Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Маңғыстау мақтаныштары
-299085-196215Бағытова Кәмила Мұхаммединқызы
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы Бейнеу селосы
Бейнеу гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыныптан тыс шараның тақырыбы:
Маңғыстау мақтаныштары
Маңғыстау облысы мен Бейнеу ауданының құрылғанына 40 жыл толу мерейтойы аясында өткізілетін әдеби-танымдық, зияткерлік сайысының мақсаты - оқушыларды маңғыстаулық ақын-жыраулар шығармаларымен кеңірек таныстыру; қазіргі күнде сирек қолданылатын маржан сөздердің мағынасын таныту; жас шәкірттерді ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: 8-10-сынып оқушылары. Әр сыныптан 2 оқушы қатысып, топ болып сайысқа түседі.
І бөлім: Маңғыстау туралы бейнебаян көрсетіледі.
ІІ бөлім: 8-11-сынып оқушыларының арасындағы зияткерлік сайыс
Сайыстың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
* Бекібай Марал - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
* Аймағамбетова Сәнім - гуманитарлық пәндер ғылыми-әдістемелік кафедрасының жетекшісі
* Азанова Гүлраушан - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
* Ауанова Жазира - психолог;
* Қарабалин Жарқынбек - АӘД пәнінің мұғалімі.
Сайыстың шарттары:
Әр сыныптан 2 оқушы қатысады.
І. <<Сен білесің бе?>> (өлке тарихы, әдебиеті, өнері, географиясына арналған сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)
ІІ. <<1 әннің тарихы>> (Маңғыстау ақын-жырауларының 1 шығармасын тыңдарманға таныстыру. Ол әннің жазылуы тарихы, орындаушылары туралы айтып, әнді өзі орындауы тиіс немесе аудио не бейнежазбасын ұсынуы тиіс)
ІІІ. <<Пірдің соңы - Бекет>> Бекет ата туралы аңыздар. (Аңыздарды жатқа, мәнерлеп, тыңдарман назарына ұсынады. Әр сынып 2 аңыз айтады.)
ІҮ. Маржан сөз. (Маңғыстаулық ақын-жыраулар тіліндегі кейбір сөздердің мағынасын табу)
Ү. Есімі - ел есінде (Өлкеміздің дамуына көп үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің еңбектері)
Жүргізуші мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты, балалар! Түбегіміздің мақтанышы - қыршын кеткен ғұлама ғалым Серікбол Қондыбай: <<Маңғыстау! Оның әр пұшпағы, әр тасы - ертегі, әр төбесі мен сайы - аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз. Оны жері қандай, жер бетіндегі аталары қандай?! Бұл тұла бойы тұнған сыр елі ғой>>, - деп тамсанған екен. Сол еліміздің сыр сандығын сендер мен біздер болып, бүгін ақтарып көрейік.
І. <<Сен білесің бе?>>
(1-топтың сұрақтары)
* Маңғыстау облысы қашан құрылды? (1973 жыл 20 наурыз)
* Теңге ауылы қайда орналасқан? (Жаңаөзен қаласының маңында)
* 1920-1928 жылдары Маңғыстау облысы қандай атаумен аталады?
* Каспий теңізі дүние жүзіндегі ең үлкен көл. Ол ағынды көл ма, ағынсыз көл ма? (ағынсыз көл)
* <<Шыңырау>> дегеніміз не? (өте терең құдық)
* <<Тасбақаның дауылы>> амалы қай уақытта болады? (мамыр айында өлкеде <<тасбақа дауылы>> өтеді, тасбақа інінен шыға бастаған кезде, шаңды борандар болады)
(2-топтың сұрақтары)
* Өмірзақ ауылы қайда орналасқан? (Ақтау қаласының жанында)
* <<Үстірт>> сөзі қандай мағынаны білдіреді? (үстіңгі жұрт)
* Маңғыстаудағы ең жаңбырлы жер (Тұщыбек)
* Маңғыстау облысының ең биік нүктесі (Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, биіктігі теңіз деңгейінен 556 м жоғары)
* Маңғыстаудың бес жүйрігін ата: Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Сәттіғұл
* Бейнеу ауданындағы <<Алтыбақан>> этнографиялық-эстрадалық ансамблінің алғашқы сценарийін жазып, негізін салған кім? (Қаржаубай Жылқыбаев)
(3-топтың сұрақтары)
* Қызыләскер ауылы қай ауданның қарамағына қарайды? (Бейнеу)
* <<Қарғын>> сөзі қандай мағынаны білдіреді? (нөсер кезінде пайда болған су тасқыны)
* Біздің өңірде <<Құралайдың салқыны>> деген амал бар. Бұл амалдың қай уақытта болатынын ұғындыр (киік, қарақұйрық көкек айында лағын өргізеді)
* Маңғыстау облысының ең төменгі нүктесі (Қарақия немесе Батыр ойысының түбі, ол теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Жалпы бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүние жүзінде бесінші орынды алады)
* Маңғыстаудың жеті қайқысын ата: (Досат, Әділ, Жылкелді, Шолтаман, Тастемір, Тұрсын, Өскенбай)
* Қалса да тар заманның қауызында,
Жатталып, жеткен халық ауызында.
Кешегі өткен Қайып, Ақбөбекті,
Маңғыстау айналдырған аңызына. Маңғыстау топырағында аты аңызға айналған Қайып пен Ақбөбектің махаббатын жырға қосқан <<Ақбөбек>> поэмасының авторы кім?
Сайыстың ІІ, ІІІ кезеңдері бойынша оқушылар 1 әннің тарихын; өзінің көріпкелдігі, емшілігімен талай жанның алғысына бөленген пір ата Бекет ата туралы аңыздарын көрермен назарына ұсынады.
ІҮ. Маржан сөз. (Маңғыстаулық ақын-жыраулар тіліндегі кейбір сөздердің мағынасын табу). Әр топқа жырлардан үзінділер беріледі. Қатысушылар сол үзінділердегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіруі керек.
(1-топтың тапсырмасы)
1.Абыл жырау адайдың Сүйінқара батырына арнаған өлеңінде:
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай,
Аузына байтақ елі анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай, - деген жолдар бар. Осындағы <<қарқуар>> сөзінің мағынасын айтыңыз.
Жауабы:Маңғыстаудың көнекөз қарттарының айтуынша, теңіз бүркітінің атауы осылай аталады. Қарқуардың спиртпен қатырылған тұлыбы Жаңаөзен қаласының өлкетану мұражайында сақталған. Өзге тұқымдастарына қарағанда, қарқуардың түрі айбарлы, тұрқы үлкен. Содан болса керек, ол айбындылықтың, өжеттіліктің белгісі.
2.Қашаған жырауда:
Көзім көрген адайда,
Абыл, Нұрым, Ақтаным,
Осылар еді тақтағым.
Ақтан жырауда:
Айтқыш тақтақ жыршы өтті,
Сөз лазымын кезенген.
Сәттіғұл ақында:
Зейінге жел сөз енгесін,
Тақтағың неге кідірсін, - деген жолдар кездеседі.
Сонда <<тақтақ>> сөзінің мағынасы не?
Жауабы: Бұл сөз "шешен, ділмар", сондай-ақ "жыршы, жырау" дегенді білдіреді.
3.Нығыздап салып толтырған,
Мен өлеңнің шантағы (Сәттіғұл Жанғабылұлы)
<<Шантақ>> дегеніміз не?
Жауабы: Шантақ - киім-кешек, зат, бұйым салатын ертедегі мүлік.
(2-топтың тапсырмасы)
1. Мамығын төгіп қаз бен қу,
Көлге мекен ете алмас,
Ақсұңқар құстың зарпынан.(Ақтан Керейұлы)
Осы жолдардағы зарп сөзінің мағынасын айтыңыз.
Жауабы: Бұл жерде <<зарп>> сөзі <<кесірінен, салдарынан, әсерінен>> деген мағынада тұр.
2. Жаратқан жанның жұмыласы
Он сегіз мың ғаламның.
Патшасы еді Сүлеймен. (Нұрым Шыршығұлұлы)
Зұлымдықтың белгісі -
Жұмыла жанға сенбеген. (Ақтан Керейұлы)
Осы жолдардағы <<жұмыла>> сөзінің мағынасын айтыңыз.
Жауабы: Бұл өлең жолдарында <<жұмыла>> сөзі <<көп, көпшілік, халық>> мағынасын білдіріп тұр.
3. Сәттіғұлдың:
Айладыр халқын аударып,
Біздің адай жерленді, - деген жолдарындағы <<жерленді>> сөзінің мағынасын айтыңыз.
Жауабы: Бұл сөз <<жер иелену, жерсіну>> мағынасын білдіреді. <<Жерге ие болу, жерсіну>> мағынасындағы <<жерле>> етістігін <<кімнің жерін жерлесең, соның суын суларсың>> деген мәтелдің құрамында кездестіреміз.
(3-топтың тапсырмасы)
1. Мұрат Мөңкеұлында:
Астана жұртын айналып,
Ерлері еңсеп желген жер, - деген жолдар бар. Осы өлең жолдарындағы <<еңсеп>> сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жауабы: Бұл жолдарда <<еңсеу>> - <<бір нәрсені қатты аңсау, қалау>> дегенді білдіреді.
2. Адай тайпасының тегін тарататын дастанында Қашаған ақын:
Атамыз - Алшын, Қыдуар,
Үдіреппіз төрт баладан, - десе, Аралбай ақын:
Жаралғалы жан болып,
Дүрегелі сан болып, - дейді. Осындағы <<дүреу>> сөзінің мағынасын айтыңыз.
Жауабы: <<Дүреу>> - <<тарау, өрбу>> деген мағынаны білдіреді.
3. Ақтан жырау:
Мен Адайдың Ақтаны,
Сөйлесем сөзім тақталы.
Бөгесе бөгет бермейтін,
Қаратаудың ақпары - деген жолдардағы <<ақпар>> сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.
Жауабы: <<Ақпар>> дегеніміз - биік шыңнан құлап ағатын су.
Ү.<<Еңбегі - ел есінде>>. Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың <<Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау - өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік>>, - деген тамаша сөзі бар. Расында да, елге еңбегі сіңіп, жақсы атымен, игілікті ісімен ел есінде жүрген арыстай азаматтар бар. Біз солардың еңбектерін біліп жүріңіздер деген мақсатта төмендегідей тапсырмаларды беруді жөн көрдік.
(1-топтың тапсырмасы)
Ол - көрнекті ақын, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф. Мамандығы бойынша құрылысшы болумен бірге, атадан қалған өнер дарыған, ата-баба рухына арналған ескерткіштер тұрғызып, атағы дүйім жұртқа танылған. Абай-Шәкәрім мұнараларын, <<Домалақ ана>>, <<Хан ордалы Сарайшық>>кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші. Ол кім? (Жауабы: Сайын Назарбекұлы)
(2-топтың тапсырмасы)
Ол - 1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1990 жылдары Бейнеу аудандық партия комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. 1994 жылы облыс әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. <<Жас коммунистер тәрбиесі>>, <<Маңғыстау - маңғаз мекенім>>, <<Өркенді өлке, өнегелі өмір>>, <<Тұлғалар тағылымы>>, <<Айгүлім менің...>> атты еңбектердің авторы. Тұщықұдық ауылы, Бейнеу ауданы, Ақтау, Даллас (АҚШ) қалаларының құрметті азаматы атағын иеленген. Ол кім? (Жауабы: Дүйсенбі Әріпов)
(3-топтың тапсырмасы)
Ол - 1991 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітіріп, 1991 - 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның <<Маңғыстау географиясы>>, <<Қазақ мифологиясына кіріспе>> (1997), <<Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары>> (2000), <<Есен-қазақ>> (2002), <<Гиперборея: түс көрген заман шежіресі>> (2003), <<Арғықазақ мифологиясы>> (2004), <<Эстетика ландшафтов Мангистау>> (2005), <<Маңғыстаунама>> (2006), <<Қазақ даласы және герман тәңірлері>> (2006), <<Жауынгерлік рух кітабы>> (2006) сынды зерттеу еңбектері бар. Ол кім? (Жауабы: Серікбол Қондыбаев)
Қорытынды сөз. Әділқазылар жеңімпаз топты анықтайды.
Жүргізушінің қорытынды сөзі: - Қымбатты, балалар! Сендер бүгінгі шара барысында өлкеміздің табиғаты, өнері, мәдениеті, осы топырақта өткен танымал тұлғалардың еңбектері туралы көптеген мағлұмат алды деп есептеймін. Әрдайым ел үшін еңбек етіп, елдің, халықтың айтулы азаматтары, мақтаныштары болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz