Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, ТУПҚАРАҒАН АУДАНЫ ФОРТ-ШЕВЧЕНКО ҚАЛАСЫ, БАУТИНО АУЫЛЫ
<<Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік>>
Бағыты: <<Қанат қақты>>
Орындаған: Иванқызы Шұғыла Жетекшісі: Төлеуова Анар 2013 жыл
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер-құрылыс факультетін бітіріп, 1964-1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980-1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін <<Маңғыстау мұралары>> атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта <<Парыз>> мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме <<Маңғыстау мұралары>> циклдық кітаптарының алғашқылары <<Маңғыстау мұралары>>, С. Жаңғабылұлының <<Аманат>> кітаптарын жарыққа шығарды.
2002 жылы Л.И.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетіне қызметке шақырылған ол ұлттық этнография саласында еңбек етіп, <<Қазақтың киіз үйі>> атты зерттеу жұмысын аяқтады. <<Адай шежіресі>> атты сегіз томдық еңбектің жинақталып, жазылуына басшылық етті.
Қазақстан Республикасының <<Құрмет>> орденімен марапатталған. Қазақстан жазушылар одағының, Қазақ Халық <<Экология>> академиясының мүшесі. <<Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері>> атағының иегері. Атырау облысының Махамбет ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Абай аудандарының <<Құрметті азаматы>>, Семей мемлекеттік пединститутының құрметті профессоры, жан жақты талант иесі.Туған жер түлегі Сайын ағамен сұхбаттың реті келіп қалып еді.
- Сәлеметсіз бе, Сайын аға. Сіздің еңбектеріңізге тәнті болған мен, өзіңізбен сұхбаттасқалы отырмын.
Сайын аға, бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет дейді. Енді сіз бір жұмысқа кірісер алдындағы тәуекелділігіңіз жөнінде айтып берсеңіз.
- Амансың ба, шырағым. Егер де мал керек болса, қолөнер керек. Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады. Істі бастамас бұрын жан-жақты ойланамын. Мүмкін тәуекелшілігім осы шығар... - Таңдап алған тағдырыңыз сәулеткерлікпен қатар ақындықтың ақ жолы болды. Бойда бұл қасиеттің бар екенін қашан білдіңіз? - Мен осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазумен де жұмыстанамын. Алғашқы 4-5 шумақ өлеңімді 46 жасқа толған кезімде жазған екенмін. Шамасы, поэзия мені сүйген болуы керек. Әлі күнге дейін қаламымның сиясы сарқырған емес.
- Сіз бір сұхбаттыңызда Сарайшықтан басқа да көне қалаларға (Отырар,Түркістан, Тараз) ескерткіш орнату ойыңызда бар екенін айтыпсыз. Енді сол ойыңызды қашан жүзеге асырасыз?
- Сол кезде айтқанмен де, қазір ол ойды қозғап жүрген жоқпын.
- Осы қос өнеріңіз балаларыңызға , немерелеріңізге дарыған ба?
- Мен өзім күй тыңдаудан ләззат аламын, күйдің әсерінен көптеген ойлар да туындап жатады. Жиенім Абай қазіргі таңда Алматыда, консерваторияда домбыра факультетінде оқиды. Домбырада жақсы ойнайды. Ал, ұлым Нұрлан сәулетшілік өнерімді жалғап келеді. Өнер идеясыз өмір сүре алмас дегендей мен Нұрланға ескерткіштер бастауда бағыт беріп отырамын. Сарайшық ескерткішінің сызбасын мен сызып көиек бердім, бірақ құрылысшысы Нұрлан болатын.
- Бүгінге дейін жасалған дүниелеріңіздің ішінде ойыңыздан шықпай қалғаны бар ма?
- Жоқ. Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ,- дегендей осы еңбектерімнен рақат аламын.
- Мына суреттерге қарағанда Әбіш ағамен жақсы араласатын сияқтысыз. Байқағаным өлеңдеріңіздін көпшілігі Әбіш Кекілбаев пен Абай Құнанбаевқа арналған. Бұл жөнінде не айта аласыз?
- Абайдың бір өлеңі мың қасиетке татиды. Сондықтан кез келген істі бастар алдында Абай шығармаларын оқып, жігерленемін. Ал , Әбішке келер болсақ, ол да Маңғыстау жерін бүкіл әлемге танытып жүрген ірі тұлғалардың бірі. Жаныма жақын тартар себебім, Әбіштің жарымен бір ауылда өсіп, бір сыныптың түлектері болдық. Сол достығымыз олар отасқаннан кейін де жалғасып келеді.
- Өнерде орны биік танымал сәулеткер - ақын, ал өмірде, яғни отбасыңызда қандай отағасысыз? Бала тәрбиесіндегі сіздің роліңіз қандай?
- <<Ата-ананың ақылы - қазулы қара жолмен тең>> дегендей мен ешуақытта ата-анамды ренжітіп көрген емеспін. Сол айтқандай бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлемін. Ұлым Нұрланға өзімнің бойымдағы бар имандылықты, адалдықты, жанаршылықты бере алдым деп ойлаймын. Нұрланым ешқашан менің сөзімді жерге тастаған емес. Құдайға шүкір, қазіргі таңда алты немерем, екі жиен немерем бар. Мен немерелеріме қазақтың ұлы есімдерін қойдым және де есімдерге сәйкес жасалған ескерткіштер де бар. - Аға, менімен риясыз әңгімелескеніңізге көп рақмет! Үлгілі әке, кемеңгер ата болуыңызға тілектеспін. Отбасыңызда тек шаттық пен береке болсын! - Рақмет, айналайын! Сенде бақытты бол.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz