Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

<<жыл құстары>>. графика, пастель, карандаш, акварель

26.10.2013ж
Тақырыбы: <<Жыл құстары>>. Графика, пастель, карандаш, акварель.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жыл құстары жайында, олардың қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін әсері жайлы мағлұмат беру. Тыныс-тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қадірлеуге, құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру.
Сергіту сәті.
Үй тапсырмасын бағалау.
Тақырыбы: <<Қазақстанның көне қалалары.>>
Оқушылардың өздері бірін-бірі бағалау. Блум таксономиясы бойынша бағалау.
Критериалары: 1. Тапқырыптан ауытқымау
2. Толық боялуы.
3. Компоновка. (нысанды дұрыс орналастыру).
4. Көкжиектің дұрыс орналасуы.
5. Жарық пен көлеңке.
Жаңа сабақ: <<Жыл құстары>>. Венн диаграммасы.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: <<Аққу>> тобы, <<Қарлығаш>> тобы, <<Тырналар>> тобы. Әр топ өзіне топбасшы сайлайды.
Топпен жұмыс: топ атауындағы құстарды бірігп бейнелейді. Атауына сай құстарға мінездеме беру, сол құстар жайында мағлұмат жинап, өз тобын қорғап шығуы тиіс.
Топтар өзара бірін-бірі Блум таксономиясы бойынша бағалайды.
Оқушының аты-жөні
Критериалар
Білу.
Үй жұмысы
Түсіну.
Жаңа сабақ.
Қолдану.
Постер.
Талдау.
Постерді қорғау.
Жинақтау.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.

Қарлығаш -- торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.
Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3 -- 7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады.
Аққулар -- қазтәрізділер отряды, өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті . Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу - жұп құрып тіршілік етеді. Су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы ұясына 3 - 7-ге дейін жұмыртқа салады. 29 - 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында - Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққулар - табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.
Ақ тырна -- тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір -- мамыр) және күзгі (тамыз -- қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында,Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір -- мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Көкек. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкек бар. Ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Көкектер - жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты
Ақ дегелек - дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Ақ дегелек - жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Балапандарын ұядан 70 - 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек - жыл құсы. Тамыз - қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. Африка, Азияның оңтүстігінде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді.
Барылдауық үйрек - үйректер тұқымдасына жататын ірі құс. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Барылдауық үйрек - жыл құсы. Көктемде ұшып келеді, қамысты қопа ішіндегі ұяларына 7 - 11 жасыл түсті жұмыртқа салады, оны мекиені 26 күндей басады. Күзде (қазан - қараша айларында) қыстауға ұшып кетеді. Барылдауық үйрек балдырлармен, су өсімдіктерінің тұқымдарымен және ұсақ жәндіктермен, ал күзде дәнді дақылдармен де қоректенеді. Дәмді еті үшін ауланады.
Қаз - үйрек тұқымдасына жататын құс. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Қаз майы - үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.
Қорытындылау:
* Графика дегеніміз не?
* Графиканың қандай түрлерін білесің?
* Пастель сөзінің мағынасы не?
* Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
* Бүгінгі сабақ ұнадыма?
* Несімен ұнады, немесе несімен ұнамады?
















<<Абай орта мектебі>> ММ

Ашық сабақ:
<<Жыл құстары>>
5 <<б>> сыныбы
Пән мұғалімі: Айбосынова З.

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау
Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың тақырыбы
Бейнелеу өнерінің бастауы
Қызыл сары
Графика өнері. Гравюра
Бояумен сурет салу
Қыс көрінісі, ашық сабақ 2 сынып
"Натюрморт түстік шешімін табу."
Ұстаздар күніне арналған ашық хат
Наурыз эмблемасы
Пәндер