Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сөйлем. 3 сынып
[pic] Мустафаева Биғайша
Түймекент орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі. Байзақ ауданы.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлемді дұрыс
құру, өздігінен қорытынды шығара білу.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік:
Сөздерден сөйлем құрауды, сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған
ойды білдіріп тұрған сөйлемнің ара жігін ажыратуды үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдысын, ауызекі сөйлеу
тілдерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыту,
өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз әрекетін жоспарлауға, жүйелеуге,топта
ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру,салыстыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,тірек сызбалар, слайдтар.
Қажетті құралдар:
плакат, кестелер,маркерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөліну (1,2,3 сандарын санау
арқылы) Үй жұмысын тексеру:
33-жаттығу. Жақын достарына, ата,
әжелеріне қысқаша хат жазу. Жазған хаттарын оқыту.
Өткен сабақты бекіту: Мәтін туралы не білдік?
Сұрақтарға жауап алу.
(автордың айтқысы
келген басты пікірі)
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.)
(мәтінде баяндалатын оқиға мен
ойдың түйіні)
(мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан
өзара байланысқан) (басы, негізгі бөлімі, соңы)
Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына
жауап береді. Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды
және қандай? сұрағына жауап береді. Пайымдау мәтіні белгілі бір нәрсені
түсіндіріп,дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
Әр топ суреттерге қарап мәтін түрлеріне байланысты мәтін құрау.(64 бет)
[pic]
Сергіту сәтін орындай отырып келесі топқа бөліну.
Тапсырманы бірінші орындағандарға күннің,екінші
орындағандарға айдың суреті, үшінші орындағандарға бұлт суреті беріледі.
Осы бойынша «Күн» тобы, «Ай» тобы, «Бұлт»
тобы болады.
Топ атын қорғау. Әр топ өз тобының А4 қағазға суретін салып, соның атына
эссе жазады. (Нұсқасы: Күннің көзін, мұрнын, адам кейпінде
салу керек. Эссе: Мен күнмін. Мен сұлумын.. Мен жерге жылуымды шашамын. Ал
кейде көңіл күйім болмаған кезде бұлттың артына жасырынып шықпай қоямын.)
Жариялау. Әр топтан бір оқушы шығып,
эсселерін оқиды.
Жаңа тақырыпқа бағытталу.
Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды
құрамын.
Бұл не?
І.«Проблеманы шешу» кезеңі
1-жаттығуды оқып танысқаннан кейін оқушыларға сөз бен сөйлемді
салыстыру тапсырмасы беріледі. Бұл үшін олар «Т» кестесін қолданады.
Сөз Сөйлем
| | |
Жеке жұмыс. Оқушылар кестені жекелей толтырады.
Топтық жұмыс. Оқушылар топ ішінде жауаптарын талқылайды,
толықтырады. Сөйлемге тән белгілерді еске түсіру.
1.
Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлем қандай
әріптен басталады?
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4. Сөйлем қандай ойды білдіреді?
5.
Сөйлемнің түрлерін және белгілерін айт.
Кестеге сөйлем ерекшеліктерін жазып,топ ішінде талдайды. Әр топтан бір-бір
оқушыдан плакатқа жазғандарын тақтаға іліп , қорғап шығады.
Дәптермен жұмыс
Жеке жұмыс :
3-жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп,мәтінді
көшіріп жазу.
Топтық жұмыс.
Сөйлемнің соңында қойылған тыныс белгілерге назар аударады. Оның неліктен
қойылғанын іздестіреді. Дәлелдейді. Бір-бірінің дәлелін тыңдайды.
Сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрайық.
Белге қолды қояйық.
Оң
қолыңды оң жаққа
Сол қолыңды сол жаққа
Шеңбер жасап
бұлғайық.
Жақсылап бір байқа да,
Бес – алты рет қайтала.
Топтық жұмыс. Бұл кім? - Қадыр Мырза Әли . Топтастыру.
[pic]1935 жылы Орал облысы Жымпиты кентінде дүниеге келген, 2011
жылы Алматы қаласында дүниеден өткен. Ақын, аудармашы, жазушы.
5-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Нүкте не үшін қажет?
Топтық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме
құрау. Жазғандарын оқиды. Неше сөйлем жазғанын санайды. Бір-біріне қарап,
қатесі болса, түзейді. (6-жаттығу)
[pic]
Дәлелдеу. 6-жаттығудағы сөйлемдерді тиісті үйге кіргізу, дәлелдеу.
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
Бағалау. Топ бір-біріне хат жазады. Хаттағы сөздердің орны ауысқан болуы
керек. Қарсы топ сол хатта жазылған сөйлемді түсініп, тыныс белгісін қоюы
керек.
Топтық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы қалайша орындауға болатындығын
топ ішінде ауызша талқылап, хатты редакциялайды.
Жариялау. Әр топтан бір оқушы түсініксіз хатты қалай жөндегенін айтып,
бүкіл сыныпқа оқиды.
Үй жұмысы 4-жаттығу Үйде бұл тапсырманы қалай орындауға болатыны жөнінде
ақылдасады.
Кері байланыс. Бүгін не үйрендіңдер? Бүгін қай жаттығуды орындаған қызық
болды? Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?
-----------------------
Негізгі ойды
Мәтін
Тақырыбы
Түрлері
Бөлімдері
Мазмұны
Тиянақты ойды білдіреді.
Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлем
Сөйлем бас әріптен басталып жазылады.
Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылады.
Сөйлемнің 3 түрі бар.Хабарлы сөйлем(.), сұраулы сөйлем (?),
лепті сөйлем (!).
!
?
.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz