Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кәсіптік мерекелер

Күні: 19.04.13.
Сыныбы: 3 <<б>>.
Пәні: Дүниетану.
Тақырыбы: Кәсіптік мерекелер
Мақсаты:
1. Балалардың кәсіптік мерекелер туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Оқушыларға талдау және жинақтау әдістерін орындауды үйрету, ой-өрісін кеңейту, өз пікірлерін еркін білдіруге үйрету.
3. Оқушыларды кәсіп жұмыскерлерді құрметтеуге үйрету
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: шахтёр, дәрігер, құрылысшылардың суреттері, портреттер.
Кезеңдері
Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық



Ауа- райын бақылау

Үй тапсырмасын сұрау
Кубизм әдісі

Ребус шешу

Жаңа сабақ
Сұрақ-жауап








Әңгімелесу












Сахналау (ойдан шығару)









Сергіту сәті

Оқулық бойынша жұмыс.
Тізбектеп оқу
Сұрақ жауап

Дәптермен жұмыс



Кластер





Шығармашылық жұмыс

Бекіту
Гүл сыйлау ойыны








Қорытынды.


Үйге тапсырма.

Бағалау.
-Сәлеметсізбе балалар!
-Көңіл-күйлері қалай?
-Ендеше дүниетану сабағымызды мынау өлең жолынан бастайық.
- Құрылысшы, мұғалім мен дәрігер,
Үй салар, бала оқытар, адам емдер.
Адамның қажетіне жарап жүрген,
Мамандық иелері - нағыз ерлер.
-Өте жақсы балалар орынарына отырыңдар
-Балалар сабақты бастамас бұрын бүгінгі ауа-райын бақылайық.
-Балалар, аспаның күйі қандай бүгін?
-Ал ауаның температурасы?
-Жауын шашын қандай?
-Жел бағыты?
-Судың күйі?
-Жарайсындар балалар.
-Балалар үйге не берілді?
-Жарайсыңдар, мен қазір сендерден үй тапсырмасын кубизм әдісі арқылы сұраймын. (Кубикті айналдыру арқылы кем дегенде 6 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау )
-Тамаша, балалар, үй жұмысына жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Қанеки балалар енді назарымызды тақтаға аударыңдар!
Тақтада не көріп тұрсыңдар?
-Ендеше бүгінгі жаңа тақырыпты ашуға бізге осы ребусты шешу керек.
-Қандай бізде сөз шықты?
-Мерекелер.
-Балалар мереке дегеніміз не?
-Ал қандай мерекелердің түрлері бар?
-Дұрыс балалар бізде халықтық мерекелер, халықаралық мерекелер және кәсіптік мерекелер бар.
-Қандай халық мерекелерді білесіңдер?
-Ал халықаралық қандай мерекелер түрлерін білесіңдер?
-Ал кәсіптік мерекелер ше?
-Жарайсыңдар!
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз кәсіптік мерекелерге арналған.
-Балалар біз мерекелерді өте жақсы көреміз. Бізге мереке күндерінде демалыс береді. Мерекелер келгенде біз оған дайындаламыз шашымызды жөнге келтіреміз, киім дайындаймыз, мерекелік ас дайындаймыз. Қонақтарды, туған- туыстарды, достарымызды, таныстарымызды қонаққа шақырамыз.
-Халық мерекелерге 22 наурыз, 8 науырыз, Тәуелсіздік күні және басқалары. Ал сонымен бірге кәсіптік мерекелер бар. Жыл сайын әр түрлі мамандық иелері- дәрігерлер, мұғалімдер, полиция, шахтерлер және т.б өз мерекелерін тойлайды.
-Мысалы мұғалім күні қазаның 1 жексенбісі, полиция 26 мауысымда, энергетик 22 желтоқсанда, дәрігерлер 17 мауысымда, ғарышкерлер 12 сәуірде, шахтерлер 26 тамызда өз мерекелерін тойлайды.
-Балалар қазір мен сендерді алты топқа бөлемін.
1-топ - мұғалімдер
2-топ - дәрігерлер
3-топ - шахтёрлер
4-топ -энергетиктер.
5-топ-ғарышкерлер.
6-топ- полиция болады.
-Балалар әр топ өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан және қалай өткізілетінін ортаға шығып баяндап береді.
-Жарайсыңдар!
(видеобейне қосылады, сергіту сәтін жасаймыз)
-Енді орыңымызға отырамыз!
-Балалар енді кітаптағы 132 бетін ашып, <<Кәсіптік мерекелер>> мәтінді бір рет оқып шығамыз.
-Енді тізбектеп оқиық.
-Қанеки енді осы мәтінге байланысты сұрақтарды оқиды және оған жауап берейік.
- Мереке күндері түрлі мамандық иелеріне қандай сыйлық, атақтар табыс етіледі?
- Жиын-терін мерекесі қалай өткізіледі? Оны неліктен <<Сабантой>> деп атайды?
- Кәсіптік мерекелер кім үшін өткізіледі?
-Балалар енді барлығымыз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, бүгінгі тақырыпты жазайық. Асықпай әдемілеп жазып аламыз.
-Енді дәптерімізге мерекелер деп кластер сызамыз.

Мерекелер
Кәсіптік мерекелер Халық мерекелер
(Сабантой, (тәуелсіздік күні,
Шопандар тойы, конституция күні,
Мұғалімдер күні) 22 наурыз)
Халықаралық мерекелер
(8 наурыз, жаңа жыл)
-Балалар енді дәптерлерімізге <<менің болашақ мамандығым>> деп эссені жазамыз.
-Балалар сендер өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан және қалай өткізілетінін туралы жазуыныз керек.
(балалар жазған соң тақтаға шығып оқиды)
-Балалар кәнеки тақтаға назар аударыңдар!
-Тақтада қандай маман иесі ілініп тұр?
-Дұрыс бұл мұғалім. Жәй мұғалім емес, бұл біздің Анар апайымыз.
-Балалар бір айдан кейін сендер демалысқа шығасыңдар. Және бір жыл Анар апайыныз сендерге білімдеріңіз берген үшін, оған алғысымызды білдіру үшін, гүлді сыйлауымыз керек.
-Осы гүлдердің артында сендерге бүгінгі тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар бар.
-Қанеки балалар, дайыңсындар ма?
-Халықтық мерекелерді ата.
-Халықаралық мерекелерді ата.
-Кәсіптік мерекелерді ата.
-Мұғалім күні қашан мерекеленеді?
-Қырман тойы қашан тойланады?
-Шапандар тойын қалай тойланады?
-Сенің ең жақсы көретің мереке. Неліктен?
-Тамаша балалар, міне біз жаңа сабағымызды бекіттік!
- Сабақта не туралы айтылды?
- Бүгінгі сабақта нені білдің?
-Қандай көрмеде болдық?
-Сабақ ұнады ма?
-Қанеки балалар күнделіктеріңізді ашып, үйге 132 беттегі <<Кәсіптік мерекелер>> мәтінді оқу.
-Балалар қатысулары бойынша бағаланады.
-


Ұқсас жұмыстар
Адам және қоғам тест тапсырмалары. 3 сынып
Тік төртбұрыштың қасиеті. есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Тәуелсіздік күні
Қазақстан - егемен ел жайлы ақпарат
Республика күні
Республика күні. Оқушының әрекеті
Наурыздағы тілек туралы
Ежелгі грек өнері
Қазақтардың рухани мәдениеті, мерекелері мен ұлттық ойындары, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Оқушының көпшілігі
Пәндер