9-сынып информатика: Паскаль тіліндегі циклдік қайталану операторлары (For циклі)

Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп

9 класс

Қайталану операторы

Информатика пәні мұғалімі: Мустаков Б.

2012-2013 оқу жылы

Класс: 9

Сабақтың тақырыбы: Қайталану операторы
Сабақтың мақсаты:
оқытушылық: Паскаль тілінің операторларын ажырата және қолдана білу, олардың программада жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, олардың өзіндік ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа ақпараттық мәдениетке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қоладанатын әдістер: түсіндірмелі -илюстративті, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиялық компьютерлік сынып, проектор

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме! Біз өткен сабақтарымызда Паскаль тілінің операторларын өткенбіз. Ол операторлардың Паскаль тілінде есеп шығаруда қандай қызмет атқаратының, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын білеміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде Паскаль тілінің операторларын қайталадыңыздар. Енді сіздердін операторлар негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік.

а/ Қайталау сұрақтары:

1. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
Жауабы: 3 бөліктен тұрады.

2. Var операторының қызметі қандай?
Жауабы: Айнымаларды сипаттау.

3. Wrete қандай оператор ?

Жауабы: шығару операторы

4. Read қандай оператор. ?

Жауабы: енгізу операторы

5. if<өрнек> then<1 оператор> else<2оператор> қандай оператор?

Жауабы:шартты көшу /тармақталу/
6. Program сөзі не үшін қолданылады?

Жауабы: Прграмма тақырыбын /атын/ жазу үшін

7. Бүтін тип . . .

Жауабы: Integer

8. Программа аяқталғанын білдіретін сөз

Жауабы: End

9. x=3, y=5 болғанда, төмендегі программа бөлігінің нәтижесі

Read (x, y) ;

S:=x+y;

Write (‘S’) ;

Жауабы: 8

10. A:=B қандай оператор ?

Жауабы: Меншіктеу операторы

ә/ Программа құру: Үш бүтін санның көбейтіндісін есептеу бағдарламасын құрайық.

Program YC;

Var a, b, c, S:integer;

Begin

Read(a, b, c) ;

S:=a*b*c;

Write (‘S’) ;

End.

Орындау: a=3, b=4, c=7

Жауабы: 84

Бағдарламаны компьютерде орындау.

Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Циклдік қайталау операторы»

ІІІ. Жаңа сабақ

Цикл операторы -белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
Параметрлі For операторы

Параметрі бар қайталау командасы циклдік құрылымы бар алгоритмдерді жазуды көрнекті етеді.

Цикл параметрі Х айнымалысы болады, ол көрсетілген Х қадам қадамға сәйкес әртүрлі мән қабылдайды. Параметрі бар қайталау командасының орындалу механизмі жай қайталау командасымен бірдей («болғанға дейін» WHILE циклі) .

Қайталау командасының орнына («болғанға дейін» WHILE циклі) параметрі бар қайталау командасын қолдану («үшін» FOR циклі) алгоритмді жазуды жеңілдетеді.

Жүзеге асыру формалары:

Блок-схема: Блок-схема
Алгоритмический язык: Алгоритмический язык
Паскаль: Паскаль
Блок-схема:
Алгоритмический язык:

Қайталау командасы параметрімен:

X үшін X басы тен X соңы - ға дейін қадам X кад

цб

цикл денесі

цс

Егер қадам мәні 1-ге тең болса, қад

Қызмет етуші сөзін алып тастауға болады.

Паскаль:

FOR X=X басы TO X соңы

STEP X қад

цикл денесі

NEXT

FOR - цикл басының операторы.

Егер X қад =1 болса, STEP қызмет етуші сөзін алып тастауға болады.

NEXT - цикл соңының операторы.

Алдымен FOR операторы параметрдің бастапқы, соңғы мәндерін және қадам мәнін орнатады. Одан кейін параметрдің көрсетілген бастапқы мәні үшін цикл денесі орындалады. Сосын NEXT операторы алдымен параметр мәніне қадам шамасын қосып өзгертеді де, циклдің аяқталу шартын тексереді. Егер параметрдің ағымдағы мәні соңғы мәнінен аспаса, NEXT операторы есептеу процесін FOR операторынан кейін орналасқан жолға ауыстырады, кері жағдайда - NEXT операторынан кейін орналасқан жолға ауыстырады. Қайталанулар саны алдын ала белгісіз циклге қарағанда бұл циклде параметр тек қадам шамасына ғана өзгере алады, яғни Х=Х+Х.

Цикл параметрін өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.

Жазылу үлгісі:

1. For i:=n1 to n2 do <оператор>;

Мысалы: Мысалы: 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосыныдысын табу керек.

Program қосынды;
var i, s : integer ;
begin
s:=0
for i:=1 to 100 do ( цикл басы)
s:=s+i; (қайталау операторы)
write (‘s=’, s) ;
end .

Кей жағдайда қадам қолдану қажет болады, ол үшін STEP қолданылады

Мысалы For i:=1 to 50 do S:=S+i Step 2

1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, . . .

IV. Сабақты бекіту:

Орындалу нәтижесін көрсет:

1/ For i:=1 TO 5 DO S:=S+i

Орындалуы:S:=S+i

1. S:=0+1=1 4. S:=6+4=10

2. S:=1+2=3 5. S:=10+5= 15

3 S:=3+3=6



V. Үйге тапсырма:

а/«Қайталану операторы» тақырыбы бойынша дайындалу
ә/ 1-ден 25-ке дейінгі сандардың қосындысын есептеу программасын жазып келу.

VI. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысымы, программлық сауаттылығын ескере отырып Excel -де бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Циклдік алгоритмдер: Паскаль тіліндегі FOR, WHILE және REPEAT операторлары
Паскаль тіліндегі циклдік алгоритмдер мен For/While/Repeat операторлары - 9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып: Паскаль тіліндегі While, Repeat және For қайталану операторлары және таңба мен жол типтері
Паскаль тіліндегі циклдік операторлар: алғы және ілесу шарттары (REPEAT, WHILE)
9-сынып информатика практикалық жұмыстары: алгоритмдер, Паскаль тіліндегі өрнектер және басқару операторлары
Циклдік операторларды пайдаланып бағдарламалау: қайталану саны белгісіз циклдер және while мен repeat операторлары
9-сынып информатика: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, өрнектер және айнымалылар
9-сынып: Циклдік алгоритмдер және қайталану саны белгісіз циклдер
9 «А» сыныпқа арналған Паскаль тіліндегі басқару операторлары бойынша сабақ жоспары
Паскаль бағдарламалау тіліндегі шартты және таңдау операторлары: 9-сынып сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz