Сабақ жоспары: Microsoft Excel кестелік редакторы және кестедегі есептеулер

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Макаров ауылы

Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Ақболатова Гүлдария Бақытжанқызы

Сабақ №28

Сабақтың тақырыбы: Micrososft Excel кестелік редакторы. Кестедегі есептеулер

Сабақтың мақсаты: оқушылар MS Excel-дің есептеу (формула) мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі типті есептеулерді және есептер құрып үйрету:

Сабақ түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдістері: СТО: тізбені толтыру, кластер құру, топтастыру, деңгейлік тапсырмалар орындау, Венн диаграммасы

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : интерактивті тақта, компьютерлер, слайд-презентация, бағалау парақтары.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

«Ой шақыру». Оқушылар өздері таңдап алған сандары бойынша топқа бөлінеді топқа ат қояды.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Топтарға тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша берілген «Тізбені толтырайық» көрнекілігін толтыру керек.

1-тапсырма: «Тізбені толтырайық». (3 мин)

  1. Кесте дегеніміз не?
  2. Қандай кесте тіктөртбұрьшты деп аталады?
  3. Электрондық кесте дегеніміз не?
  4. MS Excel-ді қосу қалай жүзеге асырылады?
  5. Жол, баған дегеніміз не?
  6. Жол мен бағанның қиылысы қалай аталады?
  7. Әр бет қанша баған, қанша ұяшықтан тұрады?
  8. ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?

2-тапсырма: «Терезе элементтерін ата» (3 мин) (Терезе элементтерінің атауы жасырын тұрады)

3-тапсырма: «Күн сәулесі». (3 мин) Деректердің типтерін ашып айту.

(Уяшықтар бос тұрады)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (6 мин)

Мұғалім сөзі: Біз электронды кесте дегеніміз не екенін, оған қандай типті деректер енгізуге болатынын білеміз. Сонымен қатар Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады. Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.

Амал түрлері:

Арифметикалық: Арифметикалық
Салыстыру: Салыстыру
Логикалық: Логикалық
Адрестік: Адрестік
Мәтіндік: Мәтіндік
Арифметикалық:

+ қосу

- азайту

* көбейту

/ бөлу

^ дәреже

Салыстыру:

= тең

> артық

>= артық не тең

< кем

<= кем не тең

Логикалық:

AND логикалық және

OR логикалық немесе NO логикалық емес

Адрестік:

:

диапазон

Мәтіндік:

&

мәтіндердік қатарларды біріктіру

ФОРМУЛА ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі
математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді

Ең үлкен мәнді табу - макс
МАКС( . . . )
МАКС(А1:А9)
Аргументтердің арасындағы
максимум санды іздеу
Ең үлкен мәнді табу -макс: Ең кіші мәнді табу - мин
МАКС( . . . ): МИН( . . . )
МАКС(А1:А9): МИН(С1:С23)
Аргументтердің арасындағымаксимум санды іздеу: Аргументтердің арасындағы
минимум санды іздеу
Ең үлкен мәнді табу -макс: Орта мәнді табу - срзнач
МАКС( . . . ): СРЗНАЧ( . . . )
МАКС(А1:А9): СРЗНАЧ(А1:В5)
Аргументтердің арасындағымаксимум санды іздеу: А1 ден В5 диапазонындағы сандардың арасынан арифметикалық ортасын табу.

Кейде ұяшықты басқа орынға көшіргенде, олардың координаты өзгермеуі керек, ол үшін жолдың немесе бағанның координатасының алдына доллар белгісін қояды. Бұл символ кестелік процессорға ұяшықтың координатасын ешқандай жағдайда өзгертпеу керектігін көрсетеді. Мұндай адрес абсолютті адрес деп аталады.

Салыстырмалы
Аралас
Абсолютті
Салыстырмалы: А1
Аралас: $А$1
Абсолютті: $А1 немесе А$1
Салыстырмалы: В2
Аралас: $А$1
Абсолютті: $А2 немесе В$1

Мысалы: Қызметкерлерге берілетін жалақыны есептеу керек.

Ол үшіналдымен қызметкерлердің аты-жөнін, жұмыс жасаған уақытын және айына алатын жалақы мөлшерін толтырып аламыз. Қызметкерлер жалақысын әр түрлі жолмен есептеуге болады.

1. 3 жолды түгелімен ерекшелеп, құрал-саймандар панеліндегі

батырмасын шерту.

2. Е4 ұяшығына =СУММ(B4:D4) формуласын жазуға болады.

3. Е5 ұяшығына =B5+C5+D5 формуласын жазуға болады.

А
B
C
D
Е
: 1
А: Қызметкерлерге берілетін жалақы (теңге)
: 2
А: Аты-жөні
B: Қазан
C: Қараша
D: Желтоқсан
Е: Барлығы
: 3
А: Мұхтаров А.
B:
C:
D:
Е:
: 4
А: Азаматов Н.
B:
C:
D:
Е: =СУММ(B4:D4)
: 5
А: Отаров А.
B:
C:
D:
Е: =B5+C5+D5
: 6
А: Тәжиев Б.
B:
C:
D:
Е:

IV. Практикалық тапсырмалар. Практикалық бөлімде оқушыларға «Деңгейлік тапсырмалар» беріледі. Әр топ өз деңгейлеріне қарай тапсырма таңдайды. Деңгейлік тапсырмаларды тапсырмаларды орындау үшін оқушылар алдымен жұмбақ шешеді.

1 - деңгей. Оқушылардың орташа жасын анықтау. (4 мин)

Қорбаң-қорбаң етеді,

Балды жақсы көреді. (Аю)

Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.

Электрондық кестенің мүмкіндіктерін өмірде пайдалану мақсатында оқушылардың орташа жасын анықтауға болады. Ол үшін:

1. Сынып тізімі және оқушылар жасы берілген.

2. Барлық оқушылардың жалпы жасын тауып аламыз.

3. Оқушылардың жалпы жасын оқушы санына бөлеміз.

2- деңгей. Терезенің көлемін анықтау. (4 мин)

Өзінше ноян,

Қорқақ не? (қоян)

Ендеше қоянның жасырған тапсырмасын орындайық.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатикасы: Microsoft Excel кестелік процессоры - сабақ жоспары
Microsoft Excel-де математикалық функциялар арқылы есептеулер жүргізу - практикалық сабақ жоспары
8-сынып информатика сабақ жоспары: Microsoft Excel кестелік процессорымен танысу
Microsoft Excel кестелік процессоры: кіріспе және негізгі операциялар
Microsoft Excel кестелік процессоры: негізгі түсініктер, мүмкіндіктер және жұмыс кестесінің элементтері
7-8 сыныптар: Paint графикалық редакторы, Word-тың графикалық мүмкіндіктері және Excel кестелік процессорының негіздері
8-сынып информатикасы: Microsoft Excel кестелік процессоры бойынша орта мерзімді және сабақтық жоспарлар
Microsoft Excel электрондық кестесі: негізгі ұғымдар және ашық сабақ жоспары
MS Excel кестелік процессорында графиктер мен диаграммаларды тұрғызуға арналған сабақ жоспары
Excel бағдарламасындағы мәліметтер базасы, диаграммалар және есептеулер: бекіту сабағының практикалық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz