Арыстан мен тышқан

Бекітемін:

Директор

«___»

№1
4 сынып. Ана тілі сабағы
№1: Тақырыбы
4 сынып. Ана тілі сабағы: «Арыстан мен тышқан» С. Торайғыров
№1: Сілтеме
4 сынып. Ана тілі сабағы: Күнтізбелік жоспар. Оқу бағдарламасы.
№1: Мақсаты
4 сынып. Ана тілі сабағы:

а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

ә ) Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.

б) Адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу. Мейірімділікке тәрбиелей отырып, зұлым, мейірімсіз, қатігез болудан аулақтау.

№1: Түйінді идея
4 сынып. Ана тілі сабағы: Адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсету.
№1: Оқыту нәтижесі
4 сынып. Ана тілі сабағы: Балалар қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиеленеді.
№1:
4 сынып. Ана тілі сабағы: Оқытушы әрекеті
Оқушы әрекеті
№1: 1-тапсырма
4 сынып. Ана тілі сабағы: Мұғалім оқушылардың үй жұмысына дайындықтарын ойын ойнату арқылы тексереді.
Үй тапсырмасына дайындықтарын бағалайды. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
№1: 2-тапсырма
4 сынып. Ана тілі сабағы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен таныстырады.
Оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Авторға хронологиялық кесте толтырады.
№1: 3-тапсырма
4 сынып. Ана тілі сабағы: Мұғалім әр түрлі суреттері бар қағаздарды тарату арқылы сыныпты үш топқа бөліп, топ басшыларын сайлайды.
Сынып топтарға бөлініп отырады.
4-тапсырма
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.
Топ басшылар берілген тапсырма бойынша топ мүшелеріне жұмыстарын бөледі. Атқарылған жұмыстың дұрыстығын қадағалайды.
4-тапсырма: 5-тапсырма
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.: Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарын қорғауын талап етеді.
Топ басшылар берілген тапсырма бойынша топ мүшелеріне жұмыстарын бөледі. Атқарылған жұмыстың дұрыстығын қадағалайды.: Топ белсенділері шығып жұмыстарын қорғайды. Топ басшылары кім қандай жұмысты қалай атқарғанын айтып шығады.
4-тапсырма: 6-тапсырма
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.: Нақты сұрақ-дәл жауап жұмысын өткізеді.
Топ басшылар берілген тапсырма бойынша топ мүшелеріне жұмыстарын бөледі. Атқарылған жұмыстың дұрыстығын қадағалайды.: Мысал бойынша құрылған концептуалдық кестені толтырады.
4-тапсырма: 7-тапсырма
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.: Мұғалім оқушыларға өтілген сабаққа рефлексия жасауды ұсынады.
Топ басшылар берілген тапсырма бойынша топ мүшелеріне жұмыстарын бөледі. Атқарылған жұмыстың дұрыстығын қадағалайды.: Оқушылар бағдаршам түстері арқылы өз ойларын білдіреді.
4-тапсырма: Үйге тапсырма
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.:
  1. Мысалды мәнерлеп оқу;
  2. «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.
4-тапсырма: Қайнаp көзі
Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді.:

Ана тілі 4-сынып. Атамұра 2011ж.

Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» С. Торайғыров

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

ә) Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.

б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқу технологиялары.

Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық.

2) Керек құралдарын алғызу.

3) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді. )

1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;

2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;

3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.

ІІІ. Жаңа сабаққа

Адалдық Сыйластық

Қайрымдылық Қамқорлық

Жанашырлық Кішіпейілдік

Мұғалім:

  • Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге, тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.

«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.

( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу. )

Авторға хронологиялық кесте толтыру

1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?

2 топ. Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?

3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Сөздікпен жұмыс.

Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.

Азат - еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.

  • Мысалмен танысу.
  • Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Рөлге бөліп оқу.
  • Іштей оқу.

Нақты сұрақ - дәл жауап.

  • Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
  • Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
  • Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
  • Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
  • Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
  • Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?

Ұқсас жұмыстар
Арыстан мен тышқан мысалын сахналау
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) Арыстан мен Тышқан
Тышқанның әрекеті
Жаман қасиеттері жаз
Арыстан мен тышқан жайлы ақпарат
Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Арыстан мен тышқан 4-сынып ана тілі
Нұрдәлет ақыштың "компьютер жанындағы жанжал" әңгімесі
Арыстан мен тышқан 4 сынып
Қастек баянбаев <<араша>>
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz