Бастауыш сыныпқа арналған Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар тақырыбындағы сабақ жоспары

Қостанай облысы

Аманкелді ауданы

Қарасу ауылы

Жасбуын жалпы білім беретін

орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Оскина Күлдірген Әбдуалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты: 1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін, оқушылардың

тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға,

салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.

3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп

пайдалануға үйрету.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ой толғау, суреттер сөз жұмбақ семантикалық карта, тәжірибе жасау.

Күтілетін нәтиже: Алға қойған мақсатқа жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, ескерлігін, біліп қана қоймай, оны дамытады. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттері шындалады.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау (2-3) сұралады

3. Үй тапсырмасын қорытындылау

4. Жаңа сабақты түсіндіру

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

Жоспар:

Кіріспе

Психологиялық дайындық

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Тәжірибе жасау

Сызба-кесте толтыру

Өзіңді тексер

Үйге тапсырма

Пайдалы қазбалар

жанғыш кенді кенсіз

Көмір, шымтезек, Темір кені Гранит, әктас, құм, саз, мұнай, табиғи газ ас тұзы

Тәжірибе

  • Стақандағы суға тұз салып, қасықпен араластыру дәмін татып көру, оның түсін және судағы еру деңгейін анықтау.
  • Бір ыдысқа таза су, ал екінші ыдысқа тұзды су құйылған. Екі шикі жұмыртқаны алып ыдыстарға салу. Тұздалған судағы жұмыртқа қалқып тұрады ал таза судағы жұмыртқа батып кетеді.

Нәтиже: тұзды суға ештеңе батпайды.

Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.

Тас көмір, құм Мұнай, саз

1. Жанғыш 9. Су өткізгіш

2. Қатты 10. Сусыма

3. Сұйық 11. Судан жеңіл

4. Судан ауыр 12. Газтәріздес

5. Қара түсті 13. Ақ түсті

6. Сары түсті 14. Ериді

7. Морт сынғыш 15. Созылмалы

8. Иісі бар 16. Су өткізбейді

17. Қоңыр түсті

Қорытынды: -Сабақ саған ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Саған жаңалық болған не?
- Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?
- Өзіңді бағала.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған дүниетану сабағы: кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: 4-сыныпқа арналған сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған диалогтік сабақ жоспары
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: 4-сынып Дүниетану пәнінің ашық сабағы мен тесті
3-сынып: Пайдалы қазбалар тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік жоспары
Пайдалы қазбалар: кендер, металдар және өндіру әдістері - бастауыш сынып сабақ жоспары
Пайдалы қазбалар: түрлері, қасиеттері және Қазақстандағы пайдалану
Пайдалы қазбалар мен қара металдар: темірдің қасиеті, өндірілуі және Қазақстандағы кен орындары
Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары мен пайдалы қазбалар
Бастауыш сынып сабағы: Пайдалы қазбалардың түрлері мен қолданылуы
Дүниетану (3-сынып): Темір және түсті металдар - Пайдалы қазбалар, 10 сағат, 8-сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz