Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бастауышпен қоштасу жайлы
Қ.Ыдырысов атындағы орта мектеп
Ертеңгілік
4 <<А>> сынып
Сынып жетекшісі: Сабитова М.М.
2012 жыл
ФАНФАРЫ ойнайды
1 - жүргізуші
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн.
2 - жүргізуші
Қош келіпсіздер, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі <<Қош бол, аяулы бастауыш>> атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
І бөлім:
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын имене ашқан бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!
2-жүргізуші: Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: Қ.Ыдырысов атындағы орта мектебінің көңілді де ақылды 4 <<А>> сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын! Музыка ойнайды (Өз елім) КОНФЕТИ шашу (Әжелер шашу шашады)
Бейбарыс:
Армысыздар осындағы көпшілік,
Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.
Тұрған біздер төртінші сыныбымыз
Көңілді өтсін бүгінгі,
Бастауышпен қоштасу күн-кешіміз!
Бекболат:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып қарсы аламыз Сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Диана:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Диана:
-Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Әсемгүл:
* Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Бекболат:
* Ермек, біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Ермек:
* Дұрыс айтасың, Бекболат! Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Бекболат: Олай болса, алғашқы бөліміміз: <<Ұстаз ұлағаты>> деп аталады.5 оқушы шығады:
Ұ - ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
С - салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Т - танымал Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А - ардақты Білім - ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
З - зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
деген жылы сөзбен алғашқы ұстазымыз Сабитова Марал Мурзагуловнаны ортаға шақырамыз!
Мариям: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
Аружан: Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
Шыңғыс: Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
Айхан: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Ермек:
Бала десе ойламайды өз қанын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса, тұрса тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі
Аялаймын олар басқан әр ізді
Арманым сол талабына қадірлі
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.
Алтынгүл:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады - ай, қажымай.
Ермек:
Ел ардақтап ғұламаның есімін,
Біз тербеттік даналықтың бесігін.
Қабдыкәрім атындағы мектептің,
Салтанатпен ашқан едік есігін.
Аружан:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Бекболат:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын <<Ұстазым>> деп басымды иіп.
Шыңғыс:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Бейбарыс
Ұстазым ғой әліппенні үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Шуағы мол жаз күніңдей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң
Балбырайды бал - бұл жанып жанарым.
Дархан:
* Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!
Ән <<Ұстазым>>
ІІІ БӨЛІМ:
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?
2-жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).
СЛАЙД ( суреттері көрсетіледі)
IV БӨЛІМ:
Сұлтан:
<<Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан>> болады деп бекер айтылмаған. Біз осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған, әрнәрсеге тосырқай қараған бүлдіршіндер едік. Енді, міне бүгін білімге еркін қанып, бастауыштан орта буынға аттанғалы отырмыз.
Мариям:
Дұрыс айтасың, Сұлтан. <<Ұстаз шәкіртіне білім үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді>>. Бастауышта білім алған 4 жыл ішінде біз қандай мәреге жеттік, көз жүгіртіп көрейікші.
Сұлтан:
Иә, Мариям, сыныбымызда жүзден жүйрік шыққан білімділер де, спорт өнерін бағындырған жас палуандарыиыз да, күміс көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де бар.
Мұғалім:
Халықаралық, республикалық, облыстық зерделік ғылыми зерттеулердің жеңімпазы, <<Зерде>> жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының VII республикалық байқауының І дәрежелі диплом иегері, <<Сәтпаев оқуларының>> 2 орын иегері - Камалиденов Бекболат, аудандық пән олимпиадасының жүлдегері Жетпіс Дархан, қалалық <<Самбо>> күресінен ІІІ орын иегері, аудандық және облыстық жарыстарда жоғары көрсеткіш көрсеткен <<Бөлімдегі перспективалық спортсмен>> атағын жеңіп алған Жунусов Шыңғыс, осындай атағы бар спортсмен қызымыз Болатова Асемгуль, Ақтоғай ауданының біріншілігінде қазақ күресінен 2 орын иегері - Тұрсынбаев Ермек, аудандық <<Бүлдіршін дауысы>> байқауының 3 орын иегері және Ақтоғай ауданының біріншілігінде қазақ күресінің 3 орын иегері - Орақ Бейбарыс,
2-жүргізуші:
Біздің бишілердің өнерін тамашалайық! Қыздар тобының орындауында <<Жаңбыр>> биі. Қарсы алыңыздар!
V БӨЛІМ:
Диана:
Айхан: Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Сұлтан: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Айхан:
- Дұрыс айтасың, Сұлтан! Осы біздің мектептен қаншама адам білім алған.
Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап <<Мектебім>> әнін шырқайық!
VI БӨЛІМ:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
ФАНФАРЫ ойнайды
Мұғалім: <<Баға жетпес, мәртебелі>> номинациясымен мектеп директоры Байдильдина Шолпан Муритқызы марапатталады.
2-жүргізуші: Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Шолпан Муритқызына
Алғыс айтады түлегі.
Мұғалім: <<Қамқор және мейірімді>> номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жакбаева Раиса Каиржановна марапатталады.
1-жүргізуші Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Раиса апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Мұғалім: <<Тапқыр ұйымдастырушы>> номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Каримова Алма Шайкиденқызы марапатталады.
2-жүргізуші Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің завуч осындай.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге арнап <<Чунга-чанга>> биі
фанфары
Мұғалім: <<Қадірлі емші>> номинациясымен мектеп медбикесі Макимова Сауле Елжасовна марапатталады.
1-жүргізуші: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Сауле апай,
Мың алғыс, ризамыз өзіңізге.
Мұғалім: <<Смак>> номинациясымен біздің құрметті аспазшылар Бақыт апай және Гауһар апай марапатталады.
VII БӨЛІМ:
2-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1 - оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,- депті қарт.
2 - оқушы
* Дос табу оңай ма? - депті қарт.
* Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, -депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, - депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана -- ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң -- қорғаушың, інің -- сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
* Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
* Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
* Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су -- тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата -- ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
2-жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Бименен шашу шашып бишілерім!
Би <<Қара жорға>>
VIII БӨЛІМ:
Шыңғыс: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Алтынгүл: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған -- ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Аружан: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
Әсемгүл: Ыстық- ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
Дархан: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Айхан : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Сұлтан: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Мариям : Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
хор: Аман болсын,аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата-анаға мың да бір рахмет!
1-жүргізуші: Орақ Бейбарыстың орындауында <<Әкеме>> әні
2-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
IX БӨЛІМ:
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға куәлік табыс етеміз.
ФАНФАРЫ:
Мұғалім: Куәліктер беру үшін сахнаға Шолпан Муритқызын шақырамыз.
Куәлік оқылады, әр оқушыға арналған тақпағы оқылады.
Диана мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Аружан адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.
Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате істі әрқашан мойындатар.
Әр ісіне жауапты Сұлтан
Арманың болашақта орындалар.
Сахнада ойнаса талдырады,
Өлең оқыса жүректі жандырады.
Аудандық олимпиада жүлдегері, атағы бар.
Дархан артқа өз ізін қалдырады.
Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,
Мінекей ұшып барады ерке құсым.
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,
Мариям - сен еліміздің ертеңісің
Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Шыңғыс сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Әсемгүл болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.
Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
Ермек сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Алтынгүл мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Бейбарыстай әншіміз бар мақтанамыз,
Әніне рахаттанып шаттанамыз.
Талантымен талайды табындыртар,
Бейбарысқа ақ тілекті ақтарамыз.
Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Айхан болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.
Бекболат сондай салмақты,
Сабақ оқудан бір талмапты
Әр іске де жауапты екенін сезінумен
Кімге болса да ол ардақты
<<Алғашқы махаббат>> әні
X БӨЛІМ:
Дархан:
- Бейбарыс, біз орта буынға барғанда қандай сынып жетекшісі алады екен? Сен соны білесіңбе?
Бейбарыс:
* Иә, білемін, Дархан, бүгін біздер бастауыш буынды аяқтап, орта буынға қадам басқалы тұрмыз. Алдымызда көптеген белестер күтіп тұр. Осы белестерден тайсалмай өтейік, достар! Енді орта буынға барғанда әр уақытта қасымыздан табылатын, жанашыр болатын сынып жетекшімізді ортаға шақырайық.
Мұғалім: Айтимова Рыскүл Қайыржанқызы, сөз кезегі өзіңізде, қарсы алайық!
Дархан:
Бастауышым -Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Мариям:
Өтті қызық шағым,
Бастауышым -Балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Сұлтан:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Әсемгүл:
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Айхан:
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
Алтынгүл:
Өсті білім, санамыз
Өз отың боп жанамыз
Өрге самға барамыз
Хош, бол бастауыш сынып
Аяулы ұстаз, анамыз
Хормен Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
1-жүргізуші: Ал енді 4 <<А>> сынып түлектерінің орындауында <<Қоштасу>> вальсін тамашалаңыздар.
ФЕЙЕРВЕРК ЖАҒУ
2-жүргізуші: Осымен <<Бастауышым - балбұлағым>> атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын!
Мұғалім: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарыңды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріңе оралуларыңа тілектеспіз!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz