Сабақ жоспары :: Құқық негіздері
Файл қосу
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы,
Қаратоғай орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы-еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп,күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл- адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы - <<Адамнан-адам тәлім алады, ағаштан - ағаш мәуе алады>> деген сөз бекер айтылмаған.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық- зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық - өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында , алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел - бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы"-деген болатын. Балалар - еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
<<Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз>>.<<Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз>> - дейді дана халқымыз. Отбасындағы ата - ананың мінез- құлқы - баланың көз адындағы үлгі - өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық - зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасынын зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі - жаман қылықтардан, зорлық зомбылықтан аулақ болу. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Сондықтан, жаман әдеттен аулақ болайық. Сонымен бірге әр баланың 10 түрлі кеңесті білгені жөн.
1) әрдайым дастархан басында ата-анаңмен бірге отыру
2) отбасы мүшелерінің арасында пікір алмасу;
3) отбасында назарды жақсы жаққа аудару;
4) қажет болған кезде қастарынан табылу;
5) ата-анамен үнемі жақсы қарым-қатынаста болу;
6) отбасы мүшелерінің арасында мақтаулы қошемет жасау;
7) отбасы мүшелеріне тосын сый жасау;
8) кешірімді болу;
9) өз қуанышың мен қайғыңда отбасыңмен бөлісу; 10) өмірлік мақсатты еске сақтау. Осы кеңестерді ұстанған баланың болашағы зорлық-зомбылықсыз өтері хақ. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым - қатынастың болуымен негізделеді.
<<Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.>>-деген екен, В.А.Сухомлинский. Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс. <<Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата - аналардың қателіктерін қайталайды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz