Допты қабылдау

Ақтөбе обл. Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №2 орта мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы

Ашық сабақ

Сабақ : дене шынықтыру

Өтетін орны: спортзал

Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Допты қабылдау

Сабақтың мақсаты:

1. Волейбол ойынында допты қабылдау, жоғарыдан, төменнен қабылдау әдіс тәсілдерін үйрету.

2. Ептілік, шапшаңдылық қабілеттерін жетілдіре отырып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

3. Дені сау, жаны таза, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тор, ысқырық, доптар

Сабақтың мазмұны
Жүктеме мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
№: 1.
Сабақтың мазмұны:

Дайындық бөлімі.

1. Сапқа тұрғызу

Амандасу

Мәлімет қабылдау

Сабақтың тақырыбын түсіндіру

2. Саптық жаттығулар:

Оңға, солға, кері бұрылыстар

3. Жүру.

4. Жүгіру.

-тізені көтере жүгіру

-сол жақ иықтан секіре жүгіру

-оң жақ иықтан секіре жүгіру

-қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс

5. Жалпы дамыту жаттығулары.

Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1-2алға артқа, 3-4оңға солға бұру

Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1-2оңға, 3-4солға

Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1-2жоғары, 3-4төмен

Б. қ. қол кеуде тұста, 1-2алға, 3-4жанға қолды ашып сермеу

Б. қ. қол белде, 1-2оңға, 3-4солға бүгілу

Б. қ. 1-сол аяққа еңкейеміз, 2-ортаға еңкею, 3-оң аяққа еңкею, 4-бастапқы қалып

Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде. 1-қол жоғарыда артқа шалқаю, 2-алға еңкею, 3-қол алдыда отыру, 4-негізгі тұрыс

Н. т. оң аяққа 1-2, сол аяққа 3-4 отыра бүгілу

Жүктеме мөлшері:

10мин

2`

2`

2`

4`

5-6рет

5-6рет

5-6рет

5-6рет

Әдістемелік нұсқаулар:

Саптал, түзел, тік тұр,

Кезекші рапорты

Рет-ретімен санау

Техника қауіпсіздігі.

Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:

  • бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету
  • спорттық форманы қарау

Қол жанында, арқасын түзу ұстау, алға еңкеймеу

Мұғалімнің санауы бойынша.

Бәрі бірдей жасауын қадағалау,

Дененің тік болуын және тепе-тендікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.

№: 2.
Сабақтың мазмұны:

Негізгі бөлім.

1. Доппен жаттығулар орындау.

2. Допты екі қолмен жоғарыдан, төменнен қабылдау.

3. Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы.

Бұл жағдайда допты қабылдауда көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде, екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын көтеріп бұрады. Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп- доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауда көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Жүктеме мөлшері: 30мин
Әдістемелік нұсқаулар:

Қолды біріктіріп ұстау, саусақпен қабылдау

Жоғарыдан, төменнен қабылдау кезіндегі ескертулер

Допты алақанмен қабылдауға болмайтын жағдайлар

Допты бір қолмен, жұдырықпен қабылдамау, ескертулер уақытылы

№: 3.
Сабақтың мазмұны:

Қорытынды бөлім.

1. Сабақты бекіту

«Допты қабылда» ойынын ойнату

2. Сапқа тұру

3. Бағалау

4. Үйге тапсырма

5. Қоштасу

Жүктеме мөлшері: 5мин
Әдістемелік нұсқаулар: Оқушыларды толық бағалап, жекелеген оқушылардың қателіктерін ескерту.

Ұқсас жұмыстар
Допты дұрыс қабылдау
Волейбол добын беру, қабылдау түрлері
Допты жоғарыдан қабылдау әдісі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Волебол
Допты төменнен алу әдісі 4-сынып ашық сабақ
Волейбол допты екі қолымен астынаң, үстінен қабылдау әдістері
Допты төменнен, жоғарыдан қабылдау және қайта беру.(волейбол)
Бір орында тұрып допты кеуде тұсындаекі қолмен қабылдау
Волейбол, волейбол сеткасы,доптар,ысқырғыш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz