Блум жүйесі сатылары
Меңгерілетін жұмыс мазмұны
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар
Оқушылар жететін нәтиже
Жұмыс түрі
Блум жүйесі сатылары:
Білу:
берілген жаңа түсінікті ұғуы, еске ұстауы, мінездеме беруі
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Майдан үсті. Лейтенант Ержаннын әрекеті.
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Көжектің сұрағына берілген жауапты түсіндір. Политрукты жерлеу рәсіміндегі жауынгерлер сезімін сипатта.
Оқушылар жететін нәтиже:
Топтаса оқып, мәтін мазмұнын меңгереді.
Жұмыс түрі:
Әр топтан екі оқушы шығып, дөңгелене отырып, кезектесе сөйлейді.
Блум жүйесі сатылары:
Түсіну:
мазмұндау, түсіну, суреттеу, жаңа сөз тіркестерін жасауы
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Раушан мен Ержан әрекеттері
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Соғыста нәзіктік пен жауапкершілік қатар сынға түскенде, таңдау мүмкіндігі қандай болмақ?
Оқушылар жететін нәтиже:
Ең қымбат әрі қиын сәтті түсінеді.
Жұмыс түрі:
Екі топ
әңгіме-дебат
жасайды: бірі-соғыста сезімге ерік беруге болмайды; екіншісі-сезімсіз- ерлік тумайды деген ойды ашады.
Блум жүйесі сатылары:
Қолдану:
жаңа білімді тәжірибеде, жаңа жағдайда шеше алуы.
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Кәкібайдың ерлігі
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Жау танкісін өткізбеуді басты мақсат еткен жанның әрекеті.
Оқушылар жететін нәтиже:
Адам құдіретінің шексіздігін мәтін мазмұны бойынша дәлелдейді
Жұмыс түрі:
Бесінші топ мүшелері үзіндіні шынжырлы әдіспен жатқа айтады.
Блум жүйесі сатылары:
Талдау:
алған білімін жіктеуі, негізгі түйінін аңғаруы, бүтінді байланыстыра отырып, бөліктерге бөлуі, айқындауы.
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Әңгіменің композициялық құрылысы
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Басталуы − дамуы −шиеленісуі −шарықтау шегі −шешілуі
Оқушылар жететін нәтиже:
Оқиғаның жүйесін есте сақтайды.
Жұмыс түрі:
Төртінші топ
зерттеушілік әңгіме
жүргізеді: әр бөлігін жеке талдайды, дәлелдейді.
Блум жүйесі сатылары:
Жинақтау :
дара болжамдардан тұтас ұғым тудыруы, құрастыруы, жинақтауы.
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Ерлік туралы диалог
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Раушанның ерлігі. Ержанның ерлігі. Кәкібайдың ерлігі. Жауынгерлер ерлігі.
Оқушылар жететін нәтиже:
Оқушы пікірі тыңдалады.
Жұмыс түрі:
Үшінші топ
кумулятивті әңгіме
құрастырады: ауызша немесе жазбаша сұхбат жасайды
Блум жүйесі сатылары:
Бағалау:
шешу, пікір (сын -пайымдау) айту, шығару (оқушы дарынын анықтау)
Меңгерілетін жұмыс мазмұны:
Маған ұнаған туынды.
Берілетін тапсырмалар, сұрақтар:
Шығарма мазмұны, кімнің бейнесі, несімен ұнады?
Оқушылар жететін нәтиже:
Шығармашылық жұмыстар жасалынады.
Жұмыс түрі:
Эссе, ой толғау, өлең жазылады.