарын табиғи құндылықтарын дәріптей отырып, заманымызға сай
әшекейлеу, сувенирлер жасау.
Міндеттері: Бектауата маңындағы тастарының қасиетін зерттеу үшін іздену
жұмыстарын жүргізу керек. Аса құнды табиғат байлығын баға жетпес ескерткіш
– сувенирге айналдыру керек.
Нәтижесі: Бектауата маңындағы тасының қасиеттілігі оның әр отбасына құт -
береке әкелетіндігі.
Ұсыныс:
1.Қасиетті Бектауата маңындағы шоқыларға монументтік мүсін жасап, қаланы
көркейтуге өз үлесімді қосу.
2.Балқаш қаласы туристік қалаға айналғалы отырғанда, туристерге ескерткіш
ретінде Бектауата маңындағы тасына сурет салып,сувенир ұсыну.
ІI. Негізгі бөлім
Бектауата тауындағы тастарды әшекейлеу – сәндік қолданбалы өнер түріне
жатады. Тастар әсемділігімен, әдемілігімен көз тартады. Мен қаладағы өнер
мектебінің сурет бітіргендіктен ой-арманым осы тастарды безендіру болады.
Тастарды заманына сай әшекейлеп, табиғи құндылықтарды дәріптей отырып,
үйлестіру еді. Ал бұл қолданбалы өнер – дизайнға жатады. Дизайн – ағылшынша
түпкі ой, жоба дегенді білдіреді. Көркемдік жобалау, әдемілеу – өнер. А.В.
Луначарский былай дейді: «Заттарға қуанышты сырт әлпет беруге өнерді
мәжбүр ету, оны өнеркәсіпке қосылуға мәжбүр ету керек – бұл тамаша және
бірден болғанымен, жетуге болатын міндет».Тас бұйымдар эстетикалық талғамға
сай бейнеленген. Бектауата тауларындағы тастар қасиетті жерден
болғандықтан, сувенир ретінде әрбір отбасына саулық тілеп, береке бірлікті
шақырып тұрғандай болады. Осы еңбекте мүсін өнері, қолданбалы сәндік өнер
туралы мағлұмат беріліп, қаланы көркейтуге оқушының өз үлесі қосқысы
келетіні жайлы айтылады. Қолөнер көне заманнан бері халық тұтынып жатқан
ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым
әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын
ағашқа, сүйекке, керамикаға, түсті металға, тасқа бейнелейтін сюжетті
өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғарғы дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи
жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан
жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірді өзінің
өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардығ творчествосы арқылы қалыптасып,
мәдени мұраға айналған. Өнер –әсемдіктің ең жоғарғы түрі, сондықтан
тастарды әсемдеп әшекеледік. Бектауата тастарына табиғат көрінісін
бейнеледім, ол адамдардың эстетикалық талғамын арттырады. Бұл табиғи
тастардан шыққан шығармашылық жұмыстар «Факел» лагерінде болғанда
мұғаліммен саяхатқа шыққанда пайда болады. Біз табиғи тастарды жануарларға
ұқсатып боядық, тастарға Бектау-Ата бейнесін, сұлу табиғатын салдық.
Алдымен эскиз жасап, оны акварель, гуашьпен бояп, лактадық. Қолданбалы өнер
деп эстетикалық сапаларға ие, өзінің әдемілігімен біздің көзімізді
қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің
табиғаты жағынан архитектура мен туыстас: онда пайда мен әсемдік бірігіп
жатады. Қолданбалы өнер халық творчествосымен ерекше тығыз байланысты.
Мұндай өнер туындыларына жиһаз, кілемдер, ойыншықтар, сувинирлер де
жатады. Түстерің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің
байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді қабылдауға бейімділік
байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей
қоймайды. Суреттегі көріністі бейнеленген аспан, тау, биік таулардың әсем
табиғаты, көкшіл жаз түстер, Бектау-Ата шығаршалықтар, жұмыстар адамға
табиғатқа деген сүйіспеншілік, ыстық сезім береді. Қазақ халықының сәндік
қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай
мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Халықтың мәдени
дәрежесі өскен сайын ұлттық қол өнердің озық қолөнерімен үлгілері әлемдік
мәдениетпен де өз орнын алады. Қазақ халқының қолөнері түрлерімен кең
көлемде танысқыларың келсе, этнографиялық әдеби кітаптар оқыңдар. Бұ
салада ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Халықтың қолөнер
бұйымдарын өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымр
мен заттардың ұнасымдылығы мен дәлділігі, олардың жарасымды болып жасалуы
суретшілік көзбен қаралуы тиіс. Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне
қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнер болады.
Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.
Сурет салу өнері өте ерте кезден бастау алады.
1. Мүсін өнері.
Мүсінді «скульптура» деп те атайды. Ол латынның – sculptura деген сөзі,
«қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал – аумақты
форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікті көруге, жан-жағынан
толық қарауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып
келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст – кеуделік
мүсін; статуя – адам денесін тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы
композиция – бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма. Рельеф
– тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік
бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың
бетінен аз шығып тұрса , барльеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан
көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден
келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді,
Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол
өнер осы мүсін болып табылады. Мүсін – ең ежелгң өнердің бірі. Біз бұдан
мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек, шеберлерінің қолынан шыққан
тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің біздің қоршаған дүниені өзінше
бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі – бояу,
суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын
тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды.
2.2. Тас мүсіні .Тағы бір қатты скульптуралық материал – тас – көптеген
себептерге байланысты әуесқойға біршама қиын. Түрлі тас жыныстарының
ішіндегі скульптура үшін ең жақсысы ақ мәрмәр (грекше mramoros –
жарқыраған) болып табылады, ол антикалық скульптура өте кең тараған.
Адамзат тарихының сан ғасырлары ішіндегі бұл тас өзіне лайықты бәсекелес
тапқан. Антикалық әлем өзінің көркемдік деңгейі жағынан маңдай алды
мәрмәр мүсіндерді ғана емес, осы материалды өңдеу техникасындағы барлық
басты нәрселерді де береді. Қардай аппақ, ішінара жарық өткізетін, өзіне
түскесн жарықты өзінің сыртқы бетімен ғана емес, сондай-ақ материалдың
тереңінен де шағылыстыратын мәрмәр шебердің қолымен натураның тынымсыз
өміршеңдігі мен тыныс беруге қабілетті. Сондықтан да ол әрдайым
мүсіншілердің сүйікті материалы болып келді.және солай болып қала
береді.Атақты француз мүсіншісі ең жақсы материал деп есептеді. Мүсіншілер
скульптураның сипаты мен атқаратын қызметіне қарай тастың басқа да көптеген
жыныстарын пайдаланады. Олардың іштеріндегі ең көп тарағаны – түрлі
қаттылық пен құрылымға ие грани, құмай тас, әк тасы. Сондай-ақ көптеген
неғұрлым сирек кездесетін және қымбат тас жыныстары қолданылады.
2.3.Қорытынды. Бектауата таулары баяғы заманда «Маяк» ретінде болған.
Аңшылар, жолаушылар жолды осы тауларға қарап тапқан екен. Тау етегіндегі
тастарды әшекецлеу туралы ой жаз мезгілінде «Факел» лагеріне барған кезде
пайда болды. Саяхатқа отрядпен барғанда түрлі гранитті тастарды тауып,
пішінін ойлап, тастарға сурет салып боядым. Ең бірінші тастың пішініне
қарап, өз қиялыммен сурет салдым. Алғашқыда қарындашпен, көмірмен суретін
салдым да, содан кейін гуашьпен бояп, одан кейін түссіз лакпен лактадым.
Бұл тастар сәндік қолданбалы өнерге жатады, сувенир ретінде әшекейледім.
Көркемдегі жағынан эстетикалық мәні зор, ерекше құндық заттар болып
табылады. Бұл тастар өзінің әдемілігімен , әсемдігімен көз тартады. Қандай
нәрсенің болсын кескінін белгілегенде ең алдымен оның шамамен болса да
жалпы пішінін белгілеп алып, сонан кейін ұсақ-түйектерін кескіндеуге
көшу.қажет. бұл бейнелеу өнерінде бүтіндік заңы деп аталады. Сурет
салардығ алдында ең алдымен салынатын суретті қағаз бетіне дүрыс
орналастыру керегін алдын ала ойластыру қажет. Бұл жұмысты бастағанда
әуелі суреттің жоғарғы және төменгі (сол жағы мен оң жағындағы)
шекараларын белгі алу керек. Бірақ, тастың жиектерінен ашық орын қалдырып
отырған дұрыс. Сонда сурет жинақы, әдемі болып көрінеді. Негізгі
пропорцияларды белгілегенде өте мұқият болған жөн. Суреттің жалпы биіктігі
мен енін анықтамас бұрын, бейнелейтін объектіні мұқият зерттеп, оның
негізгі пропорцияларын белгілеуге көшуге болады. Шығарманың жоспары
үйлесімді, қисынды жетілдіру үшін эскиздер жасау керек. Кез келген
пейзаждың басты элементтері – жер, аспан, су, ағаштар болып табылады.
Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен осы элементтерді, әсіресе
ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әтпесе пейзаждың суреті өңсіз
декорациялық дақтардың жиынтығына айналады – барлық аңаштар бірдей болып
шығады, жер мен судың көлбейлігі сөзілмейтін болады, таулар мен бұлт өзіне
тән формаларын жоғалтады. Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен
бейнеленген көріністің шегін анықтап алу керек. Сурет салуды жаңа бастаған
суретші алғашқы кезде көрсеткіш тетікті – ортасынан тік бұрышты тесік
кесіп алынған картонды немесе қағазды пайдалана алады. Әдетте көкжиек төмен
деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға
ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде (суретші, мысалы, таудан қарап
тұрғанда), төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алса деген тілек пайда
болады.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер:
1.А.С. Щипанов Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге. Мектеп баспасы,
2.Прибалхашье Алматы. Қайнар, 1984ж
3.Қазақ халқының дәстүрлі өнері «Алматы кітап» 2007ж
5.Бейнелеу өнері У.Ибрагимов, Қ.Болатбаев, Б.Әлмұхаметов, З. Айдарова
– Алматы. Атамұра 1997
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz