Тармақталу алгоритмі: қайталау сабағы және практикалық есептер

Сабақтың тақырыбы. Тармақталу алгоритмі

Мақсаты Тармақталу алгоритмі тақырыбын қайталау және қорыту

Ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін әр түрлі бағыттағы есептерді шешуге пайдалануға үйрету.

Топпен жұмысты жақсарту.

Типі Қайталау сабағы

Технология «Сын тұрғысынан ойлану»

Міндеті:

1. Білімділік

Тармақталу алгоритмінің қызметі, операторлардың жазылуы, пайдаланылуы. тармақталу алгоритмі бойынша бағдарлама құру дағдыларын арттыру

  1. Дамытушылық

Есептерге тиімді алгоритм құра білу, бағдарламаға талдау жұмысын жасай білу.

  1. Тәрбиелілік

Логикалық ойлау қабілеттеоін шыңдай отырып, ізденіске ұмтылдыру, танымдық дағдыларын дамыту, ақпараттақ мәдениетке тәрбиелеу.

Қамсыздандыру. Turbo Paskal ортасы, электронды оқулық.

Көрнекілік Деңгейлік тапсырмалар.

Пән аралық байланыс . Қазақ әдебиеті, физика, математика

Барысы.

  1. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын ребус шешу арқылы таныстыру.

1 бөлім. Оқушы қызығушылығын арттыру

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланады. Бағалау парақтары таратылады.

№1 Тапсырма.

  1. Топқа . 3 пәннен тоқсандық қортынды, бағаны енгізу, егер қосынды 12 ден артық болса экранға «ЖАРАЙСЫҢ»деген болмасы «ДАЙЫНДАЛ» деген мәтін шығатын алгоритм дайындау.
  2. Топқа. Егер салмағыңыз 65 кг артық болса онда экранға «Артық салмақ» болмаса «Асың дәмді болсын» деген мәтін шығар .

2бөлім «Мағынаны тану»

Сәйкестігін тап .

Екі қайықтың басын ұстаған суға етеді.

Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.

Тақырыппен байланыстыр .

Егер жұмыс істемесен, онда аш қаласың.

Егер барға қанағат етпесең онда барыңнан айрыласың

Егер екі жұмысты бір мезгілде істесең онда еш нәтиже болмайды

№2 тапсырма беріледі. Компьютерде есеп шығару кезеңдері толық сақтала отырылып орындалады. Яғни оқушы компьютерден нәтижені алу керек.

1 топқа. 2 топқа.

S=40 км М1=24кг

T= 60 мин U1=4м/с

T/k: U=? U2=12м/с

M2=?

№3 тапсырма. «Детектив» ойыны.

Ұяшық номерін анықта. . 1 топқа.

Оқушы құжатын жоғалтып алады. Оған телефон соғып, кабинет номері, шкаф номері айтылады. Құжат сол жерде сақталған . Номерді бағдарлама үзіндісі бойынша табамыз .

A:=4 ; b:=7;

If A<b THEN A:=A+b else b:=A+b;

Write (‘A, b) ;

2топқа.

A:=6 ; b:=3;

If A<b THEN A:=A+b else b:=A+b;

Write (‘A, b) ;

Топ басшысы жауапты оқиды. Дұрыс па?

Сұрақ Бұл тапсырмадағы негізгі білім не?

№4 тапсырма . «Іздеу саламыз». 1 топқа.

Орталықта жоғалған адам суреттемесі берілген.

Жасы 25 тен кіші 16 дан үлкен, жасы 7 санына бөлінеді.

Тізімде 3 адам тіркелген екен.

1. Мусабаева Г-26 жаста, Бектенова Ж-21 жаста, Қасенова Р- 16 жаста.

№5 тапсырма 2 топқа. « Жоғалған адам мінген машинаны табу».

Белгісі.

Машина қызыл емес, номері 9-ға бөлінеді. Үй маңында тұрған машиналар.

Қара джип №1101 Қызыл запорожец-№9909 Ақ волга - №2709

№6 тапсырма

Көршінің қайсысы шындықты айтты ?

Белгісі. Жоғалған адам 7-000 мен 11-20 аралығында үйде болған .

Сұрақ. Соңғы рет көшеде сағат қаншада көрдіңіз ?

Көрші жауаптары. 1. Сағ 9-00 де 2. сағ 11-30 де.

3бөлім. «Ой толғау»

Тапсырмалар несімен қызықты?

Алгоритм қасиеттерін пайдалана алдың ба?

Тестіге отырып біліміңді бағала. /Эл. Оқулықта/

Бағалау парағы нені білдірді?

Үйге: Ай сайынғы қысқы мезгілде жағылатын отын шығынын есептеу.

Алматы облысы,

Райымбек ауданы,

Сарыжаз орта мектебі

Орманова Құралай.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып информатикасы: тармақталу алгоритмі - анықтамасы, түрлері және практикалық тапсырмалары
Тармақталу алгоритмі мен шартты көшу операторлары: блок-схемалар және Pascal тілінде қолдану
Тармақталу алгоритмдерін программалау: Паскаль тіліндегі шартты операторлар мен практикалық жаттығулар
Паскаль тілінде тармақталу алгоритмдерін программалау: практикалық сабақ жоспары
Паскаль тілінде күрделі шарттар мен тармақталу операторларын практикалық қолдану
8-сынып информатика сабағы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу, циклдік)
Қайталау сабағы (24-25 бет): сандар, есептер мен кері есептер, салыстыру және бұрыштар
Химиялық элементтер бойынша қайталау сабағы: теория, тәжірибе және есептер
6-сынып информатика сабағы: алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік)
7-сынып: Қысым тарауын қайталау сабағы - теория, эксперимент және есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz