Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ХХІ ғасыр көшбасшысы туралы ақпарат
№4 орта мектебі
[pic]
(интеллектуалдық сайыс)
Өткізген:Тахаева С.А.
Мұханова А.Қ.
Шалқар қаласы
2013жыл
Күні: 08.11.2013
Сабақ тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарынан алған білімдері
бойынша қайталау
арқылы жинақтап одан әрі танымдылығын
арттыру.
Дамытушылық: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін
байқауға, тез
ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты
толық жеткізе білуге,қосымша
іздену.
Тәрбиелік: Достарын таңдай білуге, өзін дұрыс ұстап мәдениетті
түрде ойын, пікірін
дұрыс жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточка, слайттар.
Техникалық құралы: интерактивті тақта.
І Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, жиналған ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Өнер де, ой да, білім де,
Тұнып тұр ғой бәріңде.
Сайыскерлер білімділік білдіріп,
Көрсет ұстаз еңбегінің мәнін де.
Уа, халайық, сайыстың көрермені,
Көрінер бүгін сайыскер өнерлері.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» болуға ынтығады,
№4 орта мектептің білімді өрендері.
Ендеше бүгінгі балғындармен таныстырып өтейік.
3а – сынып –
3а – сынып –
3ә– сынып –
3ә – сынып –
4а – сынып –
4а – сынып –
4ә – сынып –
4ә – сынып –
Сайыскерлеріміздің ұпай санын есептеуші – Қанатова Бибінұр
Ойынның шарты:
І. Бәйге
ІІ. Мың бір мақал
ІІІ. Ғажайып төрттік
ІҮ. Жорға
І Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие – тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда, –дей отырып, бәйге кезеңін бастаймыз.
Сонымен бәйге кезеңі бойынша сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші
болып текшені көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса
келесі текшені көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 балдан
есептеледі. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
1. Сын есімнің сұрақтары (Қай? Қандай?)
2. Мектеп кеме, білім не? (теңіз)
3. Заттың түсін, дәмін білдіретін сөздер? (сын есім)
4. Ұзатылған қыз киетін аса қымбат, әрі әсем бас киім? ( сәукеле)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? ( күй)
6. 2*2 – нің жауабы: (төрт)
7. Бес сағатта қанша минут бар? (300 минут)
8. Көру мүшесі (көз)
Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады
Сөз мәйегі – мақал. Олай болса балаларды әдемі, өрнекті, мағыналы
сөйлеуге үйрететін мақал жарысын бастаймыз.
ІІ. «Мың бір мақал» Әр дұрыс жауап 10 ұпай
• Ананың көңілі балада, … (баланың көңілі далада)
• Қына тасқа бітеді, ... (білім басқа бітеді)
• Ер жігіт елі үшін туады, … (елі үшін өледі)
• Өзге елде сұлтан болғанша, ... (өз елінде ұлтан бол)
• Білекті бірді жығар, ...(білімді мыңды жығар)
• Туған жердің күні де ыстық, …(түні де ыстық)
• Еңбектің наны тәтті, ... (жалқаудың жаны тәтті)
• Бірлік болмай, ...(тірлік болмас)
• Туған жердей жер болмас, ...(туған елдей ел болмас)
• Оқу – білім бұлағы, ... (білім-өмір шырағы)
• Төртеу түгел болса, ...(төбедегі келер)
• Ырыс алды - ... (ынтымақ)
Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады
ІІІ.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК»
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
Ғажайып төрттікке назар салайық,
Қане шешіп алайық.
Бұл кезең бойынша оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді
таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. Ойыннан 2
оқушы шығарылады.
Математика – 10
[pic](ребустың шешуі: бөлу)
Математика – 20
5пен 8 санының көбейтіндісі (40)
Математика – 30
Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі алдында, екеуі артында, біреуі
артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз – қатар.
Қанша үйрек ұшып кележатқанын есепте? ( 10 үйрек)
Қазақ тілі – 10
Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (бастауыш пен баяндауыштан
құралған сөйлем)
Қазақ тілі – 20
Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
Қазақ тілі – 30
Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
Дүниетану – 10
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сары жаққандай.
Ұшса оқтай зулйды,
Көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)
Дүниетану – 20
Жүрек қайда орналасқан? (Сол жақ кеудеде)
Дүниетану – 30
Сезім мүшелерін ата. ( Тіл, көз, құлақ, мұрын)
Әр түрлі – 10
Қазақтың ұлы ақыны. (Абай)
Әр түрлі – 20
Қазақ тарихындағы тұңғыш рет ғарышқа ұшқан кім және қай жылы? (1991 жылы 2
қазан, Тоқтар Әубакіров)
Әр түрлі – 30
“Еті-тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім”-деп, қай түлікті айтамыз? (түйе)
ІҮ. «ЖОРҒА» кезеңі Әр дұрыс жауап 10 ұпай
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келеді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. Екі нұсқа бойынша оқушылар
жеке – жеке сұрақтарға жауап берулері тиіс.
А – нұсқа
1. 7 күн. (апта)
2. 9 мамыр қанадй мереке? (Жеңіс күні)
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? ( 42 әріп)
4. Біз қай ұлтқа жатамыз? (қазақ)
5. Жыл басы. (тышқан)
6. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
7. «А» қандай дыбыс (дауысты, жауан)
8. Уақыт бірлігі. ( сағат)
9. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
10. Ең суық мезгіл. ( қыс)
Б –нұсқа
1. 12 ай. ( жыл)
2. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
3. Алфавиттің ең соңғы әрпі қандай? (Я әрпі)
4. Алдымызға келген асты немен ішеміз? (қасық)
5. Басты байлық (денсаулық)
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады? (тұсбағар)
7. Ы қандай дыбыс? ( дауысты, жуан)
8. Көбейтуді қай амалмен тексереді? (бөлу)
9. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
10. Ең ыстық мезгіл (жаз)
ҚОРЫТЫНДЫ.
Шәкірттерден шәкірт озар білімді,
Білімдіден жүйрік шығар сан-қырлы.
Көшбасшыда алға шыққан дарынды,
Ұстазының ақ еңбегін ақтады.
Міне, біз «ХХІ ғасыр көшбасшысын» анықтайтын кезге де жеттік.
Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. (Жеңімпаз оқушы
анықталады.)
«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында
атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның
кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар
елдің жалауы ешқандай еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана
биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық
сайыс
| | | | | |
|Кезеңдер |Ұпай |Қатысатын |Ойыннан | |
| |көрсеткіштері |оқушы саны |шығатын оқушы |Ойында қалған |
| | | |саны |бала аты |
| | | | | |
|І кезең |Әр дұрыс |8 сайыскер |2 сайыскер | |
|«Бәйге» |жауап 3 ұпай | | | |
| | | | | |
|ІІ кезең |Әр дұрыс |6 сайыскер |2 сайыскер | |
|«Мың бір |жауап 10 ұпай | | | |
|мақал» | | | | |
| | | | | |
|ІІІ кезең |Жауаптарына |4 сайыскер |2 сайыскер | |
|«Ғажайып |байланысты | | | |
|төрттік» |10,20,30 ұпай | | | |
| | | | | |
|ІҮ кезең |Әр дұрыс | | | |
|«Жорға» |жауап 10 ұпай |2 сайыскер |1 сайыскер | |
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық сайыс
Бағалау парағы
| | | | | | | | |
|№ |Сайыскердің |І |ІІ |ІІІ |ҮІ |Жалпы |Жүлде-л|
| |аты - жөні |кезең |кезең |кезең |кезең |ұпай |і |
| | | | | | |саны |орыны |
| | | | | | | | |
|1. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|2. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|3. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|4. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|5. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|6. | | | | | | | |
| | | | | | | | |
|7. | | | | | | | |
|8 | | | | | | | |
|8. | | | | | | | |
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz