Күзгі бау бақша

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі №1 «Арман» ясли-бақшасы»

коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорыны

ІІ кіші тобында өткен

«Таным» білім беру саласы бойынша Экология пәнінен

ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Дайындаған: Самбетбаева Г. Е.

Семей

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні : 23. 09. 2013

Білім беру саласы : Таным

Бөлімі : Экология

Тақырыбы : Күзгі бау-бақша

Мақсаты : Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру, балабақша ауласындағы ағаштардың атауларын біліп ажыратуға үйрету. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістермен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша игіліктерді пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйрету. Сезгіш түйсіктерін дамыту. Әдемі игіліктің, оның иісінің байымынан қуаныш сезіне білуге дағдыландыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен рақымшылдыққа тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс : алтын күз, хош иісті, жылтыр.

Билингвизм : Күз - осень - autumn.

Алдын-ала жұмыс: Бақша ауласында бақылау:

  • Күн салқын;
  • Жапырақтар түсіп жатыр;
  • Жел;
  • Балабақша ауласындағы ағаштар;

Құрал-жабдық : теледидар, дидактикалық суреттер (моделдер), аудиотаспа.

Әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Әрекеттің кезеңдері: Мотивациялық - ынталандыру кезең
Тәрбиешінің әрекеті:

Кіріспе бөлім:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
  • Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.
  • Көңіл - күйлерін қандай?
  • Ендеше, осы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Бізде бүгін ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса апайларға өз білімдерімізді көрсетейік.
Балалардың әрекеті:

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

  • Жақсы.

Балалар өз орындарына жайғасып отырады.

Әрекеттің кезеңдері: Ұйымдастыру-ізденгіш кезең
Тәрбиешінің әрекеті:

Негізгі бөлімі.

  • Балалар, сендер ертегілерді үнатасыңдар ма?
  • Ондай болса, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге «Сиқыршы Күз» ертегісін айтып беремін.

Бір балабақшада сондай бір ақылды, әдепті, әдемі балалар болыпты. Олар: Альтаир, Мөлдір, Сара, Жібек, Айбек, т. б. балалар болыпты. Біркүні олар Күздің белгілерін іздеуге серуенге шығыпты.

(видео қосылады)

  • Балалар, сендер фильмнен кімді көріп тұрсыңдар?
  • Біз не істеп жүрміз?
  • Біз қай жерде серуендеп жүрдік?
  • Балабақша ауласында қандай ағаштар бар екен?
  • Қандай алмасы бар ағаш?

Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр. Құрт-құмырсқа, жәндіктер суықтан тығылып, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бұл қай мезгілде болады?

  • Күз сөзін 3 тілде айтып көрейікші, балалар.

Күз - осень - autumn

  • Күз - жылдың өте қызықты бір мезгілі, ауа-райыда әр түрлі болады: бірде күншуақ, кейде жаңбыр жауады. Балалар біздің ертегіде ойын ойнағанды ұнатады.

Ойын «Күн мен жаңбыр»

Жерге « шалшықты » шашып қойып, балаларға сұрақ қою.

  • Неге шашлықты басуға болмайды?

(музыка ойнайды)

  • Күн күлімдеп қарайды, балалар, серуендеп жүреді.

Жаңбыр мен күн күркіреген дыбыс естіледі.

  • Күн күркіреп, жаңбыр жауды!
  • Жарайсыңдар, балалар, ешкім су болған жоқ, барлығымыз қолшатырдың астына тығылып үлгердік . Ертегіде әр түрлі оқиғалар, сиқыршылар болады. Мінеки, бізге де Сиқыршы Күз қонаққа келіп қалыпты.

Күз кіреді, амандасады:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Сендер қандай әдемі, ақылды, әдепті балаларсыңдар! Беттерін қызғылт, тістерін аппақ, көздерін жып-жылтыр!

Тәрбиеші айтады:

  • Себебі, біздің балалардың дендері сау.

Күз : - Дендерің сау болу үшін сендер не істейсіңдер?

Күз : - Жарайсыңдар! Менде сендерге денсаулыққа пайдалы сыйлық алып келдім. Себетте не бар екенін балалар өздері тапсын. (үстелдің үстіне себетті қояды)

Тәрбиеші себеттің ішінен сәбізді алып, көрсетіп сұрайды.

  • Бұл не балалар?
  • Қандай ол?
  • Ал, мынау қандай игілік?
  • Ол қандай?
  • Мұның барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

Күз : - Дұрыс, сендер қалай білдіңдер көкөніс екенін? («Көз» моделін көрсетіп)

Тәрбиеші : - Себетте не бар екенін тағы қалай білуге болады? («қол» моделін көрсетеді)

(тәрбиеші себетті майлықпен жауып қояды)

Күз : - Жарайсыңдар, былайда біліп қойдыңдар. Тағы қалай игілікті білуге болады? («мұрын», «ауыз» моделін көрсетіп)

Тәрбиеші : - Қазыр біз сендермен ойын ойнаймыз.

Ойын «Не жегеніңді тап!»

Тәрбиеші табаққа жемістерді турап қойып, балаларға дәмін татуға береді, алдын-ала көздерін жауып қойып.

  • Енді, не жегеніңді айтып, себеттен тауып берші.

Барлығын орындап болған соң Күз қоштасады: - Балалар, маған сендермен өте қызықты болды. Сендер сондай ақылды екенсіңдер. Бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге рахмет, менің басқа балаларға баруым керек. Сау болыңдар!

Тәрбиеші күзге : - Алтын күз! Сен біздің денсаулығымызды үнемі ойлап бізге көптеген дәруменді тағамдар силайсың. Рахмет саған! Сау бол!

Балалардың әрекеті:
  • Ия, ұнатамыз
  • Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар теледидарға қарайды.

  • Өзімізді, Сараны, Альтаирды, Амирді, т. б.
  • Серуендеп жүрміз.
  • Балабақша ауласында.
  • Аққайын, . үйеңкі, қарақат, жұпаргүл, шырша, алма ағаш.
  • Кішкентай алмасы бар ағаш.
  • Күзде.

Күз - осень - autumn

Тәрбиешіні мұқият тындайды.

  • Өйткені, аяғымыз су болады, ауырып қаламыз. Аяқ киіміміз былғанады.

Балалар еркін жүреді.

Ойын ойнайды.

Балалар қолшатырдың астына тығылады. (2-3 рет )

  • Сәлеметсізбе, әдемі Күз!
  • Біз жаттығу жасаймыз, жуынамыз, тісімізді тазалаймыз серуенге шығып таза ауа жұтамыз, дәруменге толы пайдалы тағамдар жейміз.

Балалар үстелді жағалай отырады.

  • Сәбіз.
  • Ұзын

Ұқсас жұмыстар
Күзгі бояулар
Бақшаларда қызарып
Ұшты сары жапырақ
Алтын күз туралы ақпарат
Алтын күзді таң қалдыр
Орамалды әшекейлеу
Өсімдік шаруашылығы
Бақта ма,бақша да ма
Алтын күз қайта келді берекесі
ӨСІМДІКТЕР АҒАШ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz