Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Етістік жайлы ақпарат
Қазақ тілі. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Мақсаттары:
1.Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, сөздік қорын,тілін дамыту;
2.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
3. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу;
Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, сызбалар
Әдістері: қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ-жауап, ассоциация құру, талдау,
жинақтау
Түрі: қорытынды сабақ
Сабақ барысы
1. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Үй тапсырмасын тексеру, қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу: осы қимылды білдіретін сөздер өсімдіктерге байланысты
айтылады, ол қандай сөздер?
Пайда болған сөздер: шығады, өседі, көктейді, гүлдейді, көбейеді, піседі,
(дәптерге жазып отырады) Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Не істейді? Не қылады? Қайтеді?
Олай болса, не істейді, не қылады? қайтеді? деген сұрақтарға жауап
беретін сөздерді қандай сөздер дейміз?
ЕТІСТІК
Сонымен, (ой жинақтау) Етістік деген не?
Ассоциация құру (сызба)
ЕТІСТІК
[pic] Сұрақтары
Түрлері
Не істеді?
Не қылды?
Қайтеді?
Дара Күрделі
ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.
а) Оқулықпен жұмыс
ә) Оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:
Топпен жұмыс: Суретке қарап етістіктерді тапқызу
Сұрақ қою, күрделі етістікке айналдыру
Ойнады, секірді, ұшты т.с.с.
Не істеді?
Ойнап отыр, секіріп тұр, ұшып кетті
Танымдық тапсырма: Берілген сөздерден етістік жаса: ой, би, сый, май
т.с.с.
Ой қорыту: Зат есім сөздеріне жұрнақ жалғау арқылы етістік жасалынады
Тапсырма: Етістіктерді тауып, сұрақ қой
Еңбек ер атандырады
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Өзіндік жұмыс: 2-3 сөзден тұратын күрделі етістіктерден сөйлем құрап жаз.
Мысалы: шауып келе жатыр .....
Ойын «Кім шапшаң». Қимылды білдіретін сөздер ата.
Биші ...., Суретші ....,
Жаңбыр жауып ...
Аспан шайдай...
Білімді бекітуге арналған сынау сұрақтары:
1.Етістік дегеніміз не?
а) заттың атын білдіретін сөздер
ә) қимыл білдіретін сөздер
б) түр, түсін білдіретін сөздер
2. Дара етістікті тап:
Оқып отыр, секірді, ойнап жүр
3. Күрделі етістікті тап:
Айналды, тапсырды, оқып жүр
4. Етістік тобын тап:
Аспан, су, егін;
қызыл, алма, кітап;
оқыды, жазды,тербеледі.
ІІІ.Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Бағалау парағы бойынша бағаланады
Үйге тапсырма: 125 - жаттығу түсіндіріліп беріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz