Көктем аруы. (3 - сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)

Көктем аруы

(3 - сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)

Мұғалім сөзі:

«Қыз - өссе елдің көркі» дегенімізбен, қаракөз қыздарымыздың шын мәнінде еліміздің көркі болуы үшін олардың бойына жастайынан ұлттық сана салт - дәстүрімізді, қазақ қызына тән қасиеттерді сіңіріп, дұрыс тәлім - тәрбие беру ата-аналардың ғана емес, білім орындары мен ұстаздардың да парызы.

Мақсаты: а ) Қазақ қыздарымызды имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу

Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді бойына сіңіру.

ә) Ұлттық салтанатты киіммен және кешкі сән көйлегімен сымбат бейнесін көрсету, өзін таныстыру, сұрақтарға жауап беру мен мақал - мәтелдер арқылы, олардың ой - өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап, қана қоймай, соған үйрету және тәрбиелеу.

Безендірілуі:- Байқау өтетін орын (кітапхана) талапқа сай безендірілді. Сахнаның төр жағына байқаудың тақырыбын анық, әсем етіп жазып қою керек. Қабырғаға мыс: «Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе - елдің көркі», «Қызы бардың - назы бар» т. б. с. с.

(Сахна төріне 2 жүргізуші шығады)

1-жүргізуші. Шыңғыс.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Көктем аруы» атты мерекелік байқауымызға қош келдіңіздер1

2-жүргізуші. Елжан.

- Армысыздар, осы залға жиналған қауым1

Желпиік, ал ендеше жыр самалын.

1-жүргізуші.

Қуанайық ағайын, көктем келді жеріме,

Қошеметпен көрейік, ару шықсын төріне.

2-жүргізуші.

Құрметті осы мерекемізді бізбен бірге тойлауға келген көрермендер, ұстаздар1

1-жүргізуші.

Нұр жаусын дарындының талабына,

Күш бітсін күн қайтарар жанарына.

2-жүргізуші.

Сәт-сапар ал ендеше біз тілеиік,

Айдай сұлу арулардың қадамына. (екеуі қосылып)

1-жүргізуші.

Осы аруларымыздың өнерлерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

2-жүргізуші.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Сейналиев Асанбай ағай.

1-жүргізуші.

Мектебіміздің кітапханасышы: Алашбаева Ләззат апай.

2-жүргізуші.

Сыныбымыздың ата-аналар комитетінен: Жарылқапова Шырайкүл апай.

1-жүргізуші:

Ал енді, сахна төріне біздің аруларымызды шақырамыз.

2 -жүргізуші.

1-нөмірлі аруымыз: Оспанбекова Назерке

1-жүргізуші.

2-нөмірлі аруымыз: Дүйсенбекова Үкілім

2-жүргізуші.

3-нөмірлі аруымыз: Елемесова Амантай

1-жүргізуші.

4-нөмірлі аруымыз:Сұлтанбекова Жансая

2-жүргізуші.

5-нөмірлі аруымыз: Лесбекова Гүлзат

1-жүргізуші.

6-нөмірлі аруымыз: Жиенбаева Әйгерім

2-жүргізуші.

7-нөмірлі аруымыз:Тәжітаева Қанағат

1-жүргізуші.

8-нөмірлі аруымыз: Мейрамбекова Айдана

2-жүргізуші.

9- нөмірлі аруымыз: Орақова Альбина

1-жүргізуші.

Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы бүгінгі қонағымыз «Саудакент аруы»

Сәтмаханова Арайлымның орындауында «Жан гүлім» әнін тамашалаңыздар.

«Сәлем - сөздің анасы, алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, байқауымыздың алғашқы шарты: Арулардың өздерін таныстыруын сұраймыз.

2-жүргізуші.

Әділ қазылар аруларымыздың сайыстың бірінші шарты бойынша тиісті бағаларын беріңіздер.

2-жүргізуші.

-Асу, асудан, құстар сайрап өткендей, білім қуған арулар арманына жеткендей, келесі байқауымыз «Білім сайысы». Әділ қазылар алқасының алдындағы коньвертті алып, онда жазылған сұрақтарға жауап береміз, жауапқа 3 минут беріледі.

1-жүргізуші.

Әділ қазылар аруларымыздың екінші сайыс бойынша тиісті бағаларын беріңіздер.

1-жүргізуші.

Байқауымыздың келесі сайысы «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Ортаға аруларымызды шақырамыз. Уақыт 1минут. (Арулар алған номәрлер бойынша, кезектесіп шығады) .

1-жүргізуші: Әділ қазылар аруларымыздың 3-бөлімі бойынша алған бағаларын беріңіздер.

1-жүргізуші. Байқауымыздың келесі сайысы «Өнер сайысы». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады

2-жүргізуші Аруларымыз дайын болғанша «Жігітке жеті өнер де аз» -дегендей, сыныбымыздың жігіттерінің өнерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші. Байқауымыздың 4- шарты өнер сайысы бойынша аруларымыздың өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші. Құрметті әділ қазылар аруларымыздың 4- бөлім бойынша тиісті бағаларын беріңіздер.

2-жүргізуші. Байқауымыздың бесінші шарты «Сымбат, көрік» деп аталады. Аруларымыздың сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші. Әділқазылар байқауымыздың соңғы шартты «Сымбат көрік» бөлімі бойынша аруларымыздың тиісті бағасын беріңіздер.

2-жүргізуші. Бүгінгі мерекелік «Көктем аруы» атты байқауымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы дайын болғанша «Спорт - денсаулық кепілі» дегендей, спортшы жігіттеріміз Лесбек пен Русланның өнерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы «Саудакент аруы» біздің бүгінгі қонағымыз Сәтмаханова Арайлымның орындауында «Аппақ гүлдер» тамашалаңыздар.

2-жүргізуші. Аруларды құттықтап, жеңімпаздарды анықтау үшін әділ қазылар алқасының төрағасы Сейналиев Асанбай ағайға сөз кезегін береміз.

(Аруларды жеңісімен құттықтап, тәж кигізеді, мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласады) .


Ұқсас жұмыстар
"көктем аруы-2013" 9-11 сыныптар
Нарқызыл негізгі мектебіндегі Инабат қыздар ұйымында өткізілетін қыздар жиналысының жоспары
Қазылар алқасының төрағасы
Мектеп аруы
Ару қыздар байқауы
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Гимназия аруы
Көктем аруы сайысы
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz