4-б сыныпқа арналған ашық сабақ: гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік сақтау жаттығулары

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Ембі қаласы №2 орта мектебінің

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Жапакова Гүлзат Санаққызы

Ашық сабақ: дене шынықтыру

Өтетін орны: спортзал

Сыныбы: 4 «б»

Сабақтың тақырыбы: Тепе-теңдік сақтау жаттығулары

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1. Білімділік: Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындау.

2. Дамытушылық:Ептілікті, қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : баяндау, түсіндіру, көрсету.

Көрнекілігі: гимнастикалық бөрене, ысқырық, доп, таяқша.

Сабақтың мазмұны
Жүктеме мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
№: 1
Сабақтың мазмұны:

Дайындық бөлімі

1. Сапқа тұрғызу

Амандасу

Мәлімет қабылдау

Сабақтың тақырыбын түсіндіру

2. Саптық жаттығулар:

Оңға, солға, кері бұрылыстар

3. Жүру.

-аяқтың ұшымен, қол жоғарыда

-қол желкеде, өкшемен жүру

-отырып жүру

4. Жүгіру.

-баяу жүгіріс

-сол жақ иықтан секіре жүгіру

-оң жақ иықтан секіре жүгіру

-қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс

5. Жалпы дамыту жаттығулары.

Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1-2алға артқа, 3-4оңға солға бұру

Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1-2оңға, 3-4солға

Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1-2жоғары, 3-4төмен

Б. қ. қол кеуде тұста, 1-2алға, 3-4жанға қолды ашып сермеу

Б. қ. қол белде, 1-2оңға, 3-4солға бүгілу

Б. қ. 1-сол аяққа еңкейеміз, 2-ортаға еңкею, 3-оң аяққа еңкею, 4-бастапқы қалып

Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде. 1-қол жоғарыда артқа шалқаю, 2-алға еңкею, 3-қол алдыда отыру, 4-негізгі тұрыс

Н. т. оң аяққа 1-2, сол аяққа 3-4 отыра бүгілу

Н. т. бір орында отырып тұру

Жүктеме мөлшері:

10-12 м

2`

2`

3`

4`

5-6рет

5-6рет

5-6рет

5-6рет

5-6рет

3-4рет

3-4рет

5-6рет

15-20рет

Әдістемелік нұсқаулар:

Саптал, түзел, тік тұр!

Кезекші рапорты

Рет-ретімен санау

1, 2 санал, 1, 2, 3 санал

Техника қауіпсіздігі.

Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:

  • бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету
  • спорттық форманы қарау

Мұғалімнің санауы бойынша.

Бәрі бірдей жасауын қадағалау,

Дененің тік болуын және тепе-тендікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.

Қаттырақ бұрылу тізені бүкпей

№: 2
Сабақтың мазмұны:

Негізгі бөлім.

Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.

-бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға, артқа жүріп өту;

-сол аяқпен бір адым ілгері аттап, екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;

-оң аяқпен бір адым ілгері аттап, сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;

-екі оқушы «қыл көпірдің» (гимнастикалық бөрененің) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып, оңға айнала бұрылып, сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру;

-бөрене үстімен жүріп келе жатып, допты лақтырып қағып алу;

-бөрене үстімен тез адымдап, жүгіріп өту;

«Сиқырлы таяқша» ойынын ойнату

Жүктеме мөлшері: 30мин
Әдістемелік нұсқаулар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Тепе-теңдік сақтау

2-3сек. Денені бір қалыпта ұстап тұру

Сол аяқ алға созылғанда тізені бүкпеу

Көпір үстінен құламай өту

Допты жоғары лақтыру, тұрып қалмай жүріп өту

Жүгіріс үстінде абай болу, қол екі жанға созулы

№: 3
Сабақтың мазмұны:

Қорытынды бөлім

1. Сапқа тұру

2. Бағалау

3. Үйге тапсырма

4. Қоштасу

Жүктеме мөлшері: 5мин
Әдістемелік нұсқаулар:

Оқушыларды толық бағалау

Бой жазу жаттығуларын орындау

Бір тізбекпен залдан шығару


Ұқсас жұмыстар
10-сыныпқа арналған гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік дағдыларын дамыту бойынша 45 минуттық сабақ жоспары
Гимнастикалық сатыдағы және гимнастикалық құралдардағы тепе-теңдік жаттығулары: сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: тепе-теңдік жаттығулары (гимнастикалық бөрене арқылы икемділік пен шыдамдылықты дамыту)
8-сыныпқа арналған дене тәрбиесі: тепе-теңдік жаттығулары мен акробатика сабақ жоспары
6 «а» сыныпқа арналған гимнастикадан ашық сабақ (сынақ): сап жаттығулары, арқанға өрмелеу және тепе-теңдікті сақтау дағдыларын тексеру
Гимнастика сабағының жоспары: әр түрлі биіктіктегі арыс, акробатикалық және тепе-теңдік жаттығулары
Ересектер тобының ашық сабағы: гимнастикалық орындықта етпетімен жатып қолмен алға тартылу және тепе-теңдікті сақтау
3-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: гимнастикалық бөрене мен орындықта тепе-теңдікті дамыту
4-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Гимнастиканың негізгі элементтері - жеңіл гимнастикалық құралдар мен жаттығулар
Батырлар ауылына саяхат: санаторлық бөбекжайда өткізілетін дене шынықтыру сабақ үлгісі - гимнастикалық орындықта тепе-теңдік пен қос аяқпен секіруді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz