Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Ұлттық киім ұрпаққа мұра. тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы:Ұлттық киім ұрпаққа мұра. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып,оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту.Эстетикалық тәрбие беру. Көрнекілігі:<<Шаңырақ>> энциклопедиясы.ұлттық киімдер мен әшекейлер(сәукеле,шапан,білезік, сырға т.б)көрмесі.Слайд арқылы көрсету.Рефераттар,нақыл сөздер. Сабақ түрі:кездесу,пікірлесу сағаты.
Шақырылатын қонақтар.
1.Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі,облыстық келіндер сыныбайқауының бас жүлдегері:Азаматова Г 2.Технология пәнінің мұғалімі:Адыева Т 3.Музыка пәнінің мұғалімі:Қалиева О.
Өтетін орны:акт залы. Залды шарлармен безендіру,тақырыпты жазып,іліп қою.Музыка аппараттары. Оқушылар ұлттық киім кию керек. Сабақ жүрісі: 1.Кіріспе сөз. 2.Сабақтың мақсатын айту. 3.Көрнекіліктермен таныстыру. 4.Шақырылған қонақтармен таныстыру. Сынып жетекшісінің сөзі Бүгінгі 10 <<Б>> сынып оқушыларының <<Сымбат>> бағыты бойынша өткізгелі отырған <<Ұлттық киім ұрпаққа мұра>> атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.Бүгінгі сабақты осы тақырыпта өткізгелі отырған себебіміз:халқымызда ата-бабларымыздан қалған,қазіргі күнімізге де кәдемізге жаратарлық мұра жетерлік.Солардың бірі қазақты өзге халықтардан ерекшелеп,ажыратып тұратын ұлттық киімі. Жас есейіп,ер жеткен соң,кез келген ұлтын сүйген,саналы азамат халқымыздың ұлттық киімінің мәні мен мазмұнын терең түсініп,оны заман талабына сай өзгертіп,ықшамдап кигенін теріс деуге болмайды.Атадан бала ширек кем туатынын ескерсек,ата бабадан артық олардан озық мәдениет жасай алмағанымызды ұмытпағанымыз абзал.Осы тұрғыдан алғанда,халқымыздың өткен тарихына,өмір тіршілігіне үңіле қарасақ,оның салт-дәстүрінде,әдет-ғұрпындаүйренер,ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғкастырар талай тағылымды ұлағат бар. Киім адамның мінез-құлқын,таным түсінігін,қоршаған ортамен қарым-қатынасын,беделін,жан-дүниесін айқындап,көрсетіп тұрады. Біздің халық киім үлгісінің адамның жасына,жыл маусымына,тұрмыс қажеттілігіне,сымбатына,үстіне қонымына,жүріп тұруына ыңғайлы болуына асқан жауапкершілікпен қараған.Қазақтың ұлттық қыз бала киімі,келіншек киімі,әсіресе,бас киімі бір-бірінен ерекше болса,ер адамдардың киімдері де бөлектенбегенімен,оның да өзіндік айырмашылықтары бар. Ұлттық киім барлық тарихи және қазіргі киімдердің бастамасы.Әрбір киімнің өзіндік мәні,мағынасы бар,соларға тоқталып өтейік. 1.Сәукеле(ол туралы Оразова А айтып,сипаттама береді.) 2.Тақия. 3.Шапан. 4.Ішік. 5.Әшекейлер туралы.
Енді кезекті қонақтарымызға берейік. 1.Азаматова Гүлжамал(ұлттық киімдері,шолпй сырғалары т.б)жалпы келіндер сынындағы шарттары туралы айтып береді. 2.Адыева Т.Киімді пішу,тігу,жарасымдылық факториясы бойынша айтып береді. 3.Қалиева О.Адамның көпшілік қоғамдық ортада өзін ұстауы,киім киінісі туралы Қонақтарға сұрақтар қойылады. 1.Киімді бағасына қарай таңдайсыз ба,әлде үйлесімділігіне мән бересіз бе? 2.Алатын киіміңіз өзіңізге үйлесіп тұр,бірақ сапасы өте нашар.Не істейсіз? 3.Киім тіккенде <<Сән>> журналынан пайдаланасыз ба,әлде өз факторияңызға сүйенесіз бе? 4.Сіз сахнада немесе шағын дастарханда,құдалықты басқаруда киімді қалай киінуім керек деп ойланасыз ба,әлде барымен базар боласыз ба? Соңғы кездері киімдерге әр түрлі әшекейлер пайдаланылып жүр.Мысалы,теледидарда <<Бәрінен де сен сұлу>> бағдарламасында қатысушыны сәндеу арқылы басқа қырынан көрсетеді.Және де ұлттық әшекейлер пайдаланады және сыйлап жатады.Осы бағдарламадан өзіңізге қандай жақтары ұнайды?
Оқушы қыздарға қандай киім үлгісін ұсынар едіңіз? <<Жалғасын тап>> ойыны(слайд арқылы) 1.Ағаш көркі жапырақ,......... 2.Анасын көріп қызын ал,........... 3.Киіміне қарап қарсы ал,.................... Абайдың өлеңдерінен : Қыз туралы: Дүрия көйлек киінген, Қыпша беліне,қынай күміс белдік түйінген. Кәмшат бөрік басында, Қара қас айдай иілген. Сылдырмақ,шолпы тағынған. Қызыл қамзол жамылған. Білезік,сырға,сақина Жалтылдап күнге шағылған. Келін туралы: Қынама бешпет киінген, Мың сәлем беріп,иілген, Той-думанның көрігі, Кең пейіл қазақ келіні, Сен не еткен ибалы ең?! Жігіт туралы: Үкілі домбыра өңгерген, Құндыз бөрік,қияқ мұрт, Ер жүзіне өң берген. Мауыты шапан жамылған, Ата салттан аспаған, Аталы сөзге тоқтаған, Әрі батыр,әрі мәрт, Халықтың сәні,үміті, Қазақтың сері жігіті, Сен не еткен кең едің?!
Қорытынды сөз: Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор роль атқарады.Әсемдікті көре,сезіне,түсіне білу адамның рухани өмірін байтады.қызықты етеді.Оған ең жоғарғы рухани ләззат сезінуге мүмкіндік береді.Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат - оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру,тіл,сөз өнерін дұрыс меңгерту,әдепті сөйлеуге баулу,олардың бойында белгілі бір адамгершілік эстетикалық мәдениетті,көркемдік талғамды,шығармашылық қабілетті тудыру.Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп,заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе,сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса,ұлттық сәнге айналып,қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе,нұр үстіне нұр болар еді.




Қыз туралы.
Дүрия көйлек киінген, Қыпша беліне,қынай күміс белдік түйінген. Кәмшат бөрік басында, Қара қас айдай иілген. Сылдырмақ,шолпы тағынған. Қызыл қамзол жамылған. Білезік,сырға,сақина Жалтылдап күнге шағылған.





Келін туралы.
Қынама бешпет киінген, Мың сәлем беріп,иілген, Той-думанның көрігі, Кең пейіл қазақ келіні, Сен не еткен ибалы ең?!

Жігіт туралы.
Үкілі домбыра өңгерген, Құндыз бөрік,қияқ мұрт, Ер жүзіне өң берген. Мауыты шапан жамылған, Ата салттан аспаған, Аталы сөзге тоқтаған, Әрі батыр,әрі мәрт, Халықтың сәні,үміті, Қазақтың сері жігіті, Сен не еткен кең едің?!


Ұқсас жұмыстар
Сақып замандасым
Қазақтың салт - дәстүрлері
Ұлтты тану - ұрпақ борышы
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Туған өлкем-неткен көркем
Жұмбақтар әлемінде жұмбақтар шешу
Арғы ата
Ата - аналар сайысының кезеңдері
Ұлттық тұрғыдағы тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Пәндер