Ұмытылмас ерлік: Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні және отансүйгіштік тәрбиесі

Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік»

Мақсаты : 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің

мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу

дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі

таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін

үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-

дыққа баулу.

1 Бөлім. Кіріспе сөз.

Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер !

Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл - біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақты, сіздерді аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу - міндетіміз.

Бүгін біздің ортамызда соғыста ерлікпен шайқасқан аталарың құрметті қонағымыз болып отыр.

1-оқушы . Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің мерейтойына арналады.

2-оқушы . «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.

3- оқушы .

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

4-оқушы.

Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

5-оқушы . 9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

6-оқушы. Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.

7-оқушы . Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.

8-оқушы . Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

9-оқушы . Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

Ән. «Бейбітшілік сақталады» ( хор. )

10- оқушы . Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

11-оқушы . Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

12-оқушы . Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

13-оқушы . Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

14-оқушы . Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде, -

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

15- оқушы . Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

Орыс, қазақ, қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

Даңқ қосып даңқына,

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқына,

Ерлігімен өтеді.

16-оқушы Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.

Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

Ән . «Ел қорғауға әзірміз» ( ұлдар орындайды)


Ұқсас жұмыстар
Ұмытылмас ерлік: Ұлы Отан соғысы мен Жеңіс күнін еске алуға арналған ашық тәрбие сағаты
Ұмытылмас ерлік: Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш сценарийі
Ұлы Отан соғысы және тылдағы еңбек: отбасылық естеліктер мен Жеңіс мерекесінің маңызы
Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған балалар ертеңгілігі: соғыс қасіреті, ерлік және жеңіс
Ерлік ұрпаққа ұран: бастауыш сыныптардағы Ұлы Отан соғысы туралы патриоттық тәрбие кеші
Қазақ халқының ерлік істері: Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық батырлар
Біздің батырлар: Ұлы Отан соғысының ерліктерін еске алу және отансүйгіштік тәрбиесі
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран: Маңғыстау өңірінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі
Кемерши ауылдық клубының 9 мамырдағы Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс салтанатты жиынының сценарийі
4-сынып тәрбие сағаты: Ерлік - елге мұра (Ұлы Отан соғысы мен Катонқарағай өңірінің батырларын еске алу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz