9-сынып: АҚШ тарихы - Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері, 1920-жылдардағы гүлдену, Ұлы дағдарыс және Ф. Рузвельттің Жаңа бағыты

Жаңа сабақ түсіндіру & 9 Америка Құрама Штаттары

Сабақ жоспары :

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ - қа тигізген әсері
  2. 1922-1929 жылғы АҚШ - тың саясаты . Гүлдену кезеңі
  3. 1929 - 1933 жылдағы АҚШ - тағы экономикалық дағдарыс .
  4. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
  5. АҚШ - тың сыртқы саясаты .

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ - қа тигізген әсері

Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына өте пайдалы болды. Соғыс кезінде Америка қатты байып алды. Елде өнеркәсіп шапшаң дамыды. АҚШ әлемге ықпалын жүргізуге тырысты, бірақ Оған Еуропада Англия мен Франция, Азияда Жапония кедергі келтірді . АҚШ басшылығы дүниежүзі демократиялық жолмен дамуы керек деп есептеді .

2. 1922-1929 жылғы АҚШ -тың саясаты .

ХХ ғасырдың 20 жылдары АҚШ әлемде өндіретін өнімнің 44% шығарды . Машина жасау, ұшақ шығару, химия салалары маңызды орын алды . Корпарациялар елдегі өндірістің жартысын өндірді . Халықтың жағдайы едеуір жақсарды. 1928 жылы АҚШ президенті Гувер сайланды . Гувер халыққа Америка гүлденген заман деп атады . Халықтың қолында акциялар болды . Америка жұрты ақшаларын банкіге сеніп тапсырып қойды .

Дүниежүзіндегі өнеркәсіп көлемі -1928жылы

АҚШ
КСРО
Германия
Ұлыбритания
Франция
Жапония
Италия
АҚШ: 44%
КСРО: 12%
Германия: 10%
Ұлыбритания: 7%
Франция: 4%
Жапония: 3%
Италия: 2%

3. 1929 жылғы АҚШ - тағы экономикалық дағдарысы .

1929 жылы АҚШ дүркіреп тұрғанда күтпеген жерден экономикалық дағдарыс болды. Тарихта «Ұлы дағдарыс» деп аталды. Төменде тірек -сызбаға көңіл аударайық .

Өнеркәсіп 50 % қысқарды

Ұлы дағдарыс 5 мың зауыт пен фабрика жабылды

5, 5 мың банкі күйреді

13 миллион адам жұмыссыз қалды

Елді қайыршылық жайлады.

Ұлы дағдарыс АҚШ халқының тағдырына ауыр әсер етті . Елді ашаршылық, жоқшылық жайлады . Президент Гувер дағдарыстан шығару үшін түк істеген жоқ . Осындай қиын жағдайда АҚШ президенті Ф. Рузвельт сайланды .

Америка тарихында Рузвельт 4 рет сайланған президент болды . Рузвельтке Конгресс төтенше билік берді . Рузвельт реформаларын тарихта «Жаңа бағыт » деген атпен қалды. Төмендегі кестеден біз реформалар жүйесімен танысамыз.

  1. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
Қай жылы
Қабылдаған заңы
Мақсаты
Қай жылы:

1. 1933ж

4- наурыз

Қабылдаған заңы: Алтын қоры туралы
Мақсаты: Алтынды сыртқа шығармау, жасырмау
Қай жылы:

2. 1933 ж

6-наурыз

Қабылдаған заңы: Банкілерді реттеу заңы
Мақсаты: 19 мың банкіні жауып, 800 банкі қалдыру
Қай жылы:

3. 1933 ж

22-наурыз

Қабылдаған заңы: Құрғақ заңды жою
Мақсаты: Арақ сатуға рұқсат
Қай жылы:

4. 1933 ж

16-мамыр

Қабылдаған заңы:

НИРА(ҰӨҚК) - заңы

  1. Әділ бәсеке
  2. Кәсіпкер мен жұмыскер
  3. Өнеркәсіпке несие беру
Мақсаты: Өнеркәсіпті қалпына келтіру
Қай жылы:

5. 1933 ж

20-мамыр

Қабылдаған заңы: ААА(АШҚК) - заңы
Мақсаты: Ауыл шаруашылығына көмектесу. Фермерлерді қолдау
Қай жылы:

6. 1935 ж

14-тамыз

Қабылдаған заңы: Әлеуметтік қамсыздандыру заңы
Мақсаты: Жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу
Қай жылы:

7. 1937ж

5-шілде

Қабылдаған заңы: Жоғары сот реформасы
Мақсаты: Сот жүйесін өзгерту

4 . Бекіту сұрақтары - жұптық жұмыс . Деңгейлік тапсырма.

  1. Жұпқа

1. АҚШ тың тұңғыш президенті -5 балл

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды . АҚШ кімді қолдады -10

3. НИРА - заңын түсіндір-20 балл

2-жұпқа

1. АҚШ тың ұлттық валютасы -5 балл

2. Ф. Рузвельт кім -10 балл

3. Банкі деген не, Банкілерді реттеу заңы - 20 балл

3-жұпқа

1. АҚШ парламенті қалай аталады -5 балл

2. Жаңа бағыт реформасының басты мақсаты - 10балл

3. Гүлдену дәуірі деген не ?-20 балл

  1. Қортындылау

Қортындылау Венн диаграмасы арқылы және топтасыру арқылы жүргізіледі.

Қазақстан - ерекшелігі
Ортақ белгілері
АҚШ - ерекшелігі
Қазақстан - ерекшелігі:
Ортақ белгілері:
АҚШ - ерекшелігі:

Топтастыру

Оқушыларды бағалау, жаңа тақырыпты пысықтап беру . Оқушылардан түсінбеген болса сұрақтар бергізу.

Үй тақырыбы $ 9


Ұқсас жұмыстар
10-сынып Дүниежүзі тарихы: ХХ ғасыр басындағы халықаралық қатынастар, Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның салдары - сабақ жоспары
9-сынып Қазақстан тарихы: 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру мен сыртқы саясаттағы көпсалалы стратегиялық ынтымақтастық
9-сынып сабақ жоспары: Бірінші дүниежүзілік соғыс - себептері, барысы және нәтижелері
9-сынып: Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүние жүзілік соғыстың қорытындылары және Қазақстанның үлесі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы: Потсдам (Берлин) конференциясы және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы
Жапонияның Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясаты
1920-1930 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы
Антигитлерлік коалицияның құрылуы, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және БҰҰ-ның құрылуы: сабақ жоспары
40-50 жылдардағы халықаралық қатынастар: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шиеленістер және халықаралық ұйымдар
1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті: білім, ғылым, әдебиет және өнердің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz