7-8 сыныптарға арналған Алтын қақпа сайыс сабағы: информатика, физика және астрономияны интеграциялау

Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой -өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Астрономия, қазақ тілі

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Таныстыру
  3. Ойын кезеңдеріАғаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»Темір қақпа «синонимін тап»Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»Алтын қақпа «Ойна ойла»Білім кілті «Кім жылдам?»
  4. Марапаттау

Сабақтың барысы:

Кіріспе. Құрметті оқушылар, ұстаздар, «Алтын қақпа» сайысына қош келдіңіздер! 7 - 8 класс оқушыларынан құралған оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Бірінші топ « », екінші топ « » деп аталған олай болса, ойынымызды бастайық.

Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»

І топ

  • Windows - тың негізгі объектілерін ата
  • Қуат деген не, өлшем бірлігі
  • Ақпаратты зерттейтін ғылым
  • Қысым, оның формуласы
  • Позициялық емес санау жүйесі деген не?
  • U, I деп нені белгілейміз, анықтамасы
  • Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
  • Тең әсерлі күш деген не?
  • Ақпарат деген не?
  • Орын ауыстыру деген не?

ІІ топ

  • Ақпарат алатын көздерді ата
  • Күш, оның формуласы
  • Позициялы санау жүйесі деген не?
  • R, U деп нені белгілейді, анықтамасы
  • Функционалды пернелерге қандай пернелерді жатқызады?
  • Тығыздық, оның формуласы
  • Санау жүйелерін ата
  • Серпімді деформация деген не?
  • Операциялық жүйе не үшін керек?
  • Жұмыс, оның формуласы

ІІ. Темір қақпа «Синонимін тап»

І топ

Бастапқы сөз Термин сөз

  • Сегіз бит - Байт
  • Қапшық - Бума
  • Мінез құлық - Қасиет
  • Шаруа - Жұмыс
  • Жеңіл - Салмақсыздық
  • Сапар - Жол

ІІ топ

Бастапқы сөз Термин сөз

  • Қанаушылық - Қысым
  • Зорлық көрсету - Күш
  • Қайрат - Қуат
  • Құлып - Пароль
  • Желдеткіш - Терезе
  • Дұшпан - Вирус

Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»

«Бұл қай планета?»

І топ

Массасы 20 кг денеге 76 Н ауырлық күші әрекет ететін болса, осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (3. 8 Н/кг, марс )

ІІ топ

Массасы 26 кг денеге 624 Н ауырлық күші әрекет ететін болса, осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (24 Н/кг, сатурн)

«Ол кім, бұл не?»

І топ

  • Ол - физикалық өлшемді анықтайды, әрі программалау тілі ретінде таныс. Ол кім?
  • Есептеу машинасына қажетті, физикада зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Ол не?

ІІ топ

  • Есептеу машинасын алғаш ойлап табушы, физикада өлшем бірліктің атын иемденген. Ол кім?
  • Есептеу машинасынан бөлініп шығатын жағымсыз әсер немесе физикалық шама. Ол не?

Алтын қақпа «Ойна да ойла» Практикалық жұмыс Есептің берілгенін компьютерге теріп, Times New Roman қарпіне келтіріп, түсі - қызыл, қисайтылған, 24 өлшемде пішімдеңіз. Есепті шешіңіз.

I топ

Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Ол 6 сағат ішінде қандай аралықты өтеді? (125 км)

II топ

Күннен жерге дейін 150 млн км. Жарық жылдамдығы 3 км/с болса, жерге қанша уақытта жетеді? (500 сек немесе 8 мин 20 сек )

Білім кілті “Кім жылдам?” (топ басшылар сайысы)

Формуланы шешкенде информатикалық термин шығады

- Белгілі бір бағыт

- тибеттегі түйе

Марапаттау. Қорытынды сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Жанаева Ж. Қ Информатика пәні мұғалімі

Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы


Ұқсас жұмыстар
Информатика әлеміне саяхат: Алтын қақпа сабақтан тыс интеллектуалдық сайыс сценарийі
7-8 сыныптарға арналған Физика заңдары мен информатика негіздері тақырыбындағы сайыс сабақ
Алтын қақпа сайыс сабағы: мемлекеттік тілді жетілдіру және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
7-сыныптарға арналған физика пәні бойынша Кім білгір? сайыс сабағы
7-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс сайыс сабағы Жас физик - физика мен астрономияны қайталау және бағалау
7-8 сыныптарға арналған Ғажайып физика интеллектуалды сайысын өткізу ережесі
7-8 сыныптарға арналған Ғажайыптарға саяхат физика пәнінен интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
2, 3, 4, 5 сандарына көбейту және бөлуді қайталау: Алтын қақпа ойыны негізіндегі сайыс сабағы (2-4 сынып)
7-8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
3-4 сыныптарға арналған Алтын қақпа ойыны: ана тілі және дүниетану бойынша оқу-сабақ сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz