Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп: Атабаева Гүлхан Нұралықызының бастауыш сынып математика сабақ жоспары

Атабаева Гүлхан Нұралықызы

Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұгалімі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін және есептеу дағдыларын дамыту. 2. Есепті дұрыс шығаруға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Ұжымда бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі : ойын сабақ. Әдіс-тәсілдер : сұрақ - жауап, топта. Көрнекілігі: оқулық, карточкалар. Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәтіндей Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. - Балалар, қазір бізде қандай сабақ болады? - Математика сабағының ұраны қандай еді? Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз - еңбектену. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. II . Үй тапсырмасын сұрау . «Бәйге» ойынын ойнату.

10
30
50
10: 20
30: 40
50: 60
  1. Сол жақтағы 10 - 1дм неше см бар? (10см)
  2. Ортадағы 30 - Қосудың компоненттерін ата (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
  3. Оң жақтағы 50- Азайтудың компоненттерін ата (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
  4. Сол жақтағы 20- Санды өрнектер дегеніміз не?
  5. Ортадағы 40- Әріпті өрнек дегеніміз не?
  6. Оң жақтағы 60 - 1 сағатта неше минут бар?Сергіту сәті: (балақан) Бала, бала, балақан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. III. Тақтамен жұмыс. «Кім шапшаң» ойыны. 1. Теңдеулерді шеш. I топ II топ III топ3 + а = 10 а - 3 = 7 10 - а = 3 Математикалық диктант алынады. 2. «Балық аулау» ойыны. Балық аулау арқылы 79 бен 81- дің арасындағы сандарды өсу ретімен жазу. Оларды салыстыру. 3. Қалқанқұлақ мысалдар шығарды. Тексер. (3+2) +60= 63 80-(30+40) =90 (5+4) +30=35 70+(60-40) =90 60+(70-50) =70 90-(50+20) =204. Мәселе есептер шығару (оқулықпен жұмыс) . I топ. Бір табында 90 жылқы бар, ал екінші табында одан 7 жылқы артық . Екінші табында қанша жылқы бар?II топ. Екінші табында 97 жылқы бар, ал бірінші табында одан 7 жылқы кем. Бірінші табында қанша жылқы бар?III топ. Бір табында 90 жылқы бар, ал екінші табында 97 жылқы бар. Екінші табында бірінщі табынға қарағанда қанша жылқы артық? 5. Ұзындығы 13 см кесінді сыз. Енді осыдан 2см, 3см, 10 см қысқа кесінділер сыз. 6. Оқулықтағы № 6 есепті орындарында орындайды.

+ = 10 10- =

IV . Суретте бесбұрыш бар ма?

:
:

Кел, ойнайық! Сөз құрастыр. 36-4 л 28-20п 34-4и 95-10а

18+1т 65+20а 61-40р

8
85
32
30
19
21
85
8:
85:
32:
30:
19:
21:
85:

V. Қортындылау. VI . Бағалау: жұлдызшаларды санай отырып, әр топтың, әр оқушының білімдерін бағалау. VII. Үйге тапсырма: №7 есеп


Ұқсас жұмыстар
Ашық тәрбие сағаты: Мейрімді жүрек - №81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектеп, 5 «Ә» сынып
Т. Жүргенов атындағы №123 орта мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту мен тәлімгерлік бойынша коучингтің жұмыс жоспары
№30 орта жалпы білім беретін мектеп, 3-сынып математика: Ауданды өлшеу - сабақ жоспары (Садирова С.Г.)
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп кітапханасының білім беру, тәрбие және ақпараттандырудағы рөлі
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 2008-2011 жылғы жұмысының қорытындысы
Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектептің 3-сыныпқа арналған Қызықты математика курсының оқу бағдарламасы
Математика-информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектеп тәжірибесі
Сөз таптары: зат есім - жалпы орта мектеп қазақ тілі сабақ жоспары
Ұстаз - ұрпақ мақтанышы: №4 М. Әуезов атындағы орта мектептің 9 т сынып тәрбие сағаты
С. Ғаббасов атындағы қазақ жалпы орта білім беру мектебінің 5-сыныптарға арналған Қызықты математика үйірмесінің жұмыс бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz