М.дулатов. «бақытсыз жамал» романын талдау

Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы . Маңғыстау облысы Ақтау қаласы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: М. Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романын талдау. 2-сабағы.
Мақсаты: Роман туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі
А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Сәрсенбайға молда қай кезде ескерту жасады?
2. Қалампыр Байжанмен құда болуға неліктен көне кетті?
3. Романдағы қысқа мерзімде ғана көрінетін жағымсыз жандар кімдер?
4. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуға тиісті емес пе еді?
5. Жамал Жұманға неге тиді?
Ә. Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру
Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру.
Түсінуі:
Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру
Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау, әр жағдайға сипаттама беру :
. Роман қандай көңіл күймен басталды?
. Ұлықтың келуі мен ауылнайдың әңгімесі Сәрсенбайдың қуанышымен қалай байланыстырылған? . Сәрсенбайдың Шолпанға үйленуі туралы не білесің? . Жамалдың оқуы, Ғазиз мұғалімнің ісі Сәрсенбайдың әкелігіне қалай ықпал етті? . Сәрсенбайдың болыс сайлауына түсуі романда қаншалықты орын алады?
. Жамал қай кездері бақытты секілді еді?
. Жамалдың бақытсыздығына, ажалына алдымен кім кіналы, жағдайды өзгертуге болатын ба еді, Жамалға көмектескендер болды ма?
Қолдануы:
Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі.
Жазушы тілінің көркемдігі мынада:
А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру: көктемгі ауыл суреті мен сәбидің дүниеге келу қуанышы; Жамалдың Жұманнан қашқан күні мен қысқы боранның үдеуі.
Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу.
Талдауы:
Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы.
Романның бөлімдеріне тақырып қою, неліктен осылай атағанын түсіндіру. Бөлімдердің бір бірімен байланыстырылу шеберлігін түсіндіру.
Сол арқылы роман көтерген тақырып пен автор идеясын табу.
Жинақтауы:
Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы
Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Жамалдың ұл болып өсірілуі.
2. Жамал мен Ғалидың қосылуы.
3. Сәрсенбайдың әкелік парызын өтеуі
4. Байжан үйіндегі соңғы күні.
А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Б. Егер Жамал . . . деп басталатын шағын эсселер жазу. Шығармаға жоспар құру.
В. «Бақытсыз Жамал» романы қазақ романының басы екеніне дәлел көп . . .
«Бақытсыз Жамал» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Ұпай
шәкілі
Ескертулер,
Оқушы аты жөні
. Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.
. нақты емес, жалпылама айтып беру.
. Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз)
0, 7-0, 9
0, 3-0, 6
0, 7-0, 9
0, 1-0, 4
. Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
. Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
. Жаттанды, әсерсіз, шатастыра айтуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
. Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
. Жаттанды, әсерсіз, шатастыра айтуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.
. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін) ғана айтып беруі.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
Аздаған көмекке сүйеніп, дұрыс айту
Жауап шала, деректер қате берілсе . . .
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.
. Басқа пікірлермен санаса білуі.
. Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,
топта көш басшылық ету
. Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
. Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.
. Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.
. Топ жұмысына сирек қатысуы.
. Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.
. Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 4-0, 5
0, 1-0, 2
0, 4-0, 6
0, 1-0, 2
11-сынып қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы 1, 2-сабағы.
Мақсаты: Роман туралы оқушы пікірі мен сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан жақты талдау жасауға үйрету.
Білуі:
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі
А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1. Алдымен қай ауыл бейнесімен танысамыз?
2. Мұқаш әрекетінің астарында не жатыр?
3. Романдағы орыстар, дәлірек айтқанда ақтар, қандай мақсаттың адамдары?
4. Ақбілек бақытсыздығы романның қай бөлімдерінде айтылады?
5. Ақбілек неге ауылда қала бермеді?
Ә. Роман кейіпкерлеріне мінездеме беру
Б. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт, дәстүрлерді тани отырып, өз көзқарастарын білдіру.
Түсінуі:
Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру
Роман мазмұнын еске түсіріп, ондағы оқиғаларды жекелей баяндау, әр жағдайға сипаттама беру :
. Роман қандай көңіл күймен басталды?
. Қараңғыдағы қарбалас пен үрей тек Мамырбайдың өз үйінде болды ма?
. Бекболаттың бейнесі неліктен айқын ашылмай тұр?
. Ақбілектің азабын автор ашына жаза отырып, қандай саясатқа қарсы үн көтереді? . Әкесі Мамырбай мен тоқал шешесі Өрік үшін Ақбілектің бағасы қандай?
. Жеңгесі Ұрқияның әрекеті арқылы жазушы қандай мінез, қасиеттерді дәріптетеді?
. Ақбілектің ағасы мен күйеуі Балташтың бойынан қандай ортақтық табылады?
. Ақбілектің бақытсыздығы мен Жамалдың бақытсыздығында ұқсастық бар ма?
. Романда бала мәселесі қандай орын алады? Қыз Ақбілек пен Әйел Ақбілектің бала туралы сөздеріне, ойына өз көзқарастарыңыз қандай?
. Романдағы ең жақсы адам кім, ең жаман адам кім деп ойлайсыңдар?
Қолдануы:
Жаңа білімді тәжірибеде пайдаланып, болжам жасау, жүйелеуі.
Жазушы тілінің көркемдігі мынада:
А. Табиғат көрінісі мен адамның көңіл күйін параллель беруіне мысал келтіру.
Ә. Әр кейіпкер туралы топтастыру жасау: қылығы, әрекеті мен оның себебін ашу.
Талдауы:
Алған білімді жіктеуі, негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыстыра отырып, айқындауы.
ҮШ ТҮРЛІ ӘҢГІМЕ арқылы талдату:
ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:
Автор сол замандағы нағыз идеал жігіттің бейнесін бере алды ма, бере алмады ма?
КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Қазақ қызы тек оқыса ғана бақытты болады.
ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ:
Роман қыздың атымен аталғанымен, тек қыз тағдырын ғана мәселе етіп көтермейді.
Жинақтауы:
Дара болжамдардан тұтас бір ұғым тудыруы
Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау:
Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.
1. Ақбілектің қолды болуы.
2. Қайтып келген Ақбілектің азабы.
3. Қаладағы Ақбілек.
А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:
Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
Б. Егер Ақбілек . . . деп басталатын шағын эсселер жазу. Шығармаға жоспар құру.
В. «Ақбілек» романы - психологиялық дүние . . .
«АҚБІЛЕК» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Ұпай
шәкілі
Ескертулер,
Оқушы аты жөні
. Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы.
. нақты емес, жалпылама айтып беру.
. Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз)
0, 7-0, 9
0, 3-0, 6
0, 7-0, 9
0, 1-0, 4
. Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
. Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
. Жаттанды, әсерсіз, шатастыра айтуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.
. Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.
. Жаттанды, әсерсіз, шатастыра айтуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.
. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін) ғана айтып беруі.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
Аздаған көмекке сүйеніп, дұрыс айту
Жауап шала, деректер қате берілсе . . .
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
. Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.
. Басқа пікірлермен санаса білуі.
. Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 1-0, 3
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою,
топта көш басшылық ету
. Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
. Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.
. Топтағы жұмысты ұйымдастыруы.
. Топ жұмысына сирек қатысуы.
. Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.
. Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы.
0, 7-0, 9
0, 4-0, 6
0, 4-0, 5
0, 1-0, 2
0, 4-0, 6
0, 1-0, 2
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz