Bde- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері

Сабақтың тақырыбы : «BDE- дегі мәліметтер қоры қосымшасын құру компоненттері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Псевдонимді және мәліметтер қоры кестесін құруды үйрету. TTable, TDatasource, TDBGrid, TDBEdit, TDBNavigator компоненттерімен таныстыра отырып, оларды бағдарламалауда қолдану ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін, ақпараттық мәдениетін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) .

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, мәліметтер қоры.

Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, интерактивті тақта, Delphi интегралды ортасы, электрондық әдістемелік нұсқау, презентация, видеофайл DatabaseDesktop утилатасы, BDE Administrator қосымшасы, Hyper Test 1. 0 және VyChat бағдарламалары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: Презентацияда берілген тапсырмаларды орындау негізінде үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру үшін берілетін сұрақтар:

  1. Мәліметтер қоры туралы түсінігіңіз?
  2. Деректер қорын жасақтауға және пайдалануға арналған бағдарламалық жүйелерді сәйкестендіріңіз
Дербес басқарылатын деректер қоры
DBase
InterBase
FoxBase
Oracle
FoxPro
Дербес басқарылатын деректер қоры: Алыстан басқарылатын деректер қоры
DBase: Informix
Дербес басқарылатын деректер қоры: Paradox
Дербес басқарылатын деректер қоры: Microsoft SQL Server
Дербес басқарылатын деректер қоры: Access
Дербес басқарылатын деректер қоры: Sybase

3. Деректер файлының орналасуына қарай мәліметтер қоры қалай бөлінеді?

4. Топ оқушыларының мәліметтерінен тұратын 2 кесте құрыңыз және байланысты көрсетіңіз

5. Дербес басқарылатын деректер қорының қасиеттері:

  • Деректер қоры бір компьютердің қатқыл дискісінде сақталады.
  • Желімен байланысатын екінші бір компьютер құрылғысында
  • Бағдарламаның клиенттік бөлігі бар
  • Бағдарламаның сервистік бөлігі бар
  • Бірнеше қолданушы кезегін ұйымдастыратын арнайы әдіс қолданылады

6. Алыстан басқарылатын деректер қорының қасиеттері:

  • Деректер қоры бір компьютердің қатқыл дискісінде сақталады.
  • Желімен байланысатын екінші бір компьютер құрылғысында
  • Бағдарламаның клиенттік бөлігі бар
  • Бағдарламаның сервистік бөлігі бар
  • Бірнеше қолданушы кезегін ұйымдастыратын арнайы әдіс қолданылады

7. Дербес басқарылатын МҚ құруға арналған қандай бағдарламалық жүйемен таныстық? Қалай іске қосылады?

8. Database Desktop утиллитасында жаңа кесте қалай құрылады?

Осы берілген тапсырмаларды оқушылаға тақтада біртіндеп орындату. Топтың қалған оқушыларына келесідей бақылау сұрақтарын беріп, оның жаубын VyChat бағдарламасы көмегімен сервер компьютерге жібереді.

1. Жазба дегеніміз не?

2. Өріс дегеніміз не?

3. Алыстан басқарылатын МҚ-да клиенттік бөліктің қызметі?

4. Дербес басқарылатын МҚ-да клиенттік бөліктің қызметі?

5. Сұраныс дегеніміз?

6. Қағаздағы мәліметтер қорына мысал

7. Жанұяң туралы 3 өрістен тұратын кесте құрыңыз

8. Мәліметтер қоры кестесі дегеніміз?

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Жаңа сабақта оқушылардың деректер қорлары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін пысықтай отырып, Delphi интегралды ортасында мәліметтер қоры қосымшасын құруға арналған BDE беті компоненттері таныстырылады. BDE бетінің компоненттері деректерге BDE (Borland Database Engine) деректер қоры машинасы көмегімен байланысты жүзеге асырады. Дельфи ортасында деректер қорымен жұмыс істеуге арналған негізгі компоненттерді атқаратын қызметтеріне қарай үш топқа бөлуге болады:

-деректер жинағы;

-деректер көзі;

-деректерді көрсету және өзгерту; Деректер жинағы тобына жататын BDE бетінде орналасқан Table, Query, Database компоненттері деректер қорының бір немесе бірнеше кестелерінен әртүрлі тәсілдермен алынған белгілі пішімі бар жазбалар болып табылады:

Table- бір кестеден алынған деректер;

Query - бір немесе бірнеше кестеден сұраныс бойынша алынған деректер;

Database- деректер қорымен біртұтас бірлік ретінде деректер алады.

Деректер көзіне DataAccess бетінде орналасқан DataSource компоненті жатады. Ол деректерді көрсету және өзгерту компоненттері мен Table(Query) компоненттерінің арасында делдалдық қызмет атқарады.

Деректерді көрсету және өзгерту тобына DataControls бетінде орналасқан DBGrid, DBNavigator, DBMemo, DBEdit, DBText, DBImage, DBlistbox, DBComboBox, DBCheckBox, DBRadioGroup және т. б. компоненттер жатады. Деректерді көрсету және өзгерту компоненттерінің деректер қорымен DataSourse компоненті арқылы өзара байланыс механизмі келесідей:

Осы компоненттерді қолдану негізінде келесіндей деректер қорымен жұмыс жасауға арналған тапсырманы интерактивті тақтада оқушылармен бірге орындау:

1. С:\ дискісінде ATS каталогын құрыңыз.

2 . BDE Administrator утилитін іске қосамыз - Пуск/Программы/Delphi6/ BDE Administrator . Утилит терезесінің негізгі менюінен Object/New элементін таңдаңыз. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылған МҚ-ның типін өзгеріссіз қалдырыңыз (STANDARD) және ОК-ді басыңыз.

1-сурет. МҚ драйверінің типін таңдау терезесі

МҚ администраторының сол жақ терезесінде сіздер STANDARD1 атымен жазылған жолды көресіздер, оны psev_ats атына өзгертіңіз.

Оң жақ терезеде РАТН өрісіне тышқанды шертіңіз және оң жақта пайда болған үш нүктелі батырманы басыңыз. Содан кейін С:\ ATS\Table каталогын таңдаңыз және ОК-ді басыңыз (2-сурет) .

2-сурет. МҚ псевдонимінің параметрлер терезесі

Енді қосымша менюден Apply опциясын таңдау қажет. Пайда болған диалогты терезеде (онда сұралады, біз псевдоним үшін өзгерістерді сақтайсыз ба) ОК пернесін басамыз.

3. МҚ кестелерді құру үшін басты менюден File/New/Table элементін таңдаңыз. Пайда болған Create Table терезесінде құрылған терезенің типін өзгеріссіз қалдырып (Paradox) және ОК батырмасын басыңыз. Экранда МҚ кесте құрылымының терезесі пайда болады. (3-сурет) .

3-сурет. DBD утилиті: МҚ кестесінің құрылысын анықтау терезесі

Кестенің әрбір жолына өріс сәйкес келеді. Бағандардың белгіленуі:

  • File Name - өріс аты;
  • Type - өріс типі;
  • Size - өріс өлшемі (Жолдық өрістер үшін) ;
  • Key - егер өріс алғашқы кілт құрамына енсе, онда сол өріс «*» арқылы белгіленеді.

4. DatabaseDesktop программасын жүктеп, құрылымы төмендегідей болатын dan. db кестесін құрыңыз.

Өрістің аты: Өрістің аты
Типі: Типі
Өлшемі: Өлшемі
Кілттік өріс: Кілттік өріс
Қызметі: Қызметі
Өрістің аты: Kod
Типі: N
Өлшемі:
Кілттік өріс: *
Қызметі: Бағыныңқы кестемен байланыстыратын код
Өрістің аты: Fio
Типі: A
Өлшемі: 15
Кілттік өріс:
Қызметі: Абоненттің фамилиясы
Өрістің аты: Adres
Типі: A
Өлшемі: 20
Кілттік өріс:
Қызметі: Абоненттің адресі
Өрістің аты: Nomer_tel
Типі: A
Өлшемі: 8
Кілттік өріс:
Қызметі: Абоненттің телефон номері

5. Delphi программасын жүктеңіз.

6. Формаға BDE бетінен Table, DataAccess бетінен DataSource, DataControls бетінен DBGrid компоненттерін орналастырыңыз.

Table -МҚ-ымен байланыстырады.

DataSource (мәліметтер көзі) -визуальды емес компонентпен(біздің жағдайымызда Table) визуальды компонентті(DBGrid) байланыстыру қызметін атқарады.

DBGrid -мәліметтер қорын кесте түрінде көрсету қызметін атқарады.

Форманың түрі:

4-сурет. Мәліметтер қоры кестесімен байланыс орнату формасы

7. Object Inspector терезесінде компоненттердің төмендегі қасиеттеріне сәйкесінше мәндерін орналастырыңыз:

Компоненттің аты: Компоненттің аты
Қасиеті: Қасиеті
Мәні: Мәні
Компоненттің аты: DataSource
Қасиеті: Dataset
Мәні: Table1
Компоненттің аты: DBGrid
Қасиеті: DataSource
Мәні: DataSource1
Компоненттің аты: Table
Қасиеті: DatabaseName (МҚ-ның псевдонимі)
Мәні: Psev_ats
Компоненттің аты: TableName(кестенің аты)
Қасиеті: Dan. db
Компоненттің аты: Active
Қасиеті: true

8. Формаға DBNavigator компонентін орналастырыңыз.

9. DBNavigator компонентінің DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін меншіктеңіз.

DBNavigator компонентіне сипаттама:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1. 5-сурет. DBNavigator компоненті

Номер: Номер
Белгіленуі: Белгіленуі
Қызметі: Қызметі
Номер: 1
Белгіленуі: Nbfirst
Қызметі: Бірінші жазбаға бару
Номер: 2
Белгіленуі: NbPrior
Қызметі: Алдыңғы жазбаға бару
Номер: 3
Белгіленуі: NbNext
Қызметі: Келесі жазбаға бару
Номер: 4
Белгіленуі: NbLast
Қызметі: Соңғы жазбаға бару
Номер: 5
Белгіленуі: NbInsert
Қызметі: Жаңа жазбаны енгізу
Номер: 6
Белгіленуі: NbDelete
Қызметі: Ағымдағы жазбаны өшіру
Номер: 7
Белгіленуі: NbEdit
Қызметі: Ағымдағы жазбаны редактрлеу
Номер: 8
Белгіленуі: NbPost
Қызметі: Өзгертілген жазбаның нәтижесін сақтау
Номер: 9
Белгіленуі: NbCancel
Қызметі: Ағымдағы жазбаның өзгерісін болдырмау
Номер: 10
Белгіленуі: NbRefresh
Қызметі: МҚ-ындағы ақпаратты

DBNavigator компонентінің сәйкесінше батырмаларын пайдалана отырып, кестедегі мәліметтермен жұмыс істеуге болады.

10. Кестеге мәліметтерді енгізу үшін DBNavigator, DBEdit компоненттерін қолданамыз.

Формаға DBEdit компоненттерін орналастырыңыз.

6-сурет. DBNavigator компонентінің көмегімен мәлімет енгізу формасы

11. DBNavigator компонентінің DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін меншіктеңіз.

12. DBEdit1 компонентінің төмендегі қасиеттеріне сәйкесінше мәндерін орналастырыңыз:

Компоненттің аты: Компоненттің аты
Қасиеті: Қасиеті
Мәні: Мәні
Компоненттің аты: DBEdit1
Қасиеті: Datasource
Мәні: Datasource1
Компоненттің аты:
Қасиеті: Datafield
Мәні: Kod

DBEdit2, DBEdit3, DBEdit4 компоненттерін сәйкес өрістермен байланыстырыңыз.

13. Бағдарламаны орындап, жұмысын тексереміз. DBNavigator компонентінің сәйкесінше батырмаларын пайдалана отырып, кестедегі мәліметтермен жұмыс істеуге болады.

Жаңа тақырыпты бекіту: Жаңа сабақ бойынша айтылған теориялық білім мен көрсетілген жұмысты қорытындылап, бекіту мақсатында төмендегі тапсырманы тақтада орындалған жұмысқа жалғастыра отырып орындау:

Өзіндік жұмыс:Кесте мәліметті енгізу үшін текстік редакторлар мен батырманы пайдаланамыз.

1. 7-сурет. Программалық жолмен мәлімет енгізу терезесі

Енгізу батырмасының коды:

table1. Insert; table1. FieldByName(‘kod’) . Asfloat:=strtofloat(edit1. Text) ; table1. FieldByName(‘fio’) . AsString:=edit2. Text; table1. FieldByName(‘adres’) . AsString:=edit3. Text; table1. FieldByName(‘nomer_tel’) . AsString:=edit4. Text; table1. post; table1. Active:=false; table1. Active:=true;


Ұқсас жұмыстар
Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру
Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу
Оқушылар тапсырмаларының жауаптары
Позициялық санау жүйелері
Информатикадан тест тапсрымалары
Microsoft excel кестелік процессоры. microsoft excel - мен танысу
Қуанышбек Аружан қыз қазақ қой көзді қара
"жалғау". 2-сыныпқа қазақ тілінен ашық сабақ
Delphi тілінің негізгі компоненттері
Paint графикалық редакторының құралдары жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz